Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химиялық зертханаларда жұмыс орындау ережелері. I-ші аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар

Автор:   •  Октябрь 15, 2020  •  Контрольная работа  •  1,710 Слов (7 Страниц)  •  576 Просмотры

Страница 1 из 7

ТАҚЫРЫБЫ: Химиялық зертханаларда жұмыс орындау ережелері. I-ші аналитикалық топ катиондарына тән реакциялар.

МАҚСАТЫ: I-ші аналитикалық топ катиондарына тән реакциялармен, қосылыстың түпнұсқалығын дәлелдеу үшін идентификациялаумен, затты талдауға дайындаумен студенттерді таныстыру.

ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

  • катиондардың аналитикалық топтарға жіктелуі туралы түсінік қалыптастыру;
  • катиондардың І-ші аналитикалық топқа жіктелуі мен элементтердің периодтық жүйесі арасындағы байланысты көрсету;
  • І-ші аналитикалық топ катиондарының қоспасын шешудегі реттілікті түсіндіру;
  • химиялық талдаудың негізгі операцияларын (ыдыстарды жуу, қыздыру және буландыру, тұндыру, центрифугалау, сүзу, тұнбаларды еріту және жуу) орындауға үйрету;
  • аналитикалық реакцияларды орындауға (жалынның боялуы, перлдердің түзілуі, тұнбаға түсу реакциялары, түсті тамшылау реакциялары, микрокристаллоскопиялық реакциялар, газ бөліну реакциялары экстракциялық реакциялар) үйрету.

ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ:

1.

Сапалық талдау. Аналитикалық химияның фармациядағы ролі.

2.

Заттарды талдауға дайындау кезеңдері.

3.

«Құрғақ» және «сулы» жолмен орындалатын аналитикалық реакцияларға мысал келтіру.

4.

Сапалық талдауда қандай реакцияларды пайдаланады? Мысал келтіру.

5.

Қандай реакцияларды сезімтал деп атайды? І-ші аналитикалық топ катиондарының сезімтал және сезімталдығы төмен реакциялары. Оларға мысал келтіру.

6.

Аналитикалық реакцияларды орындау кезінде неліктен ерекше жағдайлар тудыру қажет? Мысалмен түсіндіру.

7.

Қандай реакцияларды спецификалық деп атайды? Мысал келтіру.

8.

Калий, натрий және аммоний тұздарын медицинада қандай мақсатқа қолданады?

САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ:

  • семинар;
  • аз топтармен жұмыс орындау;
  • есептер шығару;
  • лабораториялық жұмыстарды орындау.

АҚПАРАТТЫ-ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК

Аналитикалық химия лабораториясында жұмыс орындау ережелері және техника қауіпсіздігі. Аналитикалық химия лабораториясында қолданылатын заттардың көпшілігі улы, сондықтан жұмыс орындау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды қажет етеді. Қауіпсіздік шараларын сақтамау әдетте, өрт, жарылыс және т.б. келеңсіз жағдайлардың болуына әкеледі. Жұмыс орнында тазалық және тәртіп болуы тиіс. Барлық реактивтер таза болуы керек. Құрғақ заттарды алғанда арнайы шпательдерді қолданады. Реактивтер тұрған ыдыстардың қақпақтарын алмастыруға болмайды. Жұмыс орындаған кезде қолданылатын әрбір студенттің жеке пипеткасы мен таяқшасы таза сынауықта немесе стақанда дистилденген суда тұруы тиіс. Дистилденген суды жиі-жиі ауыстырып тұру керек. Қолданылатын ыдыстардың тазалығына аса назар аударылуы тиіс. Майлы ыдыстарды алдымен крандағы сумен, содан кейін хромды қоспамен, кейін бірнеше рет крандағы сумен, соңында дистилденген сумен шаяды және төңкеріп кебуге қалдырады. Электр құралдарымен (центрифуга, кептіргіш шкаф, муфель пеші, электроплитка т.б.) жұмыс орындағанда олармен жұмыс істеу ережесін қатаң сақтау қажет. Жұмыс соңында міндетті түрде: электр құралдарының, газ плиткасының өшірілгенін; электр жарығының сөнгенін; су крандарының жабылғанын тексеру керек. Аналитикалық химия лабораториясында жұмыс орындау кезінде студент техника қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау қажет. Лабораториялық жұмысты орындауға жұмыс жоспары дайын болған кезде, оқытушының рұқсатымен ғана кірісуі керек. Жұмысты орындау кезінде аналитикалық реакцияны орындау шартын, әсіресе оқулықта көрсетілген реактивтің мөлшерін сақтау керек.

...

Скачать:   txt (23.9 Kb)   pdf (164.9 Kb)   docx (563.6 Kb)  
Продолжить читать еще 6 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club