Автоматтандырылған басқару жүйелерінде қолданылатын техникалық құралдардың сипаттамаларын оқып үйрену
Автор: TursunbekovDR • Ноябрь 26, 2020 • Реферат • 1,182 Слов (5 Страниц) • 1,047 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті
Физика-техникалық факультеті
Көлік және кәсіптік оқыту кафедрасы
«Көліктегі автоматтандырылған басқару жүйелері»
пәнінен
Бақылау сұрақтары
Орындаған: ККТжТ-41 тобының студенті .
Тексерген: аға-оқытушы Бакей Д.Қ.
Қарағанды 2020
1 тапсырма
Тақырыбы: Автоматтандырылған басқару жүйелерінде қолданылатын техникалық құралдардың сипаттамаларын оқып үйрену.
Тапсырма: берiлген автоматтандырылған басқару жүйелерінің техникалық құралдарының сипаттамаларын методикалық нұсқаудағы ұсыныстарға сәйкес оқып үйрену және бақылау сұрақтарына жауап беру.
Бақылау сұрақтары:
1. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің түрлері және жіктелуі.
2. Жол қозғалысын басқаруда қолданылатын автоматтандырылған басқару жүйелері, олардың ерекшеліктері.
3. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің жұмыс істеу приниптері қандай?
4. Автоматтандырылған басқару жүйелерінің техникалық құралдарының негізгі сипаттамалары?
5. Техникалық құралдарының негізгі сипаттамаларының автоматтандырылған басқару жүйелеріне тигізетін әсері?
6. Көліктік қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы рөлі.
7. АБЖ ақпараттық базасы.
8. Көліктік кәсіпорындардың салалық автоматтандырылған басқару жүйелері.
9. АБЖ қызметінің принциптері.
10.АБЖ функционалды схемасы.
1. Автоматтандырылған басқару жүйесі-бұл персоналдан және оның қызметін автоматтандыру құралдарының кешенінен тұратын, сондай-ақ қандай да бір міндеттерді орындаудың ақпараттық технологиясын іске асыратын жүйе. Басқарудың Автоматтандырылған Жүйесі (БАЖ; Система автоматического управления; system of automatic control) — біртұтас “адам-машина” жүйесінің жұмыс істеу процесінде басқару шешімін қабылдау үшін қолданылатын әкімшілік, ұйымдастыру, экономика-математикалық тәсілдердің, есептеу техникасы мен ұйымдастыру техникасының, сондай-ақ, байланыс жабдықтарының жиынтығы.
2. Жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесі бағдаршам жабдығы арқылы жол қозғалысын басқаруды іске асыратын заманауи бағдарламалық қамсыздандыруды білдіреді. Бұл бағдарламалық қамсыздандыру:
Жұмыс жағдайы мен режимін визуалды көрсете отырып, бағдаршам объектілерінкартографиялық бейнелеуді;
Бағдаршам объектілерінің бірыңғай жұмыс уақытын синхрондауды;
Шалғайдағы жұмыс орнынан бағдаршам объектілерінің жұмыс режимдерін өзгерту немесе жаңартуды;
Диспетчерді хабарландыра отырып, бағдаршам объектісін бақылау және ақаулығы туралы хабарландыруды қамтамасыз ету мақсатында бағдаршам объектісін немесе объектілер тобын автоматты және қолмен басқаруды орындау мүмкіндігін береді.
3. Осы қызмет алгоритмін орындау үшін белгілі бір сыртқы команданы орындайтын қоңдырғыны басқару объектісі дейді.
Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару объектісіне әсер ететін тиімді ыкпалды басқару дейді. Егер бұл басқару адамның қатысуынсыз жүзеге асса, оны автоматты, ал адамның катысуымен болса қолмен басқару деп атайды. Жалпы технологиялық процестер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектілеріне жатады. Технологиялық процесті берілген қызмет жоспарына сәйкес объектіге сырттан берілетін арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын басқару алгоритмі дейді.
Басқару объектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы делінеді.
...