Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Көшбасшы бейнесі

Автор:   •  Апрель 26, 2023  •  Реферат  •  1,203 Слов (5 Страниц)  •  197 Просмотры

Страница 1 из 5

[pic 1]

                        Жазбаша жұмыс

Тақырыбы: Көшбасшы бейнесі

                                                                                   

                                                                              Орындаған: Шапай Аққу менеджмент 1 курс

                                                                               Тексерген: Алиева Жанна                        

                                                           

Алматы, 2023

       

        Кез-келген саладағы басқару жүйесінде менеджер мен көшбасшы бейнелері айқын көрініс табады. Жалпылама тұрғыда қарайтын болсақ, екі ұғымның бір-бірінен мүлде айырмашылығы жоқ секілді болып көрінуі мүмкін, алайда мүлде олай емес. Менеджер-компанияның негізгі құқықтық-нормативтік құрылымдарын сақтай отырып, өз міндетін атқаратын ресми лауазымды қызметкер, яғни оны компанияның жоғарғы басшылық бөлімі арнайы тағайындайды, ал көшбасшы дегеніміз бейресми түрде қоғам арасынан өзінің дара мінез-құлық стандарттарымен және біліктілігімен бөлініп шыққан жеке тұлға болып табылады. Көшбасшы болу бұл кәсіби біліктілікпен қатар, психологиялық, шығармашылық сана сезімнің жиынтығынан құралады және үлкен жауапкершілікті де талап етеді. Оған қоса, көшбасшы өз қарамағындағы адамдардың жеке ойлау жүйесі мен көзқарасын ұйымның мақсат, міндеттерінің негізінде өзгерту үшін жігерлендіру, манпуляция секілді әрекеттерді қолдану арқылы ықпал ете алады.

        Көшбасшы адам ресурстарын тиімді қолдану кезінде қарым-қатынас дағдылары, эмоционалды интеллект, проактивті өзіндік сана, жоспарлау және дамыту әлеуеті секілді өз бойындағы негізгі қасиеттерді жүзеге асырады.[1] Шындығына келгенде, көптеген адамдардың ортақ мақсатқа жетудегі ұстанатын негізгі бағыттарының бірі-көшбасшы бейнесіне еліктеу болып табылады. Демек, осыны ескере отырып жетекшілер жеке қасиеттеріне байланысты тәсілді, соның ішінде сыртқы көрінісі мен белсенділігіне, ақыл-ой деңгейі мен өзіне деген сенімділік қағидаларына баса назар аудара бастайды. Мен де өз мамандығымды таңдау барысында жетекшілік ету әрекеттеріне қызығушылық таныттым. Менің бұл шығармашылық ынтамды оята алған бірден-бір тұлға Илон Маск болатын.

        Ең біріншіден мені Илон Масктың балалық шақтағы қайсар әрі батыл қасиеттері мен айқын шешімділігі баурап алды. Деректерге сүйенсек, ол 1971 жылы Оңтүстік Африканың Претория қаласында дүниеге келген. Бала күніндегі қиындықтар мен келеңсіздіктерге қарамастан, көздеген мақсаттарынан бас тартқан емес. Соның негізінде ол жастайынан қарапайым үй компьютерінде бағдарламалауды үйреніп, Blastar атты ғарыштық аркада ойынын жасап шығарып, оны сату арқылы 12 жасында өзінің алғашқы 500 долларына ие болады.[2] Бұл оқиғамен танысу арқылы оның қазіргі жеткен жетістіктерінің нәтижесі бала кезіндегі осындай батылдығы мен өзін-өзі дамытудан бас тартпай, көшбасшылық етуге негізделген нық сенімділігінің нәтижесі екендігін түсіндім. Осындай ерік-жігерінің арқасында қазіргі таңда ол бүкіл ел танитын дара жетекшілік бейнесін айқындай алды. Оған қоса, бұл менің көшбасшылықтың негізгі белгілері адамның бала кезінен-ақ бойында қалыптасып келе жатқан басты ұстанымдарына негізделеді деген тұжырымды тереңірек ұғынуыма зор әсерін тигізді.

         Екіншіден, көшбасшының әр түрлі жағдайларда өз-өзін дұрыс ұстай білуі арқылы ұйымдағы адамдармен жұмыс жасауда жағдайлық тәсілді қолдануы аса маңызды болып келеді. Осыған сәйкес, Фидлердің басшылық етудегі жағдайлық теориясы бойынша тосын жағдайлардың моделі, топ жұмысының өнімділігі жетекшінің стильге дұрыс сәйкестілігіне және оның жағдайды қаншалықты бақылауда ұстай алу тәуелділігінде байланысты деп түсіндіреді. [3] Бұл жағдайда мен Илон Масктың шығармашылық жетекші рөлін айқын дәлел ретінде ұсынар едім.Себебі оның басқару жүйесі өте қатал әрі импульсивті болған. Өзім танысқан деректемелер бойынша, ол қызметкерлерінің жұмыс өнімділігі мен адалдығына сай бағалап отырған көрінеді. Егер жұмыс жүргізу кезінде осы екі сала негізінде қателіктер кетсе, онда олардан қоқысқа тастаған қалдықтар секілді бірден құтылып отырған. Менің ойымша, бұл басқару жүйесі өте дұрыс әрі тиімді, себебі осы басшылық арқылы ол өз компанияларын жоғарғы деңгейде танытып, жұмыс күшінің көлемін алға жылжыта алды. Оған қоса, осындай көшбасшылық стильінің нәтижесінде First

...

Скачать:   txt (12.4 Kb)   pdf (171.6 Kb)   docx (115.8 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club