Өз жеріңді танып біл
Автор: tynysbekryskhan • Февраль 18, 2024 • Эссе • 396 Слов (2 Страниц) • 111 Просмотры
Өз жеріңді танып біл
Күллі әлемді кеңінен шарпыған коронавирустың кесірінен биылғы оқу жылының соңғы тоқсаны қашықтақтан оқыту жүйесі арқылы барша жұрттың есінде қалары сөзсіз. Аталған уақытқа жоспарланған оқыту жүйесі ғана есмес барлық іс-шаралар да заманның ағымына сай қашықтықтан өткізіліп жатқаны бізге мәлім.
Оқу жылын сәтті аяқтаған оқушылардың 2020 жылғы жазғы демалыста балалардың үй жағдайында жұмыспен қамтылуын қамтамассыз ету және үйлестіру мақсатында жаздық лагер де сәтімен басталып, жоспарға сай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Ойтоғанның киелі топырағынан шыққан бір турар тұлғалар, аталар аузынан еститін аңыз-әңгімелер жайлы зерттеп білуге өз күш-жігерлерін арнаған мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Шешенгельдинова Асель Тұрсынқызы жетекшілік ететін 9 сынып оқушылары «Өз жеріңді танып біл. Ойтоғаным» атты тақырыпта жас туристердің үздік бейне ролигі, фотогалереясы байқауын өткізді.
Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, даңықты жерлесіміз Ілияс Жансүгіров атамыз «Өз елін,өз ерлерін ескермесе, ел тегі алсын қайдан кемеңгерді» деп өз жырына қсоқандай-ақ аталған байқау «Әр кімнің туған жері - алтын бесік» дейтін аталы сөздің салмағына назар салған бүгінгі жас ұрпаққа туған жерге деген сүйіспеншілікпен қатар қасиетті мекеннің қыры мен сырын ұғынуға жетелері хақ.
Осы байқау өткізу арқылы бүгінгі өскелең ұрпақтың жасаған роликтері ауыл ақпаратына жолданып, ауыл ақсақалдарының алқауына ие болса, кейбір жерлерде кемшіліктері де айтылып жатты.
Байқауға қатысу арқылы оқушылар ауылымызда 167 отбасында жалпы 940 жан саны бар екендігін білсе, енді біреулері округ бойынша 53 581га жер көлемін ауыл халқы күнделікті өмірлері үшін пайдаланылып жүргенін, қолтаңбасы айқын көркем шығарма иесі І.Жансүгіров, қобызын күмбірлеткен қобызшы Молықбай, соғыс жылдарында әр салада атқарған еңбектері үшін «Ленин» орденімен, «Еңбек даңқ» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Социалистік еңбек ері» орденімен марапатталған ата-апаларымыздың өмірі және еңбек жолдарымен танысса, енді бірде Ойтоған ауылдық огруг болып құрылғаннан бастап ауыл тізгінін қолға ұстаған әкімдермен, киелі қара шаңырақ Ілияс Жансүгіров атындағы орта мектепті басқарған ұлағатта ұстаздар, халықтың денсаулығы үшін еңбек етіп келе жатқан ауылдық емхана қызыметінің алғы шебінде жүрген ақ қалаттылар, халыққа хат-хабар жеткізуде тынбай еңбек етіп келе жатқан ауылдық пошта қызыметкерлерімен, мәдениеттің ошағы болған ауылдық клуб тарихмен және руханияттың кеиелі қара шаңырағы кітапхананың қызымет тарихымен таныс болды. Сонымен қатар 1941-1945 жылдар аралығындағы соғысқа ауылдан 241 адам аттанғанын, халықтың қазынасын тонаған қуғын-сүргін кезінде ауылымыздан 16 адамның құрбан болғанын да ұғып-білсе, Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жерге туыңды тік» акциясы аясында ауылымыз үшін еңбек етіп жүрген қолы ашық, жаны жомарт азаматтар туралы да қағыс қалдырмады.
...