Сорғылық қондырғылардың құрылымы, атқаратын қызметі және түрлері
Автор: Abalol • Июнь 22, 2023 • Контрольная работа • 418 Слов (2 Страниц) • 239 Просмотры
Билеті № 1
- Сорғылық қондырғылардың құрылымы, атқаратын қызметі және түрлері.
Сорғылық қондырғылар барлық өндірістік кәсіпорындарда қолданылады. Жұмыс істеу әсеріне қарай сорғылардың келесі түрлері болады: поршеньді, ортадан жүгіру, тісті және т.б.
Поршеньді сорғылар қою сұйықтарды қотаруға қолданылады, сонымен қатар суды жоғары биіктіктерге соруға (5... 6 м) арналады. Поршеньді сорғылардың сипатына оның жұмысындағы поршеньнің жүрісінің біркелкі еместігі және электрқозғалтқыш жүктемесінің лүпілді болуы (сору – бос жүріс, қысу – жұмыстық жүріс) тән. Поршеньді сорғылардың жұмысы гидравликалық соққылармен бірге ере жүреді. Лүпілді жүктемені тегістеу және поршень жүрісінің тепе-теңдігін жоғарлату үшін бір сорғыға бірнеше цилиндрлер қойылады және маховик орнатылады. Поршеньді сорғылардың жұмысы кезінде қысымдық құбырдағы ысырма міндетті түрде ашық тұруы қажет, олай болмаса апатты жағдай орын алуы мүмкін. Сонымен поршеньді сорғының жұмысы тұрақты жүктемеде іске қосылатындықтан оның электрқозғалтқышы жоғары іске қосу моментін қажет етеді.
Ортадан жүгіру сорғысы (1.1 – суреті.) өте кең таралған. Бұл сорғылардың қаңқасы шиырмалы болып орындалады, оған күрекшелі жұмыс дөңгелегі орналастырылады. Іске қосар алдында ортадан жүгіру сорғысын сұйықпен толтыру қажет. Бұл сорғы қотарылатын сұйық деңгейінен төмен немесе жоғары орналасуы мүмкін. Егер сорғы қоторылатын сұйық деңгейінен төмен орналасса оны сұйықпен толтыру үшін ысырманы ашу жеткілікті, ал ол қоторылатын сұйық деңгейінен жоғары орналасса оның ішіндегі ауаны сорып сұйықпен толтыру үшін арнайы вакуум-сорғы қажет болады. Заманауи қотарылатын сұйық деңгейінен жоғары орналастырылатын ортадан жүгіру сорғыларында бұл жұмысты орындауға арнайы аккумуляторлық бөшкелер пайдаланылады. Бұл бөшкелер сорғыдан биік орналастырылады.
Сорғы сұйықпен толтырылғаннан кейін электрқозғалтқыш іске қосылады. Ортадан жүгіру сорғыларын іске қосудың үш әдісі қолданылады:
- қысымды ысырма жабық тұрғанда;
- қысымды ысырма ашық тұрғанда;
- сорғымен ысырманы бірдей уақытта қосу.
Сорғылық қондырғылардың өнімділігін реттеудің бірнеше әдістері бар:
- электрқозғалтқыштың жылдамдығын өзгерту;
- құбырөткізгішті ысырмалар арқылы дросельдеу ;
- жұмыс агрегаттарының санын өзгерту.
Сорғылық қондырғылардың өнімділігін әртүрлі реттеудің әдістерін қолдану олардың техникалық-экономикалық көрсеткіштеріне қарай энергия шығынына, агрегаттардың өзіндік құнына және олардың электржабдықтарының құрамына, сонымен қатар сорғылық станцияға қойылатын тапсырмаға байланысты жасалады.
[pic 1]
1.1 – суреті. Сорғылық қондырғының технологиялық сұлбасы.
...