Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шашыраткы өсімдігi кyрамындаfы биологиялык белсендi косылыстарды аныктау

Автор:   •  Сентябрь 13, 2022  •  Доклад  •  325 Слов (2 Страниц)  •  337 Просмотры

Страница 1 из 2

ШАШЫРАТҚЫ ӨСІМДІГІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІ ҚОСЫЛЫСТАРДЫ АНЫҚТАУ

Қанатқызы Д.

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Тоқтарбек М.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технологиялар факультеті

duisenbaevad@gmail.com u

Қазіргі таңда түрлі аурулардың алдын алу мақсатында дәрілік қасиеті бар өсімдіктер көптен зерттелінуде. Елімізде фармацевтика бағытын дамыту үшін мәдени өсімдіктермен қоса жабайы дәрілік өсімдіктерден эффективтілігі жоғары биологиялық белсенді кешен алу мақсат етіліп отыр. Сондықтан бұл зерттеуде Asteraceae тұқымдасына жататын Cichorium intybus өсімдігі таңдалынды.

Шашыратқының құрамындағы С, Е, А, В1, В2, В5 және В6 дәрумендерінің арқасында антиоксиданттық қасиет көрсетеді, ағзадағы көмірсу және липид айналымын жақсартатын, сонымен қатар шашыратқыда кездесетін инулин қосылысы қандағы глюкоза деңгейін нормада ұстап тұрады. Сол себептен сусамыр ауруының екінші типінде қандағы қант деңгейін түсіруде қолданылады. Цикорийдегі полифенол кешені қабыну үрдістерін азайтуға көмектеседі, артрит белгілерін жеңілдетеді және ішек ауруларына көмектеседі.

Инулин ағзадан көптеген зиянды заттарды (ауыр металдар, токсиндер) шығарады, жүрек-тамыр аурулары, ісік  пайда болу қаупін азайтады, иммундық жүйені нығайтады, сондықтан оны алу үшін оңай қол жетімді және арзан өсімдік шикізатын іздеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.

Зерттеу нысаны – Алматы облысы, Қарасай ауданынан 2021 жылдың қыркүйек айында жиналған өсімдіктің жер үсті бөлігі зерттеуге алынды.

          Өсімдікті жинап, кептіру, шынайылығын анықтау ҚР Мемлекеттік Фармакопеясындағы талаптарға сәйкес жасалынды. Зерттеу нәтижелерін ала отырып, Алтай өңірінен 2015 жылдың тамыз айында жиналған көрсеткіштерімен салыстырылды. Нәтижесінде, Алматы облысында өсетін Cichorium intybus өсімдігінің ылғалдылығы 6,34% болғанда, Алтай өңірінінен алынған шашыратқы ылғалдылығы 9,25% құрады; Алматы облысынан жиналған шашыратқы күлділігі 7,79%, Алтай өңірінде жиналған шашыратқы күлділігі 6,29% , экстрактивті заттар мен кумариндер мөлшері шамамен бірдей екені анықталды.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (91.1 Kb)   docx (8.8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club