Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте
Автор: dex1le • Март 6, 2023 • Доклад • 392 Слов (2 Страниц) • 136 Просмотры
«Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте» қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанаты.
Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілі туралы мәлімет беру, шәкірттердің шығармашылық қабілеттерін арттыру, балаларды ана тілін сүйіп, құрметтеуге баулу.
Бірінші жүргізуші:Алғы сөз. Қайырлы күн, қымбатты оқушылар, құрметті ұстаздар!
«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер! Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі - оның бақыты, тірегі. Баршаңыз да білесіздер 1989 жылы «Республикадағы қазақ тілінің жайы» туралы қаулы қабылданды. 1989 жылы қыркүйектің 22 - і күні «Қазақстан Республикасындағы тілдер» Заң қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Кейін 1993 жылы қаңтардың 28 - і күні бұл статус Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында тұрақталып, Тіл туралы Заңы 1997 жылы шілденің 11 - і күні жаңа «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы қабылданды. Бұл Заңның 4 - бабында қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі екендігі жазылған. Осыған байланысты 22 қыркүйек Тілдер күніне орай
мектебімізде «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» тақырыбындағы тілдер апталығы өткізілмекші.
Екінші жүргізуші: Бейнежазба қойылады,оқушылар мұқият тыңдаңыздар. Оқушылар мына бейнежазбада қандай дәстүр туралы айтылған?
Олай болса мұғалімдер,оқушылар көрісу дәстүрін өз арамыза бір-бірімізбен көрісейік. (көршілерімен қол алысады,құшақтасады)
ІІ. Әдеби монтаж
Бірінші жүргізуші:
1. «Абай оқуларының» 1-орын иегері Мыңжанқызы Жайна Абайдың 34 қара сөзін жаттаған,соның 10 қара сөзін жатқа оқып береді.
Екінші жүргізуші:
2.Төлеген Айбергенов «Бір тойым бар» өлеңін 5Ә сынып оқушысы Сеңгірбек Мұқағали оқиды.
...