Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері
Автор: Муслима Пердебек • Сентябрь 4, 2018 • Лекция • 2,393 Слов (10 Страниц) • 2,322 Просмотры
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқық негіздері. Мемлекеттің, жеке жəне заңды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық қол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдық қатынастар қылмыстық құқықтың пəні болып табылады. Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған жеке тұлғалар мен мемлекеттің құзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т.б.) жатады. Қылмыстық құқықтық жүйесі жалпы жəне ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық тəртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) қорғау; 2) алдын-алу (профилактика); 3) тəрбиелік. Қорғау – қылмыстық-құқықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндетті. Ол үшін қылмыстық заң қылмыстық əрекеттердің шеңберін, түрін жəне оған қолданылатын жазаның мөлшерін анықтайды. Алдын – алу (профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасамауының алдын алу. Бұл мақсаттар əр түрлі қылмыстық – құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады. Тəрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады (жаза, қажетті қорғаныс, мəжбүрлі қажеттілік т.б.). Қылмыстық құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құқық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарының мазмұнының негізіне қойылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз. Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мəні қылмыстық əрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Əрекет не əрекетсіздік қоғамға қанша қауіпті болса да, егер оларда қылмыстың құрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды. Азаматтардың заң жəне сот алдында теңдігі қағидаты. заң алдында бірдей. Тек қылмыстық əрекеті не əрекетсіздігі үшін кінəлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапқа тарту қағидаты. Негізгі қағидаттардың бірі əділеттілік қағидаты. Оның мəні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанына дейінгі жəне қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын жəне жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары қажет. Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-қасиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік қағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау. Қылмыстық құқықтың деректік көздеріне əр түрлі қылмыстық заңнамалар жатады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарының нормативті актісі. Қазақстан Республикасында қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қылмыстық кодекс. 2. Қылмыстық – құқықтық қатынастар Қылмыстық іс – қимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дəрігерлік сипаттағы мəжбүрлеу шараларын қолдану барысында қалыптасады. Жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті əрекет (іс-əрекет немесе əрекетсіздік) қылмыс деп танылады. Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар: қоғамдық қауіптілігі, құқыққа қарама – қайшылығы, кінəлілігі, қылмыстық жауаптылығы. Кінə. Адам соларға қатысты өз кінəсі анықталған қоғамдық қауіпті əрекеті (ісəрекет немесе əрекетсіздік) жəне пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Қасақана немесе абайсызда əрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінəлі деп танылады. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған əрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Менмендікпен немесе немқұрайдылықпен жасалған əрекет абайсызда жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс жəне болжап біле алатын бола тұра өз іс-əрекетінің (əрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған деп танылады. Қылмыс секілді қоғамдық қауіпті əрекеттің объективті жəне субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыстың құрамы дейді. Қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы. Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса, онда қылмыс құрамы болмайды жəне қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды. 1. Қылмыстың объектісі - қылмыскердің қиянат жасайтын жəне де қылмыстық заңдармен қорғалатын коғамдық қатынастар. Олар мыналар болуы мүмкін: саяси жəне экономикалық құрылымдар, меншік, адам жəне оның құқықтары мен бостандықтары, құқықтық тəртіп, сот төрелігі, əскери қызмет. 2. Қылмыстың объективтік жағы - ол қылмыстың сыртқы көрінісіне жататын белгісі: • қылмыскердің қоғамға қауіпті əрекеті немесе əрекетсіздігі; • əрекет пен əрекетсіздік арқылы туындаған қоғамға қауіпті нəтиже; • əрекет пен əрекетсіздік жəне қоғамға қауіпті нəтиже арасындағы себепті байланыс. 3. Қылмыстың субъектісі - ол қылмыс жасаған уақытта есі дұрыс жəне 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау, кісі тонау, қорқытып тартып алу т. б.) қылмыстық жауаптылыққа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті əрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы салдарынан өзінің іс-əрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мəжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасалған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. 4. Қылмыстың субъективтік жағы - бұл адамның қоғамға істеген қауіпті іс-əрекет немесе əрекетсіздігіне жəне солардан туатын қауіпті нəтижеге психикалық қатынасы. Қылмыстың сыртқы жағын бейнелейтін объективтік жаққа қарағанда субъективтік жақ қылмыстың ішкі мөнін, мазмүнын білдіреді. Қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінə, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-əрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі өзгерістерді, оның санасы мен еркінің өзара байланысын бейнелеп береді. Кінə - бұл адамның өзінің қасақаналықпен немесе абайсызда істейтін қоғамға қауіпті ісəрекетіне жəне оның қоғамға зиянды зардабына деген көзқарастарының жиынтығының көрсеткіші. Істелген əрбір қылмыс үшін кінəнің болуы - объективті ақиқат. Қылмыс субъектісінің кінəлілігі туралы тұжырымды сот іс бойынша жинақтаған дəлелдемелер арқылы анықтайды. Кiнə екі түрл іболады: қасақаналық жəне абайсыздық. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған əрекет - қасақана, менмендікпен немесе немқұрайлылықпен жасалған əрекет абайсыздықта жасалған қылмыс деп танылады. Қылмыстық ниет деп белгілі бір қажеттіліктер мен мүдделердің іштей түрткі болуына байланысты адамның соларды басшылыққа ала отырып, саналы түрде қылмыс істеуге бел бууын, ал қылмыстық мақсат деп адамның қылмыс істеу арқылы болашақта белгілі бір нəтижеге жетуін айтамыз. Əрбір азаматтың конституциялық борышы - қоғамдық қатынастарды қылмыстық жолмен келтірілген зияннан қорғау. Осы міндетті жүзеге асыруда жеке адамға, қоғамға, мемлекетке қарсы бағытталған іс-əрекеттерді дер кезінде тиюдың, тойтарудың маңызы ерекше. Қоғамға қауіпті іс-əрекеттерді тойтаруда, оның зияндылығын тиюда, сол қауіпті төндірген адамға материалдық, моральдық жəне басқа да зиян келтірілуі мүмкін. Мұндай əрекеттер формальдық жағынан алғанда қылмыс құрамына жатуы мүмкін. Бірақ та бұл əрекеттер белгілі бір жағдайларда қылмыс болып табылмайды. Өйткені мұндай əрекетте қылмыстың материалдық белгісі болып табылатын басты белгі - қоғамға қауіптілік жоқ. Керісінше, мұндай жағдайларда, қоғамдық қатынастарға зиян келтіруге бағытталған қауіпті жою, тойтару қоғамға пайдалы іс-əрекет деп танылады. Қолданылып жүрген қылмыстық заң бойынша бұларға қажетті қорғану; аса мəжбүрлі қажеттілік; қылмыскерді ұстау; орынды кəсіби тəуекел; күштеу немесе психикалық мəжбүрлеу; бұйрықгы немесе өкімді орындау əрекеттері жатады. Осы аталған жағдайларда істелген əрекет немесе əрекетсіздік сырттай қылмыс белгілеріне ұқсағанымен, оларда қоғамға қауіптілік болмағандықтан, қылмыс қатарына жатпайды. Қылмыс істеу сатылары. Қылмысты істеу сатылары деп қасақана істелетін қылмысқа дайындалу, оқталудан біткенге дейінгі ететеін кезеңдерді айтамыз. Қасақаналықпен істелетін қылмыста бірнеше саты болады. Олар: қылмыс істеуге дайындалу, қылмыс істеуге оқгалу жəне қылмысты аяқтау. Қылмыс — бір адам арқылы немесе бірнеше адамның бірлесуі арқылы істелуі мүмкін. Бірнеше адамның қылмыс істеуінің нəтижесінде істелген қылмыстың мəні, одан туындайтын зиянның мөлшері де жеке адам істеген қылмысқа қарағанда едəуір өзгереді жəне мұндайда қылмыс істегені үшін жауапты болатын адамдардың санын анықтау қажеттілігі туындайды. Қылмыстық кодексте көзделген əрекеттер сипатына жəне қоғамдық қауіптілік дəрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға жəн Қылмыстық кодекстің түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде – біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп əрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады. Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Қылмыс бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады. Қылмысты болдырмайтын мəн – жайлар. Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған кезде, сол қылмыстың құрамы, оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола отырса да іс-қимыл қылмыс болып табылмайтын мəн-жайлар болады. Ондай мəн – жайларға: 1) қажетті қоғану; 2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру; 3) аса қажеттілік; 4) жедел – іздестіру шараларын жүзеге асыру; 5) орынды тəуекел ету; 6) күшпен немесе психикалық мəжбүрлеу; 7) бұйрықты немесе өкімді орындау. Қылмыспен күресу барысында мемлекет əр түрлі əдістер мен шаралар қолданады. Сондай əдістердің бірі жаза. Жаза - соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мəжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінəлі деп танылған адамға қолданылады жəне ол адамды құқықтары мен бостандықтарынан Қылмыстық кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жазаның мақсаты əлеуметтік əділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу жəне сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады. Жаза тəн азабын шектіруді немесе адамның қадір – қасиетін қорлауды мақсат етпейді. Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттың үкімімен тағайындалады. Жасалған қылмыстың ауырлығы мен қоғамдық қауіптілігіне байланысты мынадай жазаның негізгі түрлері қолданылады: 1) айыппұл салу; 2) белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру; 3) қоғамдық жұмыстарға тарту; 4) түзеу жұмыстары; 5) əскери қызмет бойынша шектеу; 6) бас бостандығын шектеу; 7) қамау; 8) тəртіптік əскери бөлімде ұстау; 9) бас бостандығынан айыру; 10) өлім жазасы қолданылуы мүмкін. Сонымен бірге сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар: 1) арнаулы, əскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дəрежесінен, біліктілік сыныбынан жəне мемлекеттік наградаларынан айыру; 2) мүлкін тəркілеу қолданылуы мүмкін. Айыппұл салу жəне белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жəне қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізі де, қосымша да түрлері ретінде қолданылуы мүмкін. Соңғы кезде бұқаралық ақпарат құралдарында көп пікірталас тудырып отырған мəселелердің бірі жазаның негізгі жəне ерекше түріне жататын, адамды өмірінен айыратын өлім жазасы. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 49-бабына сəйкес өлім жазасы – ату жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін, сондай-ақ соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке жəне адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жəне ерекше ауыр əскери қылмыстар жасағаны үшін ғана ең ауыр жаза ретінде қоланылуы мүмкін. Өлім жазасы əйелдерге, сондай-ақ он сегіз жасқа толмай қылмыс жасаған адамдарға жəне сот үкім шығарған сəтте алпыс бес жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Қазақстан Республикасы Президенті өлім жазасын орындауға мораторий енгізген кезде, өлім жазасы туралы үкімді орындау мораторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады. Өлім жазасы туралы үкім ерте дегенде ол күшіне енген сəттен бастап бір жылдан кейін, сондай-ақ өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылғаннан соң ерте дегенде бір жыл өткеннен кейін орындалады. Өлім жазасы кешірім жасау тəртібімен жазаны ерекше режимдегі түзеу колонниясында өтеу арқылы өмір бойы бас бостандығынан айыруға немесе жиырма бес жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға ауыстырылуы мүмкін. Өлім жазасына кесілген адамдардың, өлім жазасын орындауға мораторийдің күші жойылған жағдайда, олардың мораторий енгізілгенге дейін өтініш бергеніне немесе бермегеніне қарамастан, кешірім жасау туралы өтініш беруге құқығы бар. Қылмыстық жауаптылықтан жəне жазалаудан босату. Қылмыстық жауаптылық деп қылмыс жасаған тұлғаға қоланылатын қылмыстық – құқықтық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан, іс-қимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың 5 негізі қарастырылған: 1) шын өкінуге байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап); 2) қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату (66- бап); 3) жəбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67-бап); 4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап); 5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (69- бап). Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылық пен қоса қылмыстық жаздан босату жағдайлары да қарастырылған. Қылмыстық кодексте жазадан босатудың мынандай 8 негіздері көрсетілген: 1) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын – шартты түрде босату (70-бап); 2) жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру (71-бап); 3) жүкті əйелдердің жəне жас балалары бар əйелдердің жазаны өтеуін кейінге қалдыру (72-бап); 4) ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату (73-бап); 5) төтенше мəн – жайлардың салдарынан жазадан босату мен жазаны өтеуді кейінге қалдыру (74-бап); 6) айыптау үкімінің ескіру мерзімі өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75- бап); 7) рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап); 8) Соттылық (77-бап). Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату (76-бап). Рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады. Қылмыс жасаған адамдар рақымшылық жасау туралы актінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар жазадан босатылуы мүмкін не оларға тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін не мұндай адамдар жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін.жазасын өтеген немесе оны одан əрі өтеуден босатылған адамдардан рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Соттылық (77-бап). Қылмыс жасағаны үшін сотталған адам соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген күннен бастап соттылықты жою немесе алып тастау кезіне дейін сотты болған деп есептеледі. Қылмыстық кодекске сəйкес соттылық қылмыстың əлденеше рет қайталануы, қылмысты қайталау кезінде жəне жаза тағайындау кезінде ескеріледі. Жазадан босатылған адам соттылығы жоқ деп танылады. Соттылық: 1) шартты түрде сотталған адамдар жөнінде – сынақ мерзімі өтуі бойынша; 2) тəртіптік əскери бөлімде ұсталу, əскери қызмет бойынша шектеу немесе қамау түрінде жазасын өтеген əскери қызметшілер жөнінде – іс жүзінде жазаны өтеу бойынша; 3) бас бостандығынан айырумен салыстырғанда жазаның неғұрлым жеңіл түріне сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін бір жыл өтуі бойынша; 4) кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін үш жыл өтуі бойынша; 5) ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін алты жыл өтуі бойынша; 6) аса ауыр қылмысы үшін сотталған адамдар жөнінде – жазаны өтегеннен кейін сегіз жыл өтуі бойынша жойылады. 4. Қазақстанда сыбайлас жемқорлықпен күрес Қоғам өмірінің экономикалық, əлеуметтік, саяси, рухани – мəдени, құқықтық салаларының дамуына барынша кедергі жасайтын қауіпті құбылыстардың бірі сыбайлас жемқорлық. 1998 жылы 2-ші шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 2-бабы 1-тармағына сəйкес сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлкеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттілігін жəне соған байланысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке жəне заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуын айтамыз. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сəйкес, сыбайлас жемқорлық қылмыстарға негізінен лауазымды қылмыстар жатады. Өмір көрсеткендей, қызмет өкілеттігін теріс пайдалану, билікті не қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану, пара алу, пара беру, парақорлыққа делдал болу, қызметтік жалғандық жасау, көрінеу жалған сөз жеткізу, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, көрінеу жалған жауап беру, сарапшының жалған қорытындысы немесе қате аудару, жалған жауап беруге немесе жауап беруден жалтаруға, жалған қорытынды беруге не қате аударуға сатып алу, лауазымды адамдардың сот үкімін, сот шешімін немесе өзге де сот актісін орындамау, осындай қылмыстардың барлығы жемқорлық сыбайластық байланыстарды пайдалану арқылы жасалады.
...