Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары

Автор:   •  Сентябрь 30, 2019  •  Лекция  •  1,341 Слов (6 Страниц)  •  1,410 Просмотры

Страница 1 из 6

ТАҚЫРЫБЫ:  «Жасушаның жалпы патологиясы. Организмнің зақымдануға жалпы реакциялары»

Жасушаның зардапталуы – жасушалардың құрылысы, метаболизмі және функцияларының өзгерістері.

Некроз (гр. necrosis – өлі) – тірі организмдегі тіндердің, жасушалардың өлуі, олардың тіршіліктерінің  толық және қайтымсыз тоқтауы.

Некробиоз (гр. necrosis – өлі, bios – тірі, тіршілік) – тіндегі жасушалардың бір бөлігі өлген, ал басқа бөліктердің ары қарай қызметін атқарып жүрген жағдайы.

Паранекроз (гр. para- жақын, қасында, + necrosis- өлген, өлік) – тіршілігі тоқтаған жасушаларда байқалатын өзгерістерге ұқсас қайтымды құбылыстар.

Аутолиз  (гр. auto - өзі, меншікті+ lysis-ыдырау) – құрамында гидролиздік ферменттердің әсерінен организмдегі тіндер мен жасушалардың ыдырауы.

Цитолиз (гр. cyto- жасушаға қатысы бар+ lysis-ыдырау) – жасушалардың ыдырауы.

Апоптоз (гр. apo-алып тастау + ptosis- құлау, түсу) – жасушаның тіршілігі жойылуының генетикалық бағдарламаланған механизмі. Арнайы жасушаішілік процестерді белсендіру арқылы қамтамасыз етіледі, энергияны қажет ететін процесс, алдымен ядроның пикнозы мен бөлшектенуі өтеді, ал цитоплазма содан кейін тіршілігін тоқтатады.  

Денатурация (лат. de- алып тастау, жоққа шығару, natura- табиғат) – әртүрлі әсерлерден ақуыздардың және нуклеин қышқылдарының құрылысы өзгергендіктен, олардың кәдімгі қасиеттерінің толық немесе жартылай жоғалуы.

Импеданс (лат. impinge-итеру) – тіндердің электрлік қарсыласуы.

Электр өрісі әсерінен мембананың тесілуі – күшті электр өрісінің әсерінен мембранада тесіктердің пайда болуы.

Прооксиданттар (гр. pro- алдында болатын, oxys- қышқыл) – асқын тотығу процестерді күшейтетін химиялық қосындылар мен физикалық әсерлер (оттегінің жоғары концентрациясы, темір иондары, простагландиндер мен катехоламиндер метаболизмінің өнімдері, НАДН2, НАДФН2, А және Д дәрумендері).

Антиоксиданттар (гр.anty-қарсы, oxys- қышқыл) – асқын тотығу процестерді  әлсірететін химиялық қосындылар және физикалық әсерлер (супероксиддисмутаза, глутатионпероксидаза, фосфолипаза, альфа-токоферол).

Хемилюминесценция (гр.chemi-химияға қатысты,  lumen-  жарық) – жасушадағы кейбір биохимиялық реакциялармен қабаттасатын әлсіз жарықтану.

Детергенттер (лат.detergens- тазартатын, жуатын) – беткейлік тартылысты әлсірететін заттар.

Альтерация (лат. altero- өзгерту, басқаша қылу) – жасушалар құрылысының, метаболизмінің, функцияларының өзгерістері, зардапталуы.

Дистрофия (лат. dis- бұзылыс, trophe- қоректендіру) – жасушалардың тіршілігі  бұзылуына әкелетін, олардың функциялары, пластикалық процестері,  құрылымы бұзылуымен қабаттасатын заттек алмасуларының бұзылыстары.

Амилоид (гр. amylon- крахмал, eldos- түрі) – ақуыздар алмасуы бұзылуының өнімі ретінде саналатын глобулиндер мен полисахаридтердің күрделі кешені.  

Амилоидоз – тіндерде амилоидтың жиналуымен сипатталатын дистрофияның түрі.

Гиалин (гр.hyalos- шыны) – кейбір патологиялық процестерде кездесетін, жартылай мөлдір, шыныға ұқсас, тығыз ақуыздық зат.

Гиалиноз – аралық тінде гиалиннің жиналуымен сипатталатын ақуыздық дистрофияның түрі.

Дисплазиялар (лат. dis- бұзылыс, plasis- пайда болу, алып келу, өндіру) – жасушалардың нақтылануының бұзылуы, ол жасушалардың функциялары, метаболизмі, құрылысының тұрақты өзгерістерімен сипатталады, жасушалардың тіршілігі бұзылуына әкеледі.  

Деструкция (лат. destruction- ыдырау) – жасушалардың, тіндердің қалыпты құрылысының бұзылуы, ыдырауы.

Детрит (лат. de- алып тастау, жоққа шығару,  detero- ,tritum- қажау) – тіндер ыдырауының ботқа тәріздес өнімі.

...

Скачать:   txt (19 Kb)   pdf (133.8 Kb)   docx (13.8 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club