Салықтың атқаратын қызметі
Автор: alina.ablaeva • Декабрь 6, 2022 • Практическая работа • 2,506 Слов (11 Страниц) • 225 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе.........................................................................................................................
Салық түсінігі...........................................................................................................4
Салықтың атқаратын қызметі.................................................................................5
Салықтың түрлері....................................................................................................6
Қорытынды................................................................................................................
Пайдаланылған әдебиетттер.....................................................................................
Кіріспе
Әрбір адам қандай да бір мемлекеттің азаматы болғандықтан, оның бір құраушы бөлігі ретінде есептеледі. Әрбір адамның қоғам мен мемлекет алдында атқаратын міндеттері бар. Сол міндеттердің бірі – салық төлеу міндеті. Салықтар - бұл мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде және мерзімде бюджетке төленетін қайтарусыз және өтеусіз сипаттағы міндетті ақшалай төлемдер. Салықты жер үшін, көлік үшін және тағы да басқа нәрселер үшін төлейді. Атап өткендей салық төлеу барша азаматқа міндетті іс, бірақ салық төлеуден босатылған азаматтар да бар. Олар: Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен оған теңестіріліген тұлғалар;бөлек тұратын зейнеткерелер; бірінші және екінші топтағы мүгедектер; кадрларды даярлаумен және оқытумен шұғылданатын шағын кәсіпкерлік субъектілер. Салықтардың экономикалық мәні олардың өзінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында. Салықтар каржының бастапқы категориясы болып табылады, олар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып саналады. Салықтар барлық елдерде, олардың қоғамдық-экономикалық кұрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан, ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық кұралы, мемлекеттің кірістерін және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Салық түсінігі
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салық дегеніміз халық пен компаниялардан мемлекет пайдасына жиналатың төлемдер. Осы төлемдерді мемлекет жинап бюджетті жоспарлайды. Салық мемлекеттің жұмыс істеуіне қажетті болғандықтан, салықты төлеу барлық адамдарға міндеттеледі. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің , жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай – ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады.Мемлекет құрылымының өзгеруі,өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әр бір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту,тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Мемлекетке түсетін салықтардың алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің ( бұдан кейін салықтар) жиынтығы және олардың құрылуын формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес келетін заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтар элементтері белгіленеді.Салықтың субъктісі немесе салық төлеуші – заң арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ салықтың ауыртпалығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін. Сондықтан арнайы салық төлем қызметін атқарушы — салықты ақиқат төлейтін тұлға, белгіленеді.Салықтың объектісі — салық есептелетін табыс немесе мүлік. Салықтар өте көп қырлы, мемлекеттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын, ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады. Салық элементтеріне: салық субъектісі; салық объектісі; салық базасы; салық базасын есепке алу тәртібі; салық ставкасы; салық салу бірлігі; салық заты; салықтық кезең; салықььты есептеу тәртібі; салықты төлеу мерзімі; салықтық төлеу тәсілі мен тәртібі; есеп беру кезеңі; салық жеңілдіктері мен преференциялары; салықтық бұзу үшін жауапкершілік жатады.
...