Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу- тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру
Автор: nursana00 • Сентябрь 30, 2019 • Реферат • 1,205 Слов (5 Страниц) • 2,024 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Химия пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Тотығу-тотықсыздану реакциялары. Тотығу-
тотықсыздану реакция теңдеулерін құрастыру.
Орындаған: Серікбай Н.Н.
Тобы: 106-ФӨТҚА
Қабылдаған: Бұхарбаева А.Е
Шымкент-2019
Жоспары:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
Тотығу-тотықсыздану процестері.
Тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш.
Тотығу-тотықсыздану реакцияларының түрлері.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Тотығу-тотықсыздану реакциялары дегеніміз - реакцияға қатысатын заттардың құрамындағы элементтерінің тотығу дәрежелерін өзгерте отырып жүретін реакцияларды атаймыз.
Антуан Лоран Лавуазье XVIII ғасыр аяғында жанудың оттекті теориясын ұсынған болатын. Сол кезден бастап тотығу заттардың оттекпен қосылу процесі деп қаралса, тотықсыздану оттекті бөліп шығару процесі деп қаралған болатын.
Электрон түсінігінің химияда1920-1930 жылдарда қалыптасуына байланысты, оттектің қатыспайтын реакцияларында да тотығу-тотықсыздану реакцияларының болатындығы анықталған.
Тотығу-тотықсыздану реакция процесі көбіне электрондық теңдеумен өрнектеледі. Зарядтардың сақталу заңына байланысты тотығу-тотықсыздану реакциялары кезінде тотықтырғыш қосып алған электрондардың саны тотықсыздандырғыштың берген электрон сандарына тең болуы керек.
Тотығу-тотықсыздану процестерінің осы күнгі теорияларын біздің еліміздің С.В.Даин, Я.И.Михайленко, А.М.Беркенгейм және Л.В.Писаржевский секілді ғалымдар жасаған болатын. Бұл теориялардың басты қағидалары мыналар:
Атомның, молекуланың, ионның электрон беру процесін тотығу дейміз. Мысалы:
1) атом электронын беретін болса ол оң зарядты ионға айналады:
С1 —7ē→С1 + 7
2) теріс зарядты ион электрон беретін болса, нейтрал атомға: C1+ + ē →С10, оң зарядты ионға С1-—2ē→С1 + өзгереді.
3) оң зарядты ион электрон беретін болса, оның оң заряды берген электрон санына сәйкес өседі:
C1+ —4ē→С1+5
Молекуланың, ионның немесе атомның қосып алу процесін тотықсыздану деп атаймыз. Мысалы:
1) егер атом электронын қосып алатын болса, онда теріс зарядты ионға айналады: Сl0 + ē = Сl-
2) ал оң зарядты ион қосып алатын болса, заряд саны кеміген оң зарядты ионға: Сl + 5 + 4ē→Сl+,
нейтрал атомға: Сl+5 + 5ē→Сl0,
теріс зарядты ионға: Сl + 5+6ē→Сl- айналады.
Электронды беру процесін тотығу деп атасақ, қосып алу процесін тотықсыздану деп атаймыз.Электрон қосып алатын атомдар немесе иондар тотықтырғыш, ал электрон беретін тотықсыздандырғыш. Электрон қосып алатын зат тотықтырғыш, ал қосып алу процесі тотықсыздану деп аталады, сонда тотықтырғыштар реакция кезінде өздігінен тотықсызданады. Енді тотықсыздандырғыш электрон беретін зат, ал электрон беру процесі тотығу, сонда тотықсыздандырғыш реакция кезінде өзі тотығады. Электрон беретін процес тотығу, бірақ бұл процесте тотықсыздану процесі болмаса тотығу процесі жеке болмайды. Демек электрондардың көшуімен байланысты болғандықтан әрбір реакция қарама-қарсы екі процестің, яғни тотығу мен тотықсызданудың бірлесуі болып санналады. Қазіргі таңда осындай реакциялардың барлығын тотығу-тотықсыздану реакциялары деп атайды.
...