Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сүт өндеу кәсіп орындарының қауіпсіздігі мен сапасын басқару жүйесін әзірлеу

Автор:   •  Октябрь 27, 2019  •  Реферат  •  9,622 Слов (39 Страниц)  •  837 Просмотры

Страница 1 из 39

Мазмұны

Кіріспе...................................................................................................................3-5

«Danone Berkut cүт өндеу кәсіп орындарының қауіпсіздігі мен сапасын басқару жүйесін әзірлеу туралы ақпарат»

1.Өндірістік практиканың мақсаты және негізгі міндеттері...........................6

1.1 Сүт өнімдерінің технологиялық процесі....................................................7-10

2.Санитариялық-эпидемиологиялық тексеру................................................10-14

2.1 Cүт өнімдерінің сақталу ережелерін тексеру..........................................14-18

2.2 Өндірістік ғимараттарға, бөлмелерге және имараттарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар......................................................18-23

2.1 Жұмысшыларға қызмет көрсететін бөлмелерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар...........................................................................23-26

3.Сүт өндеу кәсіп орындарының қауіпсіздігі мен сапасын басқару жүйесін    әзірлеу................................................................................................................27-29

Қорытынды.......................................................................................................30-31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...................................................................32

Кіріспе

       Қазіргі кезде мемлекет пен тұтынушының деңгейінде сүт өнімдерін өндіретін кәсіпорынға оларды өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, сақтау және реализациялауға қатаң талаптар қойылып отыр. Адам денсаулығы мен өмірін қорғау мақсатында 2013 жылы қолданысқа енгізілген «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» (ТР КО 021/2011) Кедендік одақтың технологиялық регламенті қабылданды. Мемлекет тарапынан сапа мен қауіпсіздікті бақылау жүргізіледі.    Қазақстан Республикасының «Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі» Заңына сәйкес 21 шілде 2007 жыл және техникалық регламент «Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігінің талаптары» 11 наурыздан 2008 жылдың №230 мемлекетпен нақты талаптар, нормалар мен ережелер қалыптастырылады.

      Сүт және сүт өнімдері қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттің 1-1 пунктінде, сүт және сүт өнімдері өндірістеріндегі барлық цикл бойы бірге жүретін аса қауіпті қатерлер: токсикалық элементтермен ластану, пестицидпен, радионуклидпен, гормональды препараттармен, антибиотикпен, тағамдық қоспалармен, механикалық және микробиологиялық ластанулар қарастырылған.

      Қауіпті қатерлер қабылдау, тазалау, сақтау, тасымалдау, технологиялық үрдістерде, реализациялауда және утилизациялау уақытында пайда болуы мүмкін.

     Сүт өндірістерінде өндіріс ғимараттарын, жабдықтарды, ыдыстарды жуатын және дезинфекциялайтын шараларды өткізетін процедуралар жасалуы тиіс.Оған жуғыш және дезинфекциялаушы құралдардың тізімі, оларды қолдануережелері,ұсынылатын концентрациялары және өңдеу мерзімділіктері кіреді.

    Нақтылы және эффектілі дезинфекциялау микроорганизмдердің санын тұтынушылардың денсаулығы үшін қауіпсіз деңгейіне дейін азайтады. Тазалау және дезинфекциялау бағдарламалар әр дайымбақылауда болады. Тазалау және дезинфекциялау бағдарламаларда ғимарат, жабдықтар, жуу және дезинфекциялау инвентарі, шараларды өткізу әдістері және мониторингтері анықталады. Бағдарламаның бір бөлігіне жұмысшылардың қолдарының дұрыс жуулары да кіреді.

    Жұмыс басталар алдында күнде қолдарының өңдеуін бақылау тиіс. Бұл бағдарламалар осы аймақтағы эксперттердің кеңестерімен жасалады. Сүт өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін күрделі фактордың бірі – бұл, дайын өнімнің әртүрлі микроорганизмдермен қайта зақымдануы. Осы мақсатпен өндірісте жұмысшылардың, дайын өнімнің, шикізаттың және жартылай өнімнің қозғалу маршруттары айқын анықталады және микроорганизмдермен қайта ластануын туғызбайтын жағдайлар жасалады.    

    Тағам өнімдеріқауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өнімді қорабтау материалдарын, өнімнің сыртқы бетін әртүрлі микробиологиялық, химиялық және физикалық ластанушылардан сенімді қорғайтын жағдайлар туғызу керек. Шығарылатын өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы әрбір нақты өндірістің ерекшелігімен есептеп жасалады.

...

Скачать:   txt (133.1 Kb)   pdf (353.2 Kb)   docx (47.2 Kb)  
Продолжить читать еще 38 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club