Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сарысу алабы өзндерiнiн жылдык аfындысын аныктау

Автор:   •  Июнь 20, 2019  •  Дипломная работа  •  4,707 Слов (19 Страниц)  •  579 Просмотры

Страница 1 из 19

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

САРЫСУ АЛАБЫ ӨЗНДЕРІНІҢ ЖЫЛДЫҚ АҒЫНДЫСЫН АНЫҚТАУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы– «Гидрология»

Алматы 2017

КІРІСПЕ

1 САРЫСУ ӨЗЕНІНІҢ ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Жер бедері

1.2 Геологиялық құрылымы

1.3 Топырақ және өсімдік жамылғысы

1.4 Климаты

1.4.1 Радиациялық баланс

1.4.2 Ауа температурасы

1.4.3 Атмосфералық жауын-шашын

1.4.4 Қар жамылғысы

1.4.5 Ауа ылғалдылығы

1.4.6 Жел режимі

2 ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕЛГЕНДІГІ ЖӘНЕ БЕТКІ АҒЫНДЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ

2.1 Сарысу өзенінің гидрологиялық зерттелгендігі

2.2 Ағындының қалыптасу жағдайы

2.3 Өзендері және уақытша су ағындардың режимі

2.4 Көлдері мен бөгендері

2.5 Гидрологиялық зерттелгендігі

2.6 Гидрологиялық бекет жайлы ақпарат

3 САРЫСУ ӨЗЕН АЛАБЫНЫҢ ЖЫЛДЫҚ ҮЛЕСТІРІМІН БАҒАЛАУ

3.1 Есептік кезеңді талдау

3.2 Аналог өзенді таңдау ережелері

3.3 Жеткілікті болған кезде

3.4 Жеткіліксіз болған кезде

4 Сарысу алабы өзенінің жылдық ағындысын есептеу

1. САРЫСУ АЛАБЫ ӨЗЕНДЕРІ АҒЫНДЫСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖАҒДАЙЫ

1.1 Жер бедері

Сарысу алабы өзендері Орталық Қазақстан аумағын қамтиды. Бұл аумақтың жер бедерін айтатын болсақ, жер бедері айтарлықтай адырлы болып келеді. Осы аумақтың көп бөлігін Қазақтың ұсақ шоқысы алып жатыр. Оңтүстік және қиыр батыс аумақтары ғана тегіс жер бедерімен ерекшеленеді.

Қазақтың ұсақ шоқысы герциндік және альпілік каледондық қатпарлар нәтижесінде пайда болған. Герциндік таулардың ұзақ денудациясы нәтижесінде ұсақ шоқының қазіргі жер бедері құрылған. Адырлары күмбез немесе конус тәрізді 30-40м биіктікке дейін, кей жағдайда 80-100м биіктікке көтеріледі. Олар әдетте меридианальды бағытқа созылған қырқалар тобын құрады. Қырқалар мен шоқылар жон тәрізді жазықтармен, өзен аңғарларымен және кең шоқы аралық төмендеулермен бөлінеді. Қырқалар мен шоқылардың төбелері түптік жыныстармен көмкерілген, ал беткейлері тасшақпарлармен жабылған.

Қарастырылып отырған аумақтың батыс бөлігінде 1135м абсолюттік биіктікті құрайтын Ұлытау таулары орналасқан. Шыңдары 1000-1100м жететін орталық бөлігінде Ақтау таулары орналасқан. Бұл таулар Қарқаралы-Ақтау аласа таулар тізбегінің бөлігі болып табылады. Биік таулы түйін облыстың шығыс бөлігінде жатыр. Бұл таулар жүйесі көптеген оқшауланған тау жоталарынан және кең таулы қыраттардан тұрады. Қарқаралы және Қызыларай таулары олардың ішіндегі айтарлықтай биік тауларға жатқызылады. Бұл таулар облыстың ең биік нүктелері болып табылады. Абсолютік биіктіктері 1400м-ден асады. Аумақтың солтүстік шығысында Арқалық және Нияз таулары орналасқан, олардың биіктігі 300-500м құрайды. Тау жүйелерінен аз ғана қашықтықта орналасқан ұсақ шоқылар ақырындап жекелеген көтерілістері бар жазықтыққа өте бастайды. Бұл жазықтық солтүстікте Теңіз-Қорғалжын ойпаңының бөлігі болып табылады. Оңтүстік шығысында Қарқаралы-Ақтау таулары үзіліп, Солтүстік Балқаш маңы жазығына айналады. Бұл жердің жер бедері айтарлықтай тегіс, кей жерлерінде ғана аса биік емес көтерілістер және оқшауланған төбелер кездеседі.

Бұл облысқа Бетпақдала жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Аумақтың

...

Скачать:   txt (71.2 Kb)   pdf (112.3 Kb)   docx (31.4 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club