Неге мысықтар оғаш қылықтар жасайды?
Автор: Gaukhar97 • Апрель 5, 2018 • Реферат • 491 Слов (2 Страниц) • 793 Просмотры
Неге мысықтар оғаш қылықтар жасайды?
Неге мысықтар олай істейді?26-ты миллиардтық көріністер мен ютуб желісіндегі 2 миллионнан астам бейнебаяндарында мысықтардың секіргені,аңдығаны,нәпсі етіп дауыс шығарғаны мен өрмелеуіне қарағанда олар өте сүйкімді әрі қызықты жануарлар.Мысықтардың мұндай қылықтары мен іс-әрекеттері көбімізде "Мысықтар неге олай істейді?" деген сұрақ туғызады.Көп уақыттар бойы мысықтар өздерінен үлкен жыртқыш аңдар үшін қорек ретінде,ал өздерінен кіші жануарлар керісінше олар үшін азық болған.Мысықтардың жыртқыш аң немесе қорек ретінде ары қарай өз түрлерінің сақталуы бүгінгі таңда маңызды инстинктивтік мінез-құлыққа тәуелді.Сіздің үйдегі Гризмо атты мысығыныздың қылықтары сізге оғаш болып көрінсе, жабайы табиғатта бұл қылықтар мысықтарда миллиондаған жылдар бойы қалыптасады,осының арқасында Гризмо керемет мысық болып есептеледі.Бірегей құрылымы мен күшті бұлшық ет теңгеру қабілеттеріне байланысты, мысық өз аумағын және жабайы өмірде азығын табу үшін, ең биік нүктелерге көтеріле алады.Гризмо үшін бұл дағдылар керек емес,себебі оның жейтін тамағы әрдайым ыдысында болады,бірақ та бұл оған кейде сөренің үстінгі жағына мініп,қарауына кедергі келтірмейді.Мысықтар да жабайы аңдар сияқты азығы қолжетімді болған кезде аң аулайды.Мысықтардың қорегінің көлемі кішкентай болғандықтан,олар жиі тамақтануына тура келеді және де оларды жеп қоймас үшін олар төбелесіп,қақтығысып,өлтіруі керек.Сондықтан Гризмо күні түні тамақ жеп,өзінен кіші ойыншықтарға шабуылдайды.Әдетте кішкентай жануарлар тар жерлерде тығылады,сондықтан Гризмоның кішкентай контейлерді қайта- қайта аша беруінің басты себебі осы.Бұл инстинтктер оларға миллиондаған жылдар бойы өз түрін сақтап қалуына кепіл болды.Жабайы табиғатта аң аулап,өз өздерін қорғау мен өрмелеу үшін оларға өткір тырнақтар қажет болды.Тырнақтарын жер бетінде мықтап ұстауы оларға өздерін дайын сезіну үшін,арқасы мен аяқ бұлшық еттерін созыуна және де кейде күйзелуді доғаруына көмектесетін.Сондықтан бұл сіз оның қоршаған ортасына әкелген кереуеттер,үстелдер,жастықтар мен перделерді жек көреді дегенді білдірмейді.Ол бұл заттарды жыртып тыстауы оның арғы тектері тіршілік ету үшін істеген дағдылары болып саналады.Мысықтар басқа аңдар сияқты оларды ұстап алмас үшін ары қарай дамыды,ал жабайы табиғатта жыртқыш аңдардан ең жақсы тығылған- мысықтар .Онда сіздің үйде тар қуыста жасырыну мен іздеудің сарапшысы- Гризмо болып табылады.Оның таза әрі иісі жоқ қорапты неге таңдайтынынын себебі де осында.Бұл оған жақын маңда иіскелеп жүрген аңдардан жасырынуға көп мүмкіндік береді.Біз олар жайлы көп білсек те,олардың бұл дағдысы әрі күшті,әрі құпия болып көрінеді.Мысықтар бақыт, стресс және аштық сияқты себептерге байланысты нәпсі етуі мүмкін. Бірақ бір қызыгы , олардың 25-тен 150 герцке дейінгі диапазоны тіндердің регенерациясына әсер ете алады.Оның нәпсі етуі оны керемет түс-серігі етеді,мүмкін оның нәпсі етуі өзінің немесе сенің бұлшық еті мен сүйектерінді емдейді.Олар ұзақ уақыттар бойы аң аулап,жеу үшін әрі жасырынып,қашып кету үшін жалғыз дамыды.Міне, бүгінгі күні мысықтар миллиондаған жылдар бойы жабайы табиғатта өсіп-өнуіне мүмкіндік беретін көптеген инстинктерін сақтап қалды. Бұл олардың кейбір көріністерін түсіндіреді. Оларға біздің үйлеріміз - джунглилары болып табылады .
...