Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бренд

Автор:   •  Ноябрь 4, 2020  •  Лекция  •  296 Слов (2 Страниц)  •  243 Просмотры

Страница 1 из 2

Д.Камминз

Бренд – құқықтық функциясы бойынша: сатушы мен сатушылар тобының тауары немесе қызметін ерекшелендіретін және бәсекелестердің тауары немесе қызметін ажырататын атау, термин, белгі, нышан немесе дизайн, сондай-ақ олардың комбинациясы.

Е.И.Мазалкин

Бренд – жылжытылған тауар белгісі, оның имиджі әр түрлі маркетингтік іс-шаралардың әсерінен туындайды.

И.В.Грошев

Бренд – анықталған бір имиджге, тұтыну стиліне арналған зат құралы.

Рудая Е.А.

Бренд – термин, белгі, символ, дизайн немесе олардың жиынтығы, тауарлар мен қызмет көрсету іс-шараларының идентификациясына арналған, сонымен қатар бәсекелестерден ажырататын ерекше қасиеттер болып табылады.

Ж.Бекболатұлы

Бренд – тұтынушылардың іс-әрекетіне әсер ететін атау.

Аноним (5)

 Бренд- сауда белгісінің тұтынушы санасындағы тартымды, ерекше әрі толықтай аяқталған образы.

Мен  Д.Камминздің анықтамасын қолдаймын. Жалпы кез-келген компания немесе өндіруші жаңа тауар шығарар алдында нарықты,бәсекелестерін зерттейді және оларды айрықшалап тұратын таңба немесе белгі арқылы қалыптастырады. Бұл тұтынушылар үшін де қолайлы. Неге десеіңіз, сатып алушы  да  белгілі бір саладағы  ұқсас тауардың атауына,дизайнына,сыртқы белгілеріне мән береді емес пе?!

Мен Е.И.Мазалкиннің де ойын құптаймын. Мысалы алып қарайтын болсақ,Apple  компаниясынң өнімдері де әр түрлі имидждегі іс- шаралар арқылы танымалдығын арттырып отыр. Тұтынушылар да олардың қандай имидж шығаратынын күтіп отырады, яғни компания дұрыс бағытты ұстанып отыр.  Және Гуглда –жеке бренд. Оның да имиджі тұрақты емес. Ғаламдағы кез-келген  болатын актуалды мәселелерге  сай имидждерін өзгертіп отырады.

И.В.Грошевтың ойымен келіспеймін. Жоғарыда атап өткенімдей Google бренді де бір имиджге бағытталмаған. Имиждері сан құбалады. Бұл халық үшін қызықтырақ және күтпеген нәрсе болып табылады, таңғалушылық тудырады.  Бұдан бөлек көптеген сусын өнімдері, әтірсулар өз имидждерін өзгертіп отырады.

...

Скачать:   txt (4.5 Kb)   pdf (95.6 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club