Таралған технологиялық процестердің автоматты басқару жүйелеріндегі диспетчерлік бақылау және басқаруы
Автор: aitoooosha • Ноябрь 6, 2018 • Курсовая работа • 2,139 Слов (9 Страниц) • 1,169 Просмотры
Кіріспе
Цифрлық есептеуіш құрылғылардың математикалық негізі екілік арифметика, яғни олар тек ноль мен бірді қабылдайды.
Алгебра логикада келесі қатынастар айқындалған:
Эквиваленттік қатынас:
Логикалық қосу (дизъюнкция): (НЕМЕСЕ элементі)
Логикалық көбейту (конъюнкция): ( ЖӘНЕ элементі)
Инверсия: (ЕМЕС элементі)
Инверсиялық көбейту (Шеффер функиясы): (ЖӘНЕ-ЕМЕС элементі)
Инверсиялық қосу (Пирс функциясы): (НЕМЕСЕ-ЕМЕС элементі)
Аттас таңбалы емес функциясы:
Аттас таңбалы функция:
Шифратор дегеніміз кіріс унитарлық кодты шығыс позициондық кодқа, яғни ондық кодты екілік кодқа түрлендіретін комбинациялық логикалық құрылғы. Ол келесі логикалық элементтердің негізінде құрылады: НЕМЕСЕ (ИЛИ), НЕМЕСЕ-ЕМЕС (ИЛИ-НЕ), ЖӘНЕ-ЕМЕС (И-НЕ).
Дешифратор дегеніміз ол шифраторға қарама қарсы функциялар атқарады: кіріс позициондық кодты унитарлық кодқа, яғни екілік кодты ондық кодқа түрлендіретін құрылғы.
Код түрлендіргіш дегеніміз бір колты басқа бір кодқа түрлендіретін немесе айналдыратын құрылғы. Мысалы, код түрлендіргіштің кірісіне n-кірісі бар екілік код кірсе, ол оны m-шығысы бар ондық кодқа түрлендіреді. Сонымен қоса, Грей, циклдық, Хемминг кодтары да бар.
Бұл аталған құрылғылардың барлығы комбинациялық логикаға негізделген.
Жұмыстың мақсаты.
Жаңа электрондық базаны пайдалана отырып, қазіргі кездегі басқару жүйелерін жаңарту жобаның мақсаты болып табылады.
Қызметі: жасалып жатқан басқару жүйесі белгілі бір алшақ қашықтықтағы технологиялық құрылғыларды басқару үшін арналған. Белгілі бір алшақ қашықтықта орналасқан 10 батырма арқылы басқару сигналдары жіберіледі де, басқару сигналының дешифрациясы дешифратор блогы арқылы орындалады. Ол өз алдына сигналға тиісті деген орындаушы механизмдерін қосады. Іске қосылған орындаушы механизімінің индикациясы код түрлендірушіге орындалып, ол оны 7 сегментті кодты пайдаланып, тиісті деген ондық санау жүйесінің сандарын бейнелейді.
Техникалық тапсырма.
Жұмыс істеген құрылғының номеріне сәйкес санды 7 сегментті кодтан бейнелеуді диспетчерлік басқару мен қолдануды жобалау.
Басқару объектілерінің саны: 10.
Бейнелеу түрі: ондық санды 7 сегментті индикатор арқылы бейнелейді.
Шығыс басқару сигналының түрі: «құрғақ» контакт.
Кодталған сигнал түрі.
Кодталған сигнал келесі түрде көрсетілген: Нұсқа № 73
№ A B C D E
0 1 0 0 0 1
1 0 1 0 1 0
2 1 0 0 1 0
3 0 0 0 1 1
4 1 1 0 1 1
5 0 1 1 0 0
6 1 0 1 0 0
7 0 0 1 0 1
8 1 1 1 0 1
9 0 0 1 1 0
4. Құрылғының құрылысы.
Құрылғының функционалдық схемасы 1 - суретте көрсетілген.
Сурет 1 - Құрылғының функционалдық схемасы.
A1 – Теру өрiсi;
A2 – Шифратор;
A3 – Дешифратор;
A4 – Код түрлендіргіш;
A5 – Жетісегментті индикатор;
Y0 … Y9 – Орындаушы механизмдердің басқарушы сигналдары.
ҚБ – Қоректендіру блогы.
А Үстемесінде құрылғының жалпы схема көрсетілген.
...