Педагогикалық қызмет атқаратын музей қызметкерлерін дайындау алғышарттары
Автор: Tazhiurazova • Июнь 13, 2019 • Курсовая работа • 19,682 Слов (79 Страниц) • 1,204 Просмотры
МАЗМҰНЫ | ||
КІРІСПЕ.................................................................................................. | 3 | |
1 | ОРТА МЕКТЕПТЕРДІҢ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ МУЗЕЙДІҢ ОРНЫ | |
1.1 | Музейлердің білім беру қызметінің қалыптасуы................................ | 9 |
1.2 | Музей педагогикасы шетел еңбектерінде.................................. | 16 |
1.3 | Әлемдік білім беру жүйесіндегі музей педагогикасының орны.......... | 20 |
2 | ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МУЗЕЙ ПЕДАГОГИКАСЫ ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ МЕКТЕП МУЗЕЙЛЕРІ | |
2.1 | Педагогикалық қызмет атқаратын музей қызметкерлерін дайындау алғышарттары.............................................................................................. | 30 |
2.2 | Алматы қаласындағы бүгінгі мектеп пен музей байланысы.................. | 35 |
2.3 | Алматы қаласындағы мектеп музейлерінің атқарған жұмыстары......... | 43 |
2.4 | Мектеп пен музей: байланыс жасау әдістері............................................ | 50 |
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................... | 59 | |
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................... | 62 | |
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы жылдары отандық музей ісі саласының дамуы, жаңа түсініктер мен бағыттарды зерттеуді қажет етуде. Соның ішінде әлі уақытқа дейін дамып келе жатқан «музей педагогикасы» түсінігіне деген қызығушылық жоғары.
Музей педагогикасы түсінігі ХХ ғасырдың басында Германияда ойлап табылып, ғылыми айналымға енгізілді. Дегенмен, музейдің ағартушылық қызметі жайлы ғылыми тұжырымдар ертеректе айтыла бастаған болатын. Ал көршілес Ресейде бұл түсінік 1980-90 жылдары енгізіле бастады. Музей педагогикасы деп музейтану, педагогика және психология пәндерін біріктіретін музейтану саласын айтамыз. Музей педагогикасы музейдің өз аудиториясымен жұмыс істеу заңдылықтарын, қағидалары мен әдістерін зерттейді. Оның негізгі міндеті музей коммуникациясының мәдени-ағартушылық аспектілерін жүзеге асыру, яғни музейдің білім беру, тәрбиелеу, адамдардың шығармашылық-танымдық қабілетін дамыту саласындағы қызметін жүзеге асырады.
Зерттеу жұмысында шетел ғалымдарының «музей педагогикасы» жайлы еңбектері қарастырылады. Қазіргі уақытта музей ісінде педагогикалық қызметтің маңыздылығын айқындау үшін музей педагогикасы жайлы еңбектерді толықтай қарастыру маңызды болып табылады. Сондай-ақ, зерттеуде білім берудегі музей мекемесінің маңызы жайлы да айталды. Осылайша, музей мекемесінің мәдени-ағартушылық институт ретіндегі қызметінің қалыптасуы мен дамуы, оның маңызы жайлы білуге болады.
Диплом жұмысында музей педагогы қандай болуы керек екендігі жайлы музейтанушылардың ғылыми еңбектеріне сүйенген мәліметтер де келтірілген. Музей педагогы жайлы еңбектер көп емес, тек музей ісі жайлы ірі еңбектердің ішінде жалпылама мәлімет келтіріледі. Сондықтан, зерттеуде музей педагогына тән қасиеттер мен қабілеттер жайында айтылады. Музей қызметкерлеріне тән педагогикалық қабілеттер жинақталып, жүйеленіп жазылды.
Қазақстанда музей ісі саласы жаңадан қалыптасқан жас ғылым салаларының бірі болып табылады. Сондықтан музей мекемелерінің атқаратын қызметтері толықтай зерттелмеген. Соның ішінде отандық музей ісінде «музей педогогикасы» түсінігі қай уақытта пайда болғандығы жайлы нақты мәлімет жоқ. Дегенмен, қазіргі уақытта музей педагогикасы музей ісінің негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Сондықтан диплом жұмысында музей педагогикасының алғаш ғылыми айналымға енгізілгенінен бастап, оның дамуы мен бағыттары қарастырылды. Отандық музей ісі әлі даму үстінде болғандықтан, зерттеу жұмысында шетелдің музей ісі саласының мамандарының еңбектері қарастырылды. Бұл еңбектерді негізге ала отырып отандық музей ісіндегі музей педагогикасы жайында мәліметтер алуға болады.
...