Екілік іздеу ағашы
Автор: Azamat Manat • Сентябрь 14, 2020 • Курсовая работа • 8,737 Слов (35 Страниц) • 882 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Кафедра ИТБ
Курстық жоба
С++ бағдарламасы бойынша практикум
( пәннің атауы)
Тақырып: Кездейсоқ сандар жиынтығымен екілік іздеу ағашын құратын программа жасаңыз.
Қабылдады:
Оспанова А. Е.
(баға) (оқытушының аты жөні) (қолы) (уақыты)
Комиссия мүшелері: Орындаған:
Сайлауқызы Жұлдыз Манат А.Е
(қолы, аты-жөні) (студенттің аты-жөні)
Шодырова Б. Х. СИБ-19-2
(қолы, аты-жөні) (группа)
(қолы, аты-жөні)
2020
КУРСТЫҚ ЖОБАҒА ТАПСЫРМА
С++ бағдарламмалау пәні бойынша ФИТ- 19-2 тобының студенті Манат Азамат Есенгельдыұлы
Тақырып: Екілік іздеу ағашы
Бастапқы мәліметтер:Екілік іздеу ағашы. Кездейсоқ сандар жиынтығымен екілік іздеу ағашын құратын программа жасаңыз. Сонымен қатар, берілген мән бойынша ағаштағы түйінді қосуға, жоюға және іздеуге болады. Пернетақтадан операцияларды таңдау және кілттің мәні енгізіледі.
Тапсырма берілді « » сәуір 2020 ж. Жетекші Оспанова А.Е қолы
Студент Манат А.Е қолы
Мазмұны:
Кіріспе.
Қолданылған техникалық құралдар және программалар.
1. Теория.
1.1 BFS және DFS іздеу амалдары.
1.2 Үйінді құрылымы.
2.Вариант бойынша жұмыс.
2.1 Код
2.2 Кодтың орындалуы
2.3 Қолданылған функциялар және структуралар
Қорытынды
Антиплагиатқа тексеру:
Түпнұсқа:90,97%
КІРІСПЕ
Жалпы бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаттарының бірі екілік іздеу ағашымен танысу және сол ағашты практикада қолдану білу. Бұл әрекеттердің барлығы С++ программалау тілінде жүзеге асырылады. Жалпы, жұмыстың барысын түсіндіре өтсем: ең алдымен титулды парақ әзірленді, кейін курстық жұмысқа тапсырма алынды, кейінгі бетте жұмыстың мазмұны орналасты, келесі бөлім кіріспе,негізгі бөлім (тармақтары: тапсырма сипаттамалары, теориялық бөлім, программалық қамтамасыз ету, әдістемелік бөлім), қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, ең соңғы бөлім бағдарламалар бөлімі. Жалпы бұл бөлімдердің және бөлімдердің ішіндегі бөлімшелердің мазмұнын қысқаша түсіндіре өтсем.
Біз күнделікті өмірде белгілі бір әрекеттер орындау барысында көптеген алгоритмдерді қолданып жүрміз. Міне, осы тұрғыдан алғанда, өмір деген алда тұрған мәселелерді шеше алатын алгоритмдер жиыны деп түсінуге болады. Сол себепті оны жүйелі түрде оқып, келешекте пайдалану тәсілдерін үйренуіміз қажет. Мысалы, кез келген формуланы есептеу, квадрат теңдеуді шешу, жиымдарды өңдеу алгоритмдері.
Өткен ғасырдың 80-жылдары басында UNIX операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істейтін компьютер әлемінде ең белгілі тілдің бірі С тілі болды. Содан бері ол дербес компьютер мен мейнфреймдерде (үлкен компьютерлер) жұмыс істейтін негізгі тілдердін біріне айналды. Программалық жабдықтамалармен айналысатын көптеген фирмалар бұл тілді мәтіндік процессорлард, электрондық кестелерді,
...