Шпаргалка по "Химии"
Автор: qweeeeee • Март 10, 2022 • Шпаргалка • 8,578 Слов (35 Страниц) • 208 Просмотры
БИЛЕТ #1
- Сапалық анализді жүргізу әдістері. Анализді «сулы» және «құрғақ» әдістер арқылы жүргізу. Анализдің макро-, жартылай микро-, микро әдістері.
- Тотығу- тотықсыздану жүйелеріндегі тепе-теңдік. Химиялық анализде қолданылатын негізгі тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштар. Гальваникалық элемент. Гальваникалық элементтің схемасы.
1. Сапалық анализдің әдістерін химиялық, физикалық және физика-химиялық деп бөледі.
Химиялық әдістер көзге байқалатын сыртқы (аналитикалық) эффектпен жүретін химиялық реакцияларды қолдануға негізделген. Реакциялардағы аналитикалық эффект нашар еритін қосылыстардың түзілуімен, газдың бөлінуімен, ерітіндінің түсінің пайда болуымен немесе оның өзгеруімен байланысты. Мұндай реакцияларлы аналитикалық деп атайды.
Физиалық әдістер заттардың физикалық қасиеттерін, электр- немесе жылуөткізгіштігін, диэлектрикалық өткізгіштігін, флуоресценциясын, радиоактивтігін, т.б. өлшеуге негіделген.
Физика-химиялық әдістерде химиялық реакция нәтижесінде физикалық қасиеттердің өзгеруін бақылайды, мысалы, түстің, бояудың интенсивтігін, флуоресценцияның және т.б.
Физикалық және физика-химиялық әдістерді аспаптық инструментальды деп атайды.
Химиялық әдістерде элементтерді немесе иондарды анықтауда қолданылатын заттарды аналитикалық реагент, немесе реагент деп атайды, ал жүретін реакцияны аналитикалық, немесе сапалық реакция дейді. Мысалы, келесі реакцияда
BaCl2 +H2SO4= BASO4 + 2HCl, немесе қысқартылған түрінде
Ba2+ +SO4 2-= BASO4
барий катионы анықталатын зат, сульфат ионы – аналитикалық реагент.
Сапалық анализде қолданылатын реагенттерді 3 топқа бөледі: топтық, селективті, спецификалық.
Бір топ иондармен аналогиялық реакциялар беретін реагеттерді топтық деп атайды. Мысалы, Pb2+, Hg22+ и Аg+ катиондарына HCl ерітіндісімен әсер етсе, осы элементтердің хлоридтерінің ақ тұнбасы түседі. HCl аталған катиондардың топтық реагенті болып келеді.
Сыртқы эффектісі тек қана бір ионға немесе бір қосылысқа ғана тән болса, онда мұндай реакциялар спецификалық деп аталады. Бірақ мұндай реакциялар өте аз.
Ерітіндіде бірге жүрген иондарды бөлшектеу және жүйелік әдістерді қолдану арқылы анықтауға болады.
Бөлшектеу әдісінің негізінде анықталатын ионға басқа иондардың әсерін жоятын белгілі бір жағдайда орындалатын спецификалық реакция жатады. Әдіс қолайлы, бірақ спецификалық реакциялар аз болғандықтан, бұл әдістің қолдануы шектеулі.
Топтық реагенттерді біртіндеп қолдануға негізделген жүйелік әдіс кеңірек қолданы
Реакцияларды сулы және құрғақ әдіспен жүгізілуі мүмкін. Ерітіндіде заттар (иондар) арасында жүретін сулы реакциялардың маңызы жоғарырақ. Құрғақ реакциялар қосымша әдіс ретінде қолданылады. Бұл реакцияларды заттардың жалынды түске бояу , ұшқыштығын, балқуын және т.б. қабілеттерін анықтау үшін жүргізеді.
Әрбір химиялық реакция белгілі бір жағдайда ғана жүреді:
- белгілі ортада (қышқылдық, бейтарап, сілтілі);
- белгілі бір температурада.
Анализде қолданылатын реакциялардың сезімталдығы жоғары болу керек. Сезімталдық затты анықтау мүмкіншілігін көрсетеді. Реакцияның сезімталдығының сандық сипатын ашылу минимумы мен шекті концентрациясы немесе шекті сұйылуы береді. Ашылу минимумы m деп белгілі бір жағдайда берілген реагенттің әсерімен 1 тамшыда немсе 1 мл ерітіндіде ашуға болатын анықталатын ионның ең аз мөлшерін айтады, ол микрограммен өлшенеді (1 мкг = 10-3 мг).
...