Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру пәні,міндеттері мен әдістері
Автор: lirok12 • Декабрь 11, 2022 • Доклад • 574 Слов (3 Страниц) • 269 Просмотры
Кіріспе.Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру пәні,міндеттері мен әдістері
- Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру пәні,міндеттері мен әдістері.
- Әлеуметтік медицина мен денсаулық сақтау ісін ұйымдастыру мәселелері.
- ҚР-ның Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодексі,ҚР Конституциясын,Денсаулық сақтау ісін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
- Ұлттық денсаулық сақтау ісінің негізгі қағидалары,медициналық қызмет көрсетудің біріңғай ұлттық жүйесінің негізгі қағидалары.
Әлеуметтік медицина ғылым және оқулық пән ретінде халық денсаулығына сыртқы ортаның әр түрлі жағдайлырының әсерін зерттеумен қатар бұқара халыққа қажеттілігіне сай сапалы медициналық көмек және қызмет көрсету,сондай-ақ,сол қызметті жоғары,жалпы ұлттық аймақтық,жергілікті деңгейде ұйымдастыру.
Денсаулық сақтауды басқару немесе менеджмент қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау ғылымының негізгі бөлімі ретінде қарастырылады.Денсаулық сақтау әрбір жеке адамның және бұқара халық денсаулығын сақтау мақсатымен іске асырылатын әлеуметтік-экономикалық және медициналық шаралар ретінде қаралады.Сондықтан денсаулық сақтау менеджментінде денсаулық сақтауды ұйымдастыру бастапқы міндеттерінің бірі болып саналады.Менеджменттің дамуы қазіргі кезеңде техникалық жетістіктерге тығыз байланысты бола тұра жаңадан туындаған өзекті мәселелерді ескеріп жаңа шешімдер қабылдауды көздейді.
Қазіргі заман талабына сәйкес өндірістің әр саласын басқару мәселлесіне көп көңіл бөлінуде,себебі бәсекелестікке қабілетті болу үшін шығарылған өнім,көрсетілген қызмет сапасы жоғары болу керек және тұтынушыға тек қана жоғары сапалы өнім,қызмет ұсынылуы керек.Осы тұрғыда білім беру талабына сәйкес мемлекеттік жоғары және орта білім беруде жаңа оқу стандарттары қабылданды.
Денсаулыққа әсер ететін жағдайлар және денсаулық сақтау мәселелері медицина саласында қызмет атқаратындарды оқытуда аса зор орын алатыны белгілі.
Қазіргі кезеңде біздің еліміздегі күрделі саяси-экономикалық,әлеуметтік өзгерістер қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтауды ұйымдастыру,басқару жүйелеріндегі заңдылықтарға сәйкес халыққа медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру талап етеді.Сондықтан да болашақ мамандарды(дәрігерлер,орта буындағы қызметкерлер,менеджерлер)дайындау ережелерін қайта қарап,өзгертулер енгізілді.Жоғары медициналық оқуды,бітірген маман міндетті түрде аурудың алдын алу,қоршаған ортаның өндірістік-тұрмыстық,әлеуметтік жағдайларының әсеріне байланысты халық денсаулығын зерттеу әдістеріне кешенді түрде дайындалуы көзделді.
Сонымен қатар олар отандық және шетелдік денсаулық сақтаудың негізгі ұйымдастырушылық ұстанымдарын,денсаулық сақтауды басқару және экономикалық мәселелерді шешу,емдеу-сауықтыру ұйымдарының жұмысын басқаруды,ұйымдастыруды игеру керек.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында денсаулық сақтаудағы мемлекеттік саясаттың ұстанымдары,бұрын және жаңадан қабылданған зааңнамалық құжаттарда келтірілген,олар:
-ҚР Конституциясы 30 тамыз 1995 ж.
-Қазақстан Республикасының”Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы “Кодексі(2009 ж).
...