Саясаттың негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау
Автор: nice_man • Февраль 6, 2020 • Доклад • 1,036 Слов (5 Страниц) • 1,869 Просмотры
Саясаттың негізгі түрлеріне салыстырмалы талдау
Қоғам өмірінің саяси саласының өзіндік ерекшелігі бар. Оны қоғамдық субьектілердің қызметтерінің түрі құрайды, онсыз бір де бір қоғам ұзақ өмір сүре алмайды. Саясат саласында қауымдастықтардың ортақ қызығушылықтары мен мақсат мүдделері қалыптасады, нақты тәртіп ережелері айқындалады. Соған сәйкес адамдардың рөлі мен атқаратын қызметтері бөлініп, ортақ істерді басқаруы ұйымдастырылады. Саясаттың барлық бағыттары бір-бірімен тығыз байланысты, бірін-бірі толықтырып отырады және үнемі бір-біріне тәуелді болады. Саяси қатынастар жүйесінің барлық салаларының басты міндеті мемлекеттің саяси өмірін дамыту мен оны нығайтуға бағытталғандығын атап өтуіміз керек. Саяси қатынастардың бүкіл жүйесі қоғамның саяси ұйымдарының дамуымен сипатталады. Оның негізгі элементі болып, барлық материалдық ресурстар мен өкілеттіктерге ие, елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірін ұйымдастыратын мемлекет болып табылады.
1) Саясаттың негізгі түрлеріне ішкі және сыртқы саясат жатады.
Ішкі саясат дегеніміз - өмір сүруші әлеуметтік-саяси құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары мен институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-интеграциялық, әлеуметтік-мәдени және т.б. іс-әрекеттер жиынтығы. Ішкі саясат мақсаттарын жүзеге асыру үшін құралдардың, әдістер мен тәсілдердің кең ауқымын пайдаланады. Ішкі саясаттың сипаты сыртқы саясаттың мәнін анықтайды. Ішкі және сыртқы саясаттар арасында өзара терең байланыс және диалектикалық қатынас бар. Ішкі және сыртқы саясаттардың арақатынасы туралы айтқанда, бұл мәселенің толықтай анық еместігін, мұнда әлі де таласты жайттардың көп екендігін айта кету керек. Мысалы, ішкі саясаттың сыртқы саясаттан басымдылығын, саясаттың ішкі саясатқа бағыныштылығын, оның ішкі саясатқа тікелей тәуелділігін дәлелдеуге тырысатын көзқарастар бар. Кейбір басқа зерттеушілер мемлекеттің ішкі саясаттан оның сыртқы саясатына қарама-қарсы қоюшылықтың өзін жасандылық деп санайды. Өйткені мемлекеттің саясаты біртұтас, оны бөлуге болмайды. Тек бұл жерде мемлекеттің саяси іс-әрекеттерінің сан алуан түрлі бағыттары туралы ғана сөз етуге болады.
Сыртқы саясаттың басты мақсаты барлық уақытта да мемлекеттің өзінің жүргізіп отырған ішкі саясатының мақсаттары мен міндеттерін толыққанды жүзеге асыруы үшін қолайлы халықаралық жағдай жасауы болып табылады. Кез-келген мемлекеттің сыртқы саяси қызметі бәрінен бұрын осы қоғамдастықтың ұлттық мүдделерін оның басқа жекелеген мемлекеттермен қарым-қатынастары барысында қамтамасыз етуге бағытталады. Сыртқы саясат арқылы жүзеге асырылатын басты ұлттық мүдделер қатарына мемлекет егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, қоғамның әрі оның барлық азаматтарының жан-жақты прогресі үшін, сыртқы жағдайлар жасауды, халықтың өзге халықтармен және мемлекеттермен өзара тиімді экономикалық, саяси, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастығын жолға қоюды, т.б. жатқызуға болады. Сонымен сыртқы саясат - мемлекеттің сырт жердегі басқа субъектілерімен: жекелеген мемлекеттермен, шетелдік партиялармен, басқа қоғамдық ұйымдармен, т.б. қарым-қатынастарын реттейтін қызметі. Осыған орай, сыртқы саясатты әлемдік саясаттан бөліп қарауға болмайтынын да атап көрсету керек. Қайта, керісінше әлемдік саясаттың қазіргі таңда мемлекеттердің ішкі саясатына және жүргізіп отырған сыртқы саясатына барған сайын тигізетін рөлінің күшейіп бара жатқанын атап кетуіміз керек. Халықаралық саясат сыртқы саясатпен жиірек теңестіріледі, бірақ ол мемлекеттердің әлемдік қауымдастықтарының алдында тұрған проблемаларды шешу жолындағы келісімді қызметті қамтамасыз етумен байланысты өзіне тән ерекшелікке де ие. Халықаралық проблемаларды шешу әдістерінің де өзіндік ерекшеліктері бар.
...