Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымын, функциялары мен міндеттерін талдап көрсету

Автор:   •  Апрель 19, 2018  •  Курсовая работа  •  11,541 Слов (47 Страниц)  •  894 Просмотры

Страница 1 из 47

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ .......................................................................................................

3

1 ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН МӘНІ. ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ,  ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ

1.1 Орталық банктердің пайда болуы мен мәні. «Орталық банк» мәртебесі және олардың үкіметтен құқықтық тәуелсіздігі……………..

5

1.2 Орталық банктердің ұйымдастыру жолдары мен түрлері және  негізгі қызметтері…………………………………………………………..

8

1.3   Орталық банктердің операциялары………………………………….

16

2 ОРТАЛЫҚ БАНКТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ҮЛГІЛЕРІ (АҚШ, ФРАНЦИЯ ЖӘНЕ ГЕРМАНИЯ) ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ БАНКІ

2.1 Дамыған шет елдердің Орталық банктерінің құрылымы мен функцияларын сипаттау...............................................................................

19

2.2 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымын,  функциялары мен міндеттерін талдап көрсету………..............................

27

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ТҰРАҚТАНДЫРУДАҒЫ РӨЛІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ………………………………………………..

35

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................

40

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................

42

КІРІСПЕ

Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Банктер мен тауарлық өндіріс айналымының дамуы тарихи қатар жүретін және бір-біріне тығыз байланысты. Осы кезде банктер ақшалай есеп айырысулар мен шаруашылықты несиелей отырып, капиталдарды қайта бөлуде делдалдық қызмет атқарды, өндірістің жалпы тиімділігін жоғарлата отырып, қоғамдық еңбек өнімділігін өсіруге жол ашты.

Банктер – нарықтық құрылым жүйесінің орталық тізбегінің бірі болып табылады. Олардың қызметінің дамуы – нақты нарықтық механизмді құрудың керекті шарты.

Шетелдерде банктік қызметтің дамуы Қазақстандағы және ТМД-ның басқа елдеріндегі банктік жүйелердің қарқынды дамуына үлкен септігін тигізеді. Қазіргі таңда монополиялы мемлекеттік банктік құрылымнан коммерциялық банктік жүйеге өту сәтті ұйымдастырылып жатыр. Жаңа банктік жүйенің құрылуы Орталық банктердің тиімді жұмыс жасауына оң әсер етуде.

Жаңа нарықты құру – біздің қоғамымыздың дамуындағы толыққанды жаңа кезең. Жаңа механизмді құру өркениетті әлемде қабылданған несиелік бөлімшелердің қызмет көрсетуінің жоғалған рационалды принциптерін қайта қалпына келтіру жолымен және көп ғасырлы нарықтық-қаржылық құрылымдарға сүйене отырып жүргізілуде. Сол себепті, шетелдік тәжірибені оқып-үйрену, несиелеу мен есеп айырысудың жаңа тәсілдерін, формаларын қолданудың мәні өте жоғары болып табылады.  

Осы курстық жұмыста Орталық банктердің теориялық сұрақтары мен даму тенденциялары, олардың ел экономикасында алатын орны, сондай-ақ Орталық банктерді ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесін және олардың атқаратын қызметтерінің артықшылықтарын талдау, оларды Ұлттық Банктің қызмет ету барысында тиімді қолдану мәселелері қарастырылды. Мұндағы негізгі мүмкіндік еліміздің орталық банкі – Ұлттық Банкке берілетінін атап көрсету керек. Банктік реттеудің әлемдік тәжірибесін анықтау, неғұрлым тиімді, әрі пайдалы классикалық инструменттерді оқып-үйрену мен таңдау қазіргі уақытта республикамыздағы өзекті мәселелердің бірі.

...

Скачать:   txt (172.3 Kb)   pdf (674.5 Kb)   docx (105.2 Kb)  
Продолжить читать еще 46 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club