Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Салықтың негізгі түрлері

Автор:   •  Февраль 12, 2019  •  Реферат  •  1,243 Слов (5 Страниц)  •  682 Просмотры

Страница 1 из 5

2.Салықтың негізгі түрлері

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне қарай ерекшеленетін түрлері пайдаланылады.Салықтар әдетте үдемелі,пропорционалды және регрессивті болып бөлінеді. Үдемелі салықта, табыстың көбею шамасына қарай оның орташа нарқы да өседі. Кім үлкен табыс тапса,ол тек салықтың үлкен сомасымен шектелмей сонымен бірге  өзінің табысының үлкен бөлігін де төлейді.

         Пропорционалды салықта,оның орташа нарқы өзгеріссіз қалады,яғни табыстың шамасына қарамастансалық салудың берілген  бір мөлшері пайдаланылады.

Кері үдемелі салықта,табыс өссе түскен сайын салықтың орташа нарқы азаяды.әдетте бұндай салықтар табыс көбейе түскен сайын,оның бірте-бірте азая түскен бөлігін талап етеді.

Қазақстан Республикасында қабылданған салық жүйесі туралы заңға сәйкес салықтың мынадай түрлері қолданылады: а)жалпы-мемлекеттік         салықтар; б)жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдар; в)жергілікті салықтар мен алымдар.                                

        Жалпымемлекеттік салықтарға мыналар жатады:қосылған құнға салынатын салық, пайдаға салынатын салық, акциздер, бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан алынатын салық,экспорт пен импортқа салынатын салық,кеден тарифі мен баж салығы,пайдалы қазбаларды геологиялық барлау және геологиялық іздестіру жұмыстарына байланысты шығындарды өтеуге жұмсалатын алым, тіркелген (ренталық) төлемдер, транспорт құралдарына салынатын салық, автотранспорт құралдарын сатып алуға салынатын салық, автотранспорт құралдарының Қ.Р-на кіріп келгені үшін төленетін ақы (басқа мемлекеттер осындай ақы енгізген жағдайда), заңды ұйымдардың мүлкіне салынатын салық, Қ.Р. азаматтарынан, шетел азаматтарынан және азаматтығы жоқ адамдардан алынатын табыс салығы ,мемлекеттік баж салығытабиғат ресурстарына салынатын салық,колхозшылардың еңбегіне ақы төлеу қорына слынатын салық. Жалпыға бірдей міндетті жергілікті салықтар мен алымдарға: жер салығы, жеке адамдардың мүлкіне салынатын салық, орман табысы, су үшін төленетін ақы, табысқа салынатын салық, кәсіпкерлік қызметтің субьектілері ретінде тіркелмеген азаматтардан алынатын алым, заңды ұйымдарды мемлекеттік тіркеуден өткізгені үшін алынатын алым, елтаңбалық алым, мұрагерлік және сыйға тарту тәртібімен ауысқан мүлікке салынатын салық жатады.

     Жергілікті салықтар мен алымдарға мыналар жатады:курорттық аймақта өндіріс мақсаттағы обьектілер құрылысына салынатын салық,курорттық алым азаматтардан алынатын мақсатты алым,жарнамаға салынатын салық,автотранспорт құралдарын,есептеу техникасы және компьютерлерді қайта сатуға салынатын салық,жергілік символиканы пайдалану хұқы үшін алым,тауар биржаларында және валютаны сату және сатып алу кезінде жасалған мәмілелерден алынатын алым,аукциондық сатудан алынатын алым,кино-телетүсірімдер өткізу хұқы үшін алынатын алым,пәтер алуға берілген рұқсаттар (ордер) үшін алынатын алым,   жергілікті аукциондар өткізу және лотореялар ойнату хұқы үшін алынатын лицензиялық алым.

        Жалпымемлекеттік салықтар Республика заңдарының негізінде орталық өкіметпен мемлекеттік бюджетке аударылады. Жергілікті салықтар тиісті территориялық жергілікті басқару органдарымен алынып жергілікті бюджетке түседі.

Халықаралық стандартта салықтарды тікелей және жанама деп те бөледі. Тікелей салықтар табысқа және мүлікке салынады. Мысалы,ондай салықтарға табыс салығы, пайдаға салынатын салық және т.б. жатады.

3.Салықтың әлеуметтік экономикалық мәні

Салықтардың экономикалық мәні олардың өздерінің функциялары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін мемлекет жұмылдыратын ұлттық табыстың бір бөлігі болып табылатындығында.

Салықтар мемлекетпен бірге пайда болды және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Адамзат дамуының бүкіл тарихы бойына салық нысандары мен әдістері өзгерді,игерілді,мемлекеттің қажеттіліктерімен сұрау салуларына бейімделеді. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі әрқашан салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен қабаттаса жүреді.

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық құрылысы мен саяси іс-бағытына қарамастан ұлттық мемлекет кірістерінің негізгі көзі–ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық құралы, мемлекеттің кірістері және бюджеттің кірістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады. Салықтарда мемлекеттің экономикалық мазмұны нақты көрінеді,ол салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні; олардың түрлері мен рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

...

Скачать:   txt (18.6 Kb)   pdf (97.5 Kb)   docx (13.6 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club