Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

ҚР-сы мен шет мемлекеттерінің ипотекалық жүйесін салыстыру

Автор:   •  Декабрь 2, 2018  •  Реферат  •  3,180 Слов (13 Страниц)  •  630 Просмотры

Страница 1 из 13

Мазмұны

I Кіріспе....................................................................................................................3

1 Қазақстан ипотекалық жүйесіне кіріспе

2 Шетел мемлекеттерінің ипотекалық жүйесіне кіріспе

II Негізгі бөлім..........................................................................................................

1 Қазақстандағы ипотекалық бағдарламалар

2 Шетелдегі ипотекалық бағдарламалар

3 ҚР-сы мен шет мемлекеттерінің ипотекалық жүйесін салыстыру

III Қорытынды........................................................................................................

I Қазіргі кезде әр адам  жеке үйді иеленгісі келеді. Әрине иеленгісі келеді, себебі өз үйінде тұрған өте күшті. Бір жағынан өз отбасыңмен бөлек тұрып, бұрындағыдай бір үйде бірнеше отбасы болып тұрмайсың және әрқашанда өзіңнің тұрақты тұратын орнын болады. Сонымен қатар қазіргі кезде көп жастар осы мақсатқа ұмтылып жатыр. Бірақ жаңа үй немесе пәтерді сатып алуға көптеген тұрғындардың қаржысы мүмкіндік бермейді. Үй сатып алу өте қымбат. Өзінің ақша-қаражаты жетпеген тұрғындар ипотекалық несиеге жүгінеді. Бұл жылжымайтын мүлік нарығындағы өте кең таралған қаржы құралы болып табылады.

         Ипотека әртүрлі елдерде кеңінен дамыған. Кредиттік қатынастардың осы түрі, ең алдымен Құрама Штаттарда және Еуропада дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кең таралған. Бұл несиенің басқа түрлерімен салыстырғанда ипотекалық несиенің айтарлықтай артықшылықтарына байланысты: екі тарап үшін де тәуекелді азайтады. Борышкер ұзақ мерзімді несие алады және сонымен бірге жылжымайтын мүліктің қалған бөлігіне қауіп төндірместен кепілге салынған мүлікті сақтап қалуға мүмкіндік алады.
Кепілдікке салынған жылжымайтын мүлік табыспен қамтамасыз етеді: жалға алу, өндіріс нысаны ретінде пайдалану және т.б. Осылайша, келісімшарт мерзімі ішінде  қарыздың сомасын азайтып немесе толығымен жабу мүмкіндігі бар.

 Ипотекалық несие дегеніміз заңды немесе жеке тұлғаларға берілетін ұзақ мерзімді несие және кепіл ретінде жылжымайтын мүлік қойылады. Қазақстанда ипотеканы пайдаланудың кең таралған түрі бұл жеке тұлғамен несиеге үй немесе пәтер сатып алуы. Қазақстанда ипотеканы пайдаланудың кең таралған түрі бұл жеке тұлғамен несиеге үй немесе пәтер сатып алуы. Ипотекалық несие бірнеше белгілерге байланысты жіктеледі.

Жылжымайтын мүліктің объектісіне байланысты:

  • Жер учаскелері;
  • Кәсіпкерлік қызметі мақсатында пайдаланылатын ғимараттар;
  • Тұрғын үйлер, пәтерлер;
  • Саяжайлар, гараждар;
  • Құрылысы аяқталмаған ғимараттар, ғарыш объектілері.

Несиелеу мақсатына байланысты:

  • Тұрғын үй кешеніндегі дайын пәтерді негізгі мекен-жай  ретінде бір немесе бірнеше отбассыға сатып алу;
  • Тұрғын үйді маусымдық тұруға сатып алу.

Қарыз берушінің түріне байланысты:

  • Банктік және банктік емес

Қарыз алушының түрлеріне байланысты:

- несиелендіру субъектілері ретінде: девелопперлер мен құрылысшыларға берілген қарыздар; болашақ үй иесіне тікелей берілген қарыздар;

- банк, фирма қызметкерлеріне және кез-келген адамға берілетін несиелер.

Қайта қаржыландыру тәсіліне байланысты:

-  Ипотекалық несие беруді түрлі несие мекемелері жүзеге асырады. Олардың қызметінің ерекшеліктері шығарылған қарыздарды қайта қаржыландыру жолында[1].

Ипотекалық несиелеу жүйесі екі бағытты қамтиды:

- шаруашылық жүргізуші субъектілерге және жеке тұлғаларға ипотекалық несиелерді тікелей беру;

- қайталама нарықта ипотекалық несиелерді сату, несиелендіру үшін қосымша қаражат тарту.

       Кез-келген банк ипотекалық несиелендіру кезінде тәуекелге де ұшырайды. Олар әртүрлі себептерге байланысты болуы мүмкін - экономикалық, инфляциялық, валюталық, салық, саяси. Тәуекелдің көздері - макроэкономика, халықтың тұрмыс деңгейі, мемлекеттің несие және қаржы саясаты, қолданылатын инвестициялық және кредиттік технологиялар мен құралдар, ипотекалық несие, жылжымайтын мүлік құнының динамикасы және т.б.

...

Скачать:   txt (46.3 Kb)   pdf (243.6 Kb)   docx (1 Mb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club