Жакламай алу және биологиялык, физикалык касиеттерiн аныктау
Автор: EsenZR • Февраль 5, 2023 • Лабораторная работа • 711 Слов (3 Страниц) • 214 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А.БУКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІ
ХИМИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯ ЖӘНЕ ПОЛИМЕРЛЕР КАФЕДРАСЫ
ДАЙЫН ДӘРІЛІК ҮЛГІЛЕРДІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ БИОФАРМАЦИЯСЫ
№ 1 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ЖАҚПАМАЙ АЛУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ.
ҚАРАҒАНДЫ
ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
ЖАҚПАМАЙ АЛУ ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ, ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН АНЫҚТАУ.
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
Жағар (жақпа) майлар. Unguenta Жағар (жақпа) майлар - өзінің маңыздылығын қазіргі замандағы медицинада да жоғалтпаған ежелгі дәрілік түрлердің біріне жатады. Жағар майлардың негізгі тобы - дерматологияда ауруды және зақымдалған теріні емдейтін, сонымен бірге отоларингологияда, проктологияда қолданылатын емдік жағар майлар. Жағар майлар теріні сыртқы жағымсыз (органикалық тітіркендіргіштердің, қышқылдардың, сілтілердің және басқа тітіркендіргіштертердің) әсерлерінен қорғайтын құрал ретінде және косметикалық мақсатпен (пигменттік дақтарды кетіруге, терінің қоректендіруін жақсартуға) қолданылады. Кейінгі кездерде жағар майларды бөлек ішкі органдарды және толық ағзаны емдеу, профилактика және диагностика мақсаты (ЖМҚ) мен қолдану көзделіп отыр. Жағар (жақпа) майлардың емдік әсері негізінен олардың құрамына кіретін дәрілік заттармен анықталады. Қазіргі кезде жағар май түрінде барлық фармакологиялық (антисептиктер, жергілікті антибиотиктер, гормондар, витаминдер, грибке қарсы құралдар, антибиотиктер және т.б.) топтарға кіретін дәрілік заттар босатылады. Олар бір-бірінен физика-химиялық қасиеттеріне байланысты ерекшелінеді.
Жағар (жақпа) майлар - сыртқа қолданылатын дәрілік түрлер, олар терінің бетінде немесе кілегей қабатта тегіс, жылжымайтын қабат түзуге қабілетті тұтқырлығы жоғары болғандықтан түрін сақтайды, ал жоғары температурада оны жоғалтып, қою сұйықтыққа айналады. Жағар (жақпа) майлар официналдық дәрілік түрлер, ҚР МФ І басылымына жалпы топтық «Жергілікті қолданылытын жұмсақ дәрі-дәрмектер» мақаласы енгізілген. Фармакопея анықтамасы бойынша, жағар майлар - теріге, жараға, кілегей қабатқа жағуға арналған жұмсақ дәрілік түрлер. Жалпы мақаладан басқа КСРО МФ ІХ, Х басылымдарына - кейбір жағар майларға жеке мақалалар енгізілген.
Физико-химиялық, агрегаттық күйіне 292 байланысты жағар майлар сұйық және қатты дәрілік түрлер аралығынан орын алады. Дисперсологиялық жіктелу бойынша жағар майлар еркін, тұтқырпластикалық дисперсті ортасы бар жүйеге жатады.
Вазелин (Vaselіnum) фармацевтік іс-тәжірибеге 1876 жылы енгізілген. Вазелин өзінің құндылығын осы уақытқа дейін жоғалтпаған. Ол атом саны С17 - С35 болатын қатты және сұйық көмірсутектер қоспасы. Бұл тұтқыр, мөлдір, сыртқы көрінісі бойынша ақ түсті (Vaselіnum album) немесе сары түсті (Vaselіnum flavum) жіп тәрізді созылмалы біртекті масса. Вазелиннің бұл екі сорты тең бағалы. Қандай мұнайдан алынуына байланысты вазелиннің балқу температурасы 370 пен 50 0С аралығында ауытқиды. Вазелин суда ерімейді, этанолда аз ериді, хлороформда, эфирде ериді, балауыз және майлармен (майсана майынан басқасы) барлық қатынаста араласады. КСРО МФ Х басылымына сәйкес, егер рецептіде негіз көрсетілмесе, онда вазелин қолданылады. Бірақ көптеген дерматологтар вазелинді тек сау теріге қолдану керек екенін анықтады. Себебі, науқастарда жоғары сезімталдық байқалған. Вазелин тері және кілегей қабаттарына сіңбейді және дәрілік заттың толық босап шығуын баяулатады, сондықтан оны терінің беткі қабатына әсер ететін жағар майлар негізі ретінде қолданған тиімді. Вазелиннің кемшіліктері: терінің физиологиялық қызметтерін (жылу-, газжәне ылғалды алмасуын) бұзады, тері, шаш және киімдерден жуылуы қиын, кейбір жағдайларда сенсибилизациялық және аллергиялық әсер көрсетеді.
...