Бiрiншi аналитикалық топ катиондарының сапалық реакциялары
Автор: Самал Абдуалиева • Февраль 27, 2021 • Лекция • 678 Слов (3 Страниц) • 1,395 Просмотры
БlРlНШl АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП КАТИОНДАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Жұмыс мақсаты: I аналитикалық топ катиондарының қасиеттерiн сапалық реакцияларына тәжiрибе жасау негiзiнде үйрену
1. Жалпы сипаттамасы
Бiрiншi аналитикалық топты Li +, Na+, K+, NH4+ катиондары құрайды. Бұл топ катиондарының тұздары көбiне суда жақсы еридi. Сондықтан бұл топ катиондарының топтық реагентi жоқ. Жүйелiк талдауда олар ең соңында ерiтiндiде қалады.
Бiрiншi аналитикалық топ катиондары аяқталмаған 2 электронды және 8 электронды сыртқы электрондық қабатты иондар. Бұл катиондардың гидроксидтерi суда жақсы еридi, олар күштi негiздерге жатады: LiOH, NaOH, KOH, ал NH 4OH- әлсiз негiз.
Аммоний (NH4+ ) катионы мен калийдiң иондық радиустары жақын, сондықтан олардың аналитикалық қасиеттерi ұқсас. Олар суда нашар еритiн ақ түстi гидротартраттар NH4HC4H4O6 және KHС4Н4O6 гексахлорплатинаттар (NH4)2[PtCl6], K2[PtCl6] және сары түстi гексанитрокобальтаттар (NH4)2Na[Co(NO2)6] немесе K2Na[Co(NO2)6] түзедi.
Литий (Li+) катионы иондық потенциалының мәнiне байланысты l және II аналитикалық топ катиондары аралығында орналасқан. Сондықтан Li+ сiлтiлiк металдарға ұқсас суда еритiн күштi гидроксид түзедi, Na+ ионына ұқсас суда нашар еритiн цинкуранил ацетатын LiZn(UO2)3(CH3COO)9 . 9H2O бередi. Сонымен қатар II аналитикалық топ катиондары сияқты суда нашар еритiн карбонаттар, фосфаттар, фторидтер түзедi.
Жиi кездесетiн қосылыстардың ерiгiштiк көбейтiндiлерi 2-кестеде көрсетiлген.
2-кесте
1 аналитикалық топ катиондарының ерiгiштiк көбейтiндiлерi
Реагенттер К+
...