Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қаржының негіздері

Автор:   •  Март 6, 2019  •  Лекция  •  22,963 Слов (92 Страниц)  •  916 Просмотры

Страница 1 из 92

Тақырып №1 Қаржының негіздері

Мақсаты: берілген тақырыптан студент келесілерді білуі керек:

  • Ақша түсінігін, атқаратын функцияларын, ақша айналысын және оның элементтерін қарастыру;
  • «Ақша» және «қаржы» түсініктерінің өзара байланысын ажыра білу;
  • Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қазіргі кездегі даму үрдісін айқындау.

Жоспар:

1 Ақшаның түсінігі мен мазмұны. Ақшаның функциялары. Ақша айналысы. Ақша жүйесі және оның элементтері. Айналыстағы ақша массасының құрылымы.Ақша агрегаттары.Ақша және инфляция.Баға индексі.

2 Қаржы түсінігі. «Ақша» және «қаржы» түсініктерінің өзара байланысы. Қаржы және ұлғаймалы өндіріс. Қаржының ерекше белгілері және оның функциялары. Қаржы және қоғамдық үдеріс. Қаржы ресурстары, жинақтар және қорлар, олардың түрлері, көздері және өсу факторлары.

3 Қаржы жүйесі және оның құрамы. Жеке қосалқы жүйелерге сипаттама және түрлері. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің қазіргі кездегі даму үрдісі.

1. Ақшаның пайда болуы туралы бірнеше  ғылми көзқарастар бар. Солардың ішінде ең көп тараған екі ғылми теория : ақшаның  рационалистік және эволюциялық  пайда болу теориялары.

Рационалистік теорияның өкілдері – ақша адамдардың өзара келісуінен пайда болған, яғни ақшаны адамдар өздері ойлап тапқан деп тұжырымдайды. Бұл теорияны   алғашқы  авторы Аристотель.  Ол былай деп тұжырымдаған: «...барлық айырбасқа түсетін тауарларды әйтеуір бір – бірімен салыстыру қажет; ол  үшін  адамдар арасында шартпен келіскен тауарларды салыстыратын өлшем  болу керек,  ол  – ақша болады», - деп түсіндірген.

Эволюциялық теорияның жақтастары ақша адамдардың ойлап тапқан айырбас құралы емес, ол ұзақ жылдар  бойындағы тауар айналымының даму сатысында пайда болған бүкіл тауарларға балама айырбас құралы деп түсіндіреді.  Бұл теорияның авторы - К.Маркс. Оның ойынша  : «Ақша тауардың ұзақ жылдар бойы  айналымынан шыққан тауар, ал тауар – сатуға немесе айырбастауға қажетті еңбек өнімі. Ақшада  тауар сияқты тұтынушылық және айырбас құны бар», - деп келтірген    

      Тұтынушылық құны тауардың  жалпылама  тұрмыстық  қажеттігін сипаттайды.  Айырбас құны – бұл бір тауардың екінші тауарға белгілі бір қатынаста айырбасталу қабілетін көрсетеді.

 К.Маркстің айтуынша: «Тауардан бөлініп шығып өзінше  жеке тауар болып табылатын айырбас құны – ақша болып табылады». Айырбас құны өзінің даму сатысында мынандай  құн формаларының эволюциялық өзгеру кезеңдірінен  өтті.  

1. Алғашқы тайпалық (первобытнообщинный) қоғамда құнның жай ( кездейсоқ) формасы, яғни бір тауарды екінші бір тауарға жай айырбастау  формасы болды.

2. Еңбек бөлінісінің дамуы және өндірістің өсуі нәтижесінде нарықтағы тауарлар саны мен түрлері арта түседі, бір тауар басқа көптеген балама тауарларға айырбастала алатын болды. Бұл айырбас формасы құнның толық немесе  жалпы  айырбас формасы деп аталады (мысалы, бір қап бидайды : бір қойға, бір немесе екі аңшы құралына,  немесе тағы бір қажетті тауарға айырбастауға болады).

3. Тауар өндірісінң әрі қарай дамуына байланысты айырбасқа түсетін  тауарлардың ішінен басқа тауарларға айырбастала алатын жалпылама балама  тауарлар бөлініп шығады.  Мұндай тауарлар әр халықта әртүрлі болған: мал, аң терісі, піл  сүйегі, тұз, әйелдердің әшекей заттары (моншақ, қымбат тастар) сияқты тауарлар. Бұл құнды құнның жалпылама айырбастау формасы деп атайды. Бірақ,   жалпылама айырбас тауары болып әлі ешқандай тауар бөлініп шыққан  жоқ.  

4. Кәсіпкерліктің (ремесло), жерді өңдеп үйрену, өнім алу сияқты қызметтердің пайда болуына байланысты құнның  жалпылама айырбастау формасы әрі қарай жетіле түсті. Айырбас тауары ретінде металл ақшалар пайда болды. Кейін келе жалпылама айырбас балама тауары ретінде бағалы металл ақшалар: алтын, күмістер  қолдана бастады. Сөйтіп құнның жалпылама айырбас формасы  ақша формасына ауысты.  Монеталардың пайда болуы ақшаның пайда болуының соңғы сатысы.

...

Скачать:   txt (352.6 Kb)   pdf (1 Mb)   docx (226.4 Kb)  
Продолжить читать еще 91 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club