Басқару психологиясының теориялық негіздері ғылыми білімдер жүйесі ретінде
Автор: Aizhan Qudabaıqyzy • Февраль 2, 2021 • Лекция • 513 Слов (3 Страниц) • 1,750 Просмотры
І Модуль. Басқару психологиясының теориялық негіздері ғылыми білімдер жүйесі ретінде
1-Дәріс. Басқару психологиясына кіріспе және даму тарихы және зерттеу әдістері
Дәрістің жоспары:
1.Басқару психологиясына кіріспе
2.Басқару психорлогиясының даму тарихы
3.Басқару психологиясының зерттеу әдістері
Түйін сөздер: басқару психологиясы, басқару жүйесі, басқару және тқлға
Басқару психологиясының өзіне тән зерттеу пәні бар, ол – басқару процестерін ұйымдастыру заңдылықтарын және процесс кезіндегі адамдар арасындағы қарым қатынасты зерттеп, басқару процесінің әдістемелік негізін анықтайды.
Басқару психологиясының негізгі міндеті – басқару кезіндегі психологиялық құбылыстарды анықтау, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашу және олардың арасындағы байланыс себептеріне қорытындылар мен ұсыныстар жасау.
Басқару психологиясы ғылым мен практика ретінде жетекшілердің басқару мәдениетінің дамуы мен қалыптасуын, қызметкер тұлғасының басқаруды қолдану кезіндегі теориялық және практикалық білімдерінің негізіне керекті жағдайларды, еңбек ұжымының даму заңдылықтары ерекшеліктері мен тұлғааралық қатынастарды қарастырады.
Басқару түрi- жоғары мемлекеттік органдарды, олардың қүрылу тәртібін, өз араларында және халықпен өзара байланысын білдіретін жоғары мемлекеттік билікті үйымдастыру. Тарихта екі басқару түрі белгілі: монархия және республика.
Басқару психологиясы және зерттеу пәні.
- Еңбек әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері;
- Ақпараттарды қайта өңдеудің психологиялық ерекшеліктері;
- Адам адамды қабылдау және бір біріне әсер ету механизмдері ;
- Еңбек ұжымының және тұлғааралық қатынас қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері;
- Басқару шешімдерін қабылдаудың психологиялық ерекшеліктері және басқару іс әрекетінің психологиялық факторлары.
- Басқару деңгейі:
- Институционалды деңгей;
- Басқару деңгейі;
- Техникалық деңгей
Басқару психологиясының даму тарихы.
- XX ғасырдың бірінші жартысында.
- Еңбекті ғылыми ұйымдастыру мектебі;
- Әкімшіліктік мектеп;
- Адами қатынастар мектебі;
- Басқару ғылымы.
‘’Монархия’’ - алғашқы тарихи басқару түрі. Онда елдегі жоғары билік бір адаммен жүзеге асырылады. Мемлекет басы – монарх әдетте билікке мұрагерлік жолмен келеді және оның билігі басқа билік түрлеріне немесе сайлаушыларға бағынышты емес.
...