Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Маркетингтің тұжырымдамасы мен теориялық негіздері

Автор:   •  Ноябрь 24, 2019  •  Лекция  •  665 Слов (3 Страниц)  •  759 Просмотры

Страница 1 из 3

1-Тақырып Маркетингтің тұжырымдамасы мен теориялық негіздері

  1. Маркетинг теориясы мен эволюциясы
  2. Маркетинг тұжырымдамасы мен моделі
  3. Маркетинг түрлері

1сұрақ. Маркетинг термині ағылшынның “MARKET” – НАРЫҚ сөзінен бастау алады. Маркетинг қызметінің алғашқы формасы мен даму барысында басталды. (Мысал Токио Мицуи 1650 жыл).

Маркетинг отаны АҚШ-да 1930 жылдары жергілікті фермерлер өз өнімдерін өткізу нарығын іздей бастаған. Осы нарықты іздеу үрдісі “MARKET GETTING” терминін туындатқан.

Маркетингтің қазіргі заманғы мағынасын толық және дәл айқындайтын анықтаманы 1984 жылы Ф.Котлер берген: “Маркетинг – ол әлеуметтік және басқарушылық үрдіс, осы арқылы жеке тұлғалар мен топтар тауарлар мен құндарды құру, айырбас жасау негізінде қажет ететін және тілейтін заттарды алады”.

Маркетинг адамдардың мұқтаждығы мен тұтыну қажеттілігін қанағаттандыруды мақсат етіп, алмастыру арқылы нарықта жұмыс атқару.

Маркетинг тұтынушылардан басталып тұтынушылардан аяқталады.

ТҰТЫНУШЫ        сұранысты талдау        өнімді әзірлеу[pic 1][pic 2][pic 3]

 өндіріс        жарнама          нарықта орналастыру             ТҰТЫНУШЫ[pic 4][pic 5][pic 6][pic 7]

Маркетингтің қалыптасуында 5 кезеңді қарастырамыз:

  1. 1860-1930ж.ж. Өндірістің “тауарлық бағдарлануы”. Тұтынушының қажеттіліктерін ескермей, тауар сапасын жақсартуға ұмтылу.
  2. 1930-1950ж.ж. “Өткізуге бағдарлану” кезеңі, яғни жарнама және т.б. әдістер  арқылы тұтынушыға тауарды сатып алғызу.
  3. 1950-1970ж.ж. “Нарықтық бағдарлану” кезеңі. Сатудың максимумын қамтамасыз етту мақсатында жоғарғы сұраныстағы, сапалы тауарлар өндірісіне негізделу.
  4. 1970-1990ж.ж. “Маркетингтік басқару” – нарықты зерттеуге негізделген ұзақ мерзімді жоспарлау мен жобалау.
  5. 1990ж.- қазіргі кезең. “Сервистендіру” немесе “Әлеуметтік-этикалық маркетинг”. Қызмет көрсету саласында маркетинг механизмдерін жетілдіру, с.қ. коммерциялық емес маркетинг түрін дамыту.

2 сұрақ.  Маркетинг тұжырымдамасы мен моделі

Егерде кәсіпорын маркетингтік қызметпен шұғылданса, ол тұтынушы қажеттілігін өз пайдасына шеше отырып қанағаттандыру керек. Бұл тұжырымдама тек қана өнімді әзірлеп, сатуға бағдарланған өндірістік бағытқа қарама-қайшы.

Өндірістік” және “нарықтық” ой-пікірді бөліп қарастыруға болады.

Өндірістік ой-пікір

объект          мақсатқа жету құралы                        мақсаты

[pic 8][pic 9][pic 10][pic 11][pic 12]

 

Нарықтық ой-пікір

[pic 13][pic 14][pic 15]

[pic 16][pic 17]

Маркетинг моделі кәсіпорынның өзі және оның бәсекелестерінен тұрады, кәсіпорынның өз күш-жігері мен маркетингтің базалық элементтерін қолдана отырып нарыққа шығуын қарастырады.

Маркетинг моделі

Маркетингтік ақпарат

[pic 18][pic 19][pic 20]

[pic 21]

[pic 22][pic 23][pic 24]

[pic 25][pic 26]

[pic 27]

[pic 28][pic 29]

[pic 30][pic 31]

Нарық – тауарларды сатып алу-сату  үрдісімен байланыстырылған өндірушілердің тұтынушылармен байланыс жүйесі, қоғамдағы экономикалық қатынастар жүйесі.

Нарықты сегменттеу - әр қайсысына жекелеген тауарлар мен маркетинг кешені қажет болуы мүмкін нарықтың нақты сатып алушылар тобына бөлінуі.

Нарық “терезесі” – нарықта тұтынушылар мұқтаждығының қанағаттандырылмаған сегменті.

Нарық “қуысы” – белгілі бір фирманың тауары және жабдықтау мүмкіндігі лайықты және оңтайлы болып табылатын нарық сегменті.

...

Скачать:   txt (9.6 Kb)   pdf (220 Kb)   docx (23.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club