Әртүрлі белгілері бойынша нарық сегменттеріне салыстырмалы талдау жүргізу
Автор: akmaralbereke201 • Апрель 17, 2024 • Реферат • 549 Слов (3 Страниц) • 103 Просмотры
Әртүрлі белгілері бойынша нарық сегменттеріне салыстырмалы талдау жүргізу
Мазмұны:
1) “Herbalife Nutrition”- компаниясы
2) Компанияны нарықтық сегменттеу принциптеріне жіктеу
I) Демографиялық принцип
II) Географиялық принцип
III) Әлеуметтік – Психографиялық принцип
IV) Мінез құлықтық принцип
1) “Herbalife Nutrition”- компаниясы
“HN”- компаниясының негізін 1980 жылы Марк Хьюз деген кісі құрған.Марк Хьюз бұл компанияның тек алғашқы негізін қалаушы ғана емес, ең бірінші дистрибьюторы болып табылады.
2) Компанияны нарықтық сегменттеу принциптеріне жіктеу
I) Демографиялық принцип
Нарықты демографиялық сегменттеуді әлеуметтік-демографиялық сегменттеу деп те атайды. Бұл нарықтың барлық сатып алушыларын жыныс пен жас критерийлеріне, табысына немесе қоғамдағы әлеуметтік жағдайына қарай біртекті топтарға бөлу процесі. Бұл нарықты сегменттеудің ең кең тараған әдісі, өйткені бұл сегменттеу әдісінің критерийлері оңай өлшенеді, сондықтан сегменттердің өлшемі дәл математикалық есептеуге жарамды.
Осы принцип бойынша компанияны қарастырсақ:
Критерийлер | Сан |
Жынысы | Әлем бойынша тұтынушылардың 45% ер адамдар, 55% әйел адамдар құрайды. Қазақстан бойынша 60-70% әйел адамдар. |
Жасы | Жастық категорияға бөлетін болсақ, негізгі өнімді сатып алушылар жасы 18-70 аралығын құрайды. Компания 14 жастан аспаған балаларға кей ұсынылған өнімдерінен басқа өнімдерді қолдануға кеңес бермейді. Себебі ол әлі дұрыс дамып бітпеген организм. Сондықтанда тек ағзаны тазалап, қалпына келтіретін, жетіспейтін минерал дәрумендер ғана рұқсат етілген. |
Отбасындағы адам саны | Тұтынушылардың отбасылық жағдайы әр түрлі |
Айналысатын кәсібі | Тұтынушылар арасындаға кәсіпкерлердің түр-түрі кездеседі. Оқытушы, дәрігерден, сатушы, үйдегі ата-аналар. Пенсиядағы ата-апаларымызда. |
Табыс деңгейі | Өнімді Қазақстанда, жалақы бойынша бөлсек, орта деңгейлі халыққада қол жетімді. |
Ұлты | Әр түрлі |
II) Географиялық принцип
Географиялық нарықты сегменттеу – барлық нарықты сатып алушыларды географиялық орналасуы және географиялық өмір сүру жағдайлары сияқты критерийлер бойынша топтарға топтастыру процесі.
Компанияның әлем бойынша, 94 мемлекетте филиалдары бар. Тараздың өзінде Тәуелсіз серіктестерімен ашылған 32-33 шамасындағы клуб кездеседі. Нақты Қазақстанда, 2002 жылы филиалдары ашылған. Компания тікелей сату стратегиясымен жұмыс істейді, және әр-бір тәуелсіз серіктес, клиенттерді өзінің осы компания өнімдерін қолдану арқылы, көрсеткіштерімен бөлісе отыра, жинайды. Тәуелсіз серіктестер тек қана клубтық тұтынушылар ғана емес, үйден қашықтықтан ақпаратпен қамтамасыз ету арқылы, қадағалау арқылы, басқа өңірдегі тұтынушылармен де жұмыс жасайды. Тұтыну өнімдерін, компанияның сол мемлекетке арналған сайты арқылы заказ беріп, арнайы “өнім алу” нүктелерінен белгілі уақыттарда барып, заказ берген өнімдерін алады.
...