Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы халқына Жолдауы
Автор: 87076598890 • Декабрь 22, 2018 • Эссе • 1,105 Слов (5 Страниц) • 848 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университеті
Шетел және Орыс Филологиясы Факультеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы халқына Жолдауы
Тексерген: Абдыханова Б.А.
Орындаған: Абылхамитова С.М.
Тобы: ДЯ-801с
Семей, 2018
Президентіміздің жыл сайынғы халыққа Жолдауы – еліміз үшін маңызды саяси оқиғалардың бірі. Биыл Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың екі рет халқына Жолдауы шықты:
- 2018 жылы 10 қаңтарда «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы;
- 2018 жылы 5 қазанда «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» туралы.
Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарында шыққан Қазақстан халқына Жолдауында, ол бізге жаңа әлем – Төртінші өндірістік төңкеріс әлеміне бейімделуіміз үшін қандай шараларды жүзеге асыруымыз қажеттігін айқындап берді. Бұл үшін мынадай міндеттерді бүкіл ел болып шешуге жұмылуымыз керек:
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі. Білім берудің жаңа сапасы. Үздік денсаулық сақтау ісі және дені сау ұлт. апалы жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандырудың әділетті жүйесі.
СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару.
ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі.
ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
Міне, алдымызда тұрған 10 міндет осы. Бұлар – түсінікті әрі айқын. Он негізгі міндет аясында өндіріс үдерістерін сандық негізге көшіру арқылы индустрияландыруды өрістету, білім беруді жаңа сипатта дамыту, қаржы секторын қайта қалыптастыру, көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру, сыбайлас жемқорлықпен күрес және тиімді мемлекеттік басқару жүзеге асатынына нық сенімдімін.
Меніңше, жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін Қазақстанда қажетті нәрсенің бәрі бар, тек мүмкіндікті дұрыс пайдалана білсек болғаны. Біз жаңа заманға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы тарихи өрлеу бастауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек деп ойлаймын.
Осы тұрғыдан біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. 7-ші міндет «Адами капитал – жаңғыру негізі» деп Жолдауда көрсетілгендей, білім берудің жаңа сапасы 2021 жылға дейін күшіне енеді деп айтылған. Бұл сапа – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар болып табылады. Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады. Сондай-ақ жолдауда еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажеттігі, білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымдарын оқыту сапасын күшейту керектігі айтылған. Яғни, бұл – педагогтарды дайындау, яғни жас ұрпақты жаңа білімге оқытатын мамандар дайындау қажет деген сөз. Университет әртүрлі мамандар – заңгер, инженер, мұғалімді де дайындау керек. Қазір жаңа талаптарға сай жаңа мұғалімдер кімдер? Мені осы сұрақ ойландырады. Яғни, жаңа педагогикалық оқыту мәселелерін қолға алу керек. Елбасы сол жаңа білім беру деңгейінде математика мен жаратылыстану ғылымдарын жетілдіруіміз керек, оның сапасын күшейту туралы айтып отыр. Бұл жастарды жаңа технологиялық қалыпқа дайындауға ықпалын тигізеді. Осы тарап қалай ұйымдастырылады? Оны болашақта көре жатармыз. «Қазақстан – 2050» стратегиясында Елбасы бірнеше жыл бұрын Мәңгілік ел болу арманымыз бен мақсатымызды айқындады. Әрбір Жолдауда соған нақты міндеттер айтылады. Егер біз жаңа білімді маман дайындай алсақ, білімді маманымыз қабілетті болатын болса, ертеңгі күні жаңа заманның жаңа технологиялық талаптарына сай боламыз деген ойдамын.
...