Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шет тілін оқытуда тіл мен мәдениетті қатар оқыту

Автор:   •  Май 8, 2019  •  Доклад  •  1,350 Слов (6 Страниц)  •  748 Просмотры

Страница 1 из 6

Бүгінгі таңда шет тілін оқытудың басты мақсаттарының бірі – мәдениетаралық қарым-қатынасқа қабілетті, шет тілін сол тілде сөйлеуші  ұлттық тілдік және әлеуметтік- мәдени ерекшеліктеріне сай, дұрыс қолдана алатын, білімді де мәдениетті мамандар даярлау болып табылады. Бұл мақсатқа жетуде «тіл-ұлт-мәдениет» үштігін өзара байланыстыра қарастырудың, студенттің бойында әлеуметтік-мәдени біліктілікті  қалыптастырудың маңызы зор. Жаңа заман талаптары шет тілін оқытушы ұстаздардың алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Соған сай шет тілінде қарым-қатынасқа түсу бұрынғыдай белгілі бір пәннің, уақыттың аясында шектеліп қалмай, әртүрлі мәдени байланыстарға түсу, басқа елдердің рухани құндылықтарына құрметпен қарай отырып, елді әлемдік аренаға таныстыру мәселесеіне бағытталып отыр. Осы мәселені жүзеге асырудың ең басты жолы оқушылардың бойында оқып жатқан тіл елінің мәдениетін де қатар үйренуге деген құлшыныс қалыптастыру. Өйткені, тіл – ел – мәдениет үштігін өзара тығыз байланысты қарастыру қандай болмасын шет тілін оқыту процесінің жемісті болуына өз септігін тигізері анық .

Шет тілінің әрбір сабағы-бұл мәдениеттің тоғысуы, бұл мәдениетаралық коммуникация практикасы, өйткені әрбір шетел сөзі шетел әлемі мен шетел мәдениетін бейнелейді: әрбір сөздің артында ұлттық санаға негізделген (тағы да шетел сөзі болса)

Әр түрлі халықтар мен мәдениет өкілдері арасындағы қарым-қатынас құралы ретінде шет тілдерін оқытудың өзекті міндеттерін шешу туралы сұраққа басты жауап тілдердің осы тілде сөйлейтін халықтардың әлемімен және мәдениетімен тығыз бірлікте зерттелуі тиіс. Ұлттық тіл мен мәдениеттің өзіндік ерекшеліктері бар. Мәдениетаралық қарым-қатынаста коммунистердің ұлттық сипатының ерекшеліктерін, олардың эмоционалдық қоймасының ерекшелігін, ойлаудың ұлттық-өзіндік ерекшеліктерін ескеру қажет". Мысалы, түсті білдірудің әлеуметтік-мәдени метафорикасы туралы жазылған еңбектер көп. Бір түстің өзі әртүрлі мәдениетте әртүрлі символикаларға ие болатыны белгілі. Ақ түс негізінен көптеген мәдениетте үміттің, қайырымдылықтың, тазалықтың, махаббаттың және соған жақын тағы басқа ұғымдардың символы ретінде қолданылады. Әлемнің мәдени, тілдік немесе лингвомәдени картасындағы ағылшын тілі жасаған әртүрлі түстер гаммасында ақ пен қара  түс  аса маңызды рөл атқарады. Осы түстерде ағылшынтілді әлемнің шынайы, мәдени көрінісі бейнеленген. Ақ сөзінің номинативті мағынасы –қар мен бор  түсі; white – the colour of fresh snow or common salt of the swan’s plumage. /Ақ –жауған қардың, кәдімгі тұздың және аққу қауырсынының түсі/. Қара сөзінің номинативті мағынасы –аққа қарама-қайшы, ыстың немесе көмірдің  түсі.  Екі түс те шынайы өмірдегі белгілі бір құбылысты бейнелейді. Екі мәдениетте де қара түс қазаға қатысты қолданылады. Ағылшын тіліне қара түсті жамандықпен, ал ақты жақсы нәрселермен  байланыстыру тән. Осы тұрғыда тоқтала кететін жайт: Қазақ және ағылшын мәдениетіндегі кездесетін ұқсастықтар. Біздің мәдениетте де ақ түс – шынайылықтың, жақсылықтың, ал қара түс – қазаның, қайғының, жамандықтың символы. Жалпы қазақ тіліндегі ақ пен қара сөздерінің метафоралық мағынасы ағылшын тіліндегі баламасымен мәндес: қара ниет, қаралы хабар, қаралы күн, т.б. Шындықты терең білу осы тілде сөйлейтін халықтардың күнделікті болмысына қатысты құбылыстар мен фактілерді дұрыс түсіну үшін қажет болғандықтан, шынайылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Мысалы, қарапайым анкета толтырудағы мәдениеттер шиеленісі. Қарапайым сауалнама, ұшып келу парағын толтыру, тіпті жүкке тағылатын парақшаға дейін мәдениет өзгешеліктерін аңғартып тұрады. Аты және тегі, әкесінің аты деген ұғым ағылшын тілінде жоқ. Бұл түсінікті, таза күйіндегі, баламасы жоқ лексика. Алайда кісінің аты, фамилиясы деген сөздер бар. Сауалнамада, бланкіде және т.б. first name – аты, last name –тегі деп көрсету қалыптасқан. Ағылшындардың өздеріне бұларды ажырату қиынға соқпайды, осы сөздердің қалыптасқан қатаң тәртібі бар, сондықтан олар өз тілінде, мәдениетінде қайсысы бірінші, қайсысы соңғысы деп шатастырып жатпайды. Қазақ-орыс және ағылшын тілдерінде адамның аты-жөнін көрсетудегі мәдени алшақтыққа тағы бір мысал: әйелін күйеуінің атымен атау қазақ-орыс мәдениетіне мүлде жат. Ал ағылшын мәдениетінде ол қарапайым қалыптасқан нәрсе.(Mrs. Brown, Mr and Mrs.Johnsons). Қазіргі уақытта шетел тілі халық арасындағы өзара байланыс негізі. Шетел тілі - бұл әлемді тану кілті. Басқа әлем елдерінің миллиондаған адамдарыеркін өз тілдерінде Шекспирді, Байронды, Гетені, Пушкинді, Абайды, Әуезовты,Аймаутовты және т.б. оқиалады, идеялық-эстетикалық ой өрістерін кеңейтеді,тәрбиелеуде және білім беруде үлкен мағына береді. «Адамдар арасында қатынасқұралы ретінде ең маңыздысы және ең мағыналысы-әдебиетке өзара ықпал ету,өзара баюы тілдің арқасында жүзеге асады» (Гете). Халық туындылары арқылы шет ел мәдениетін танып білуге болады. Шет тілінің әрбір сабағы-бұл мәдениеттің тоғысуы, бұл мәдениетаралық коммуникация практикасы, өйткені әрбір шетел сөзі шетел әлемі мен шетел мәдениетін бейнелейді: әрбір сөздің артында ұлттық санаға негізделген (тағы да шетел сөзі болса)

...

Скачать:   txt (19.2 Kb)   pdf (90 Kb)   docx (10.6 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club