Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Автор: S000100285 • Октябрь 4, 2020 • Эссе • 624 Слов (3 Страниц) • 856 Просмотры
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындар, ұйымдар, ғалымдар, практиктер және жай ғана қызығушылық танытатын адамдар корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік (КӘЖ) мәселелеріне немесе басқаша аталғандай корпоративтік жауапкершілік, корпоративтік этиканы ескере отырып, корпоративтік азаматтық ұстаным, тұрақты даму, жауапты бизнес және т. б. мәселелерге қызығушылық танытуда. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз не және оның мәні неде? Оның қандай құрамдас элементтері бар? Осы көпті ойландырған күрделі сауалға өзімнің ойыммен бірге фактілерді келтіріп жеткізсем.
Ең алдымен Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік дегеніміз - бұл ұйымдар өз қызметінің фирмаларға және қоғамдық саланың басқа да мүдделі тараптарына әсері үшін жауапкершілікті өзіне ала отырып, қоғамның мүдделерін ескеретін тұжырымдама болып табылады. Бұл міндеттеме заңнаманы сақтау жөніндегі заңмен белгіленген міндеттеменің шеңберінен шығады және ұйымдар қызметкерлер мен олардың отбасыларының, сондай-ақ жергілікті қоғамдастық пен тұтастай қоғамның өмір сүру сапасын арттыру үшін қосымша шараларды өз еркімен қабылдауды білдіреді.
Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік - бұл, біріншіден, ұйымдардың заңда белгіленген әлеуметтік міндеттемелерді орындауы және тиісті міндетті шығыстарды мүлтіксіз көтеруге дайындығы.
Екіншіден, корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік - бұл әлеуметтік қажеттіліктерге міндетті емес шығындарды салық, еңбек, экологиялық және басқа заңдармен белгіленген шектерден тыс, заң талаптарына емес, моральдық, этикалық себептерге байланысты өз еркімен көтеруге дайын болу.
Жалпы айтқанда корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік элементтеріне мыналар жатады:
1. бизнесті жүргізуге қойылатын барлық заңнамалық талаптарды сақтай отырып, сапасы барлық міндетті нормаларға сәйкес келетін өнімдер мен көрсетілетін қызметтерді жеткілікті мөлшерде өндіру;
2. белгілі бір әлеуметтік кепілдіктер кезінде қызметкерлердің қауіпсіз еңбек ету құқығын сақтау, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру;
3. персоналдың біліктілігі мен дағдыларын арттыруға жәрдемдесу;
4. қоршаған ортаны қорғау және орны толмас ресурстарды үнемдеу;
5. мәдени мұраны қорғауды;
6. ұйым орналасқан аумақты дамытуда биліктің күш-жігерін қолдау, әлеуметтік саланың жергілікті мекемелеріне көмек көрсету;
7. тұрмысы төмен отбасыларға, мүгедектерге, жетім және жалғыз басты қарттарға көмек;
8. бизнесті жүргізудің жалпы қабылданған заңнамалық және этикалық нормаларын сақтау.
Ал енді, мен өзім Самұрық Қазынаның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін сипаттап талдасам.
«Самұрық-Қазына» АҚ тобына кіретін ұйымдардың қызмет ауқымы көптеген адамдардың мүдделерін қамтиды, елдің бүкіл экономикасын өркендету үшін стратегиялық маңызы зор.
Жалпы айта келе «Самұрық-Қазына» АҚ тобының қызметінде мынадай бірқатар аса маңызды қағидалар орын алады, олар :
1. қоғам мүдделеріне мұқият
...