Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Iрi қара мал өтiнiн химия-биологиялык касиеттерi

Автор:   •  Июль 25, 2021  •  Реферат  •  2,708 Слов (11 Страниц)  •  420 Просмотры

Страница 1 из 11

ӘОЖ637.07

ІРІ ҚАРА МАЛ ӨТІНІҢ ХИМИЯ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

ЧомановУ.Ч., КененбайГ.С., ОмиржановаБ.Б., Татиева А.Н.

ЧомановУ.Ч., КененбайГ.С., ОмиржановаБ.Б., Татиева А.Н.

Chomanov U.Ch., Kenenbay G.S., Omirzhanova B.B., Tatiyeva A.N.

ЖШС «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты»

ТОО «Казахский научно-исследовательский институт перерабатывающей и пищевой промышленности»

LLP «Kazakh research institute of processing and food industry»

Аңдатпа: 

Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы өндірісінің, шикізат ресурстарын терең өңдеудің проблемалары өте көп және өзінің шешімін табуды талап етеді. Малды сою кезінде арнайы шикізаттың бағалы түрлері (қан, сүйек, өт, ішек шикізаты, II санаттағы қосымша өнімдер,  май, тағамдық емес қалдықтар)  алынады. Бұл өнімдер фармацевтикалық, жемдік және техникалық өнімдерді өндіру үшін пайдалануға болатын заттар. Шикізаттарды  кешенді пайдалану кезінде барлық  арнайы шикізаттар мен қалдықтарды тиімді пайдалануға болатындығы, ғылым мен практика дәлелдеген.

Медицина саласында, ауылшаруашылық жануарларының эндокринді - ферменттік және арнайы шикізатын дәрілік мақсатта қолдануға болатын, көптеген  пайдаланылмаған қорлары көп. Фармакологияның дамуы, әртүрлі емдік препараттарды әзірлеу үшін, эндокринді - ферменттік және арнайы шикізаттың барлық пайдалы қасиеттерін толығымен ашуға мүмкіндік береді.

Әлемдік нарықта ірі қара мал өтіне сұраныс өте жоғары. Қазіргі уақытта Қазақстанда эндокриндік-ферменттік және арнайы шикізат өңделмейді.

 Сондықтан, медициналық және ветеринариялық препараттарды өндіруге арналған эндокриндік-ферменттік және арнайы шикізаттарды жинау және өңдеу тиімді  бағыттардың бірі болып табылады. Сол себепті, осы мақалада малды сою кезінде алынатын, малдың өтін өңдеу жұмыстары келтірілген.

Өтті консервілеу кезінде химия-биологиялық құрамы анықталып, сақтау мерзімі белгіленді. Мақалада өттің зерттеу нәтижелері ұсынылды.

Кілт сөздер: ірі қара мал, өт қабы, өт, консервілеу, химия-биологиялық көрсеткіштері.

Кіріспе

Аграрлық сектордағы инновациялық үдеріс дегеніміз - бұл техникалық және технологиялық идеяларды жаңа технологияларға немесе оның жекелеген компоненттеріне айналдыру. Ауылшаруашылық өндірісінің инновациялық дамуы – бұл экономиканың барлық салаларында жетістікке жетудің маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі экономикалық жағдайда өндірілетін өнім түрлерінің кеңеюі және олардың сапасының артуы жаңа технологияларды өндіріске енгізу арқылы ғана мүмкін болады [1].

Сондықтан да, бүгінгі күні еліміздің ғалымдарының басты міндеті - осы мәселелерді жылдам шешуге ықпал ететін инновациялық жобалар дайындау.        Бұл жобалардың басты мақсаты - Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешені субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және қайта өңдеу өндірісін дамытуға бағыттау үшін жағдай жасау болып табылады.

 Қазіргі уақытта мал шаруашылығынан алынатын, шикізат өнімдерін терең өңдеу проблемасы бар және өзінің шешімін талап етеді. Ол экологиялық және экономикалық аспектілерді қамтиды. Зерттеулердің нәтижесі бойынша, ТМД мен шет елдерде өт пен өт тасын өңдеудің ауқымы жеткіліксіз екендігі анықталды. Бүгінгі күні Ресейде арнайы шикізатпен бірқатар ірі компаниялар ғана жұмыс істейді. Беларуссиялық кәсіпорындардың бірі - «БелАсептика» ЖАҚ , ферментті препараттар дайындайтын және өндіретін «ШАКО» «Самсон Мед» осы инновациялық жобаны өз мойындарына алды. Ал  Беларуссиялық «Belmedpreparaty» RUE өтті терең өңдеумен айналысады.

Сойылған малдың ішкі ағзасынан алынған шикізатты үш топқа бөлуге болады: эндокриндік, ферменттік, арнайы шикізат.

♦ Эндокриндік шикізатқа, қан мен лимфаға бөлінетін сөлдің шығуканалдары жоқ бездер, сондай-ақ дене препараттары үшін қолданылатын қос секреция бездері, гипоталамус, қалқанша без, ұйқы безі және асқазан бездері,бүйрек үсті бездері және сойылған жануарлардың жыныстық жетілген ерлерінің ұрықтары кіреді.

♦ Ферменттік шикізат бұл- ірі қара малдың ішектерінің, шошқа асқазанының, қой мен ешкінің, ірі қара малдың және шошқалардың шырышты қабығы, қарын асты безі және жыныстық жетілген аналық малдың аналық безі.

...

Скачать:   txt (36.8 Kb)   pdf (223.9 Kb)   docx (38.2 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club