Хлорлы препараттар
Автор: Nurgali26 • Март 16, 2019 • Доклад • 1,156 Слов (5 Страниц) • 770 Просмотры
Хлорлы препараттар
Дезинфекциялау құралдары-деп адам ағзасына, жануарларға және жалпы қоршаған ортаға теріс әсер ететін бактериялар мен өзге де микроорганизмдерді жоюға арналған химиялық қосылыстарды айтамыз. Бұл заттар бірнеше санатқа бөлінеді: олардың біреуіне құрамында хлор бар ерітінділердің негізіндегі қосылыстар кіреді. Олардың әрқайсысы белсенділік дәрежесімен, микробқа қарсы әрекет күшімен және басқа да сипаттамалармен ерекшеленеді.
Хлор химиялық элемент ретінде су және органикалық қосылыстарсыз белсенді емес. Хлорға су, сондай-ақ хлормен химиялық реакцияларға түсе алатын органикалық және бейорганикалық қосылыстарды қосқан жағдайда микробқа қарсы әсерді қамтамасыз ететін қосылыстар түзеді. Сонымен қатар, құрамында хлор бар бірқатар заттар табиғатта (натрий және кальций хлоридтері) бар және практикалық ветеринарлық медицинада кеңінен қолданылатын көптеген синтетикалық заттар алынған.
Хлор, су молекуласымен өте белсенді әрекеттеседі, су молекуласымен әрекеттесіп хлорлы-сутегі және хлорлы-су қышқылы пайда болады. Соңғы қышқыл тұрақсыз және күшті тотықтырғыш ретінде айқын микробқа қарсы әсерге ие атомдық оттегінің пайда болуымен ыдырайды. Бұл реакция тіндерге хлордың ағартқыш әсерінің негізінде жатыр.
Хлор аммиак және күкірт сутегінің молекулаларымен өзара әрекеттескен кезде дезодорациялаушы әсерге ие болады. Хлордың микробқа қарсы әсерінің маңызды сәті — амин қышқылдарының аминотоптарындағы сутегі иондарын хлор ионына ауыстыруы. Ақуыз молекулаларының құрылымындағы мұндай өзгерістер ақуыз молекуласының биологиялық қасиеттерін жоғалтумен сызықтық құрылымға айналуына әкеледі. Осылайша, микробқа қарсы әсер ету механизмі микробтық жасушаға атомдық оттегінің және атомдық хлордың енуінен қалыптасады, олардың біріншісі тотығу процестерін күрт бұзады, ал екіншісі аминотоптан сутегі иондарын ығыстыру нәтижесінде ақуыз молекулаларының денатурациясын тудырады. Мал қора-жайларын дезинфекциялау кезінде оларды органикалық ластанудан, сондай-ақ аммиак пен күкіртсутектен толық босату қажет, бұл микроорганизмдермен, сондай-ақ инвазиялық компоненттермен өзара әрекеттесу үшін негізгі хлор массасын пайдалануға мүмкіндік береді.
Көптеген жағдайларда суда, сондай-ақ ауада, ерітінділер мен препараттарда хлордың концентрациясы шекті көрсеткіштерден асып кетеді, сондай кезде бейтараптандыру талап етіледі. Бұл мақсаттар үшін натрий тиосульфаты қолданылады.
Кальций гипохлориті, Б хлорамин және пантоцид хлорлаушы препараттарға жатады. Хлораминдерде хлор белсенді болады, сол себепті ақуыздармен өзара әрекеттесу реакциясы қарқынды жүреді.
Пантоцид (Pantocidum). Хлор иісі әлсіз, ақ түсті, суда және қышқыл ерітінділерінде нашар еритін және сілтілерде жақсы еритін зат. Құрамында 50 % белсенді хлор бар.
Таблетка түрінде шығарылады, құрамында: пантоцид — 0,008 г; сусыз натрий гидрототығы — 0,0036 г және натрий хлориді — 0,1082 г. Әрбір таблеткада 3 мг таза хлор бар. Қараңғы жерде, шыныдан жасалған, тығыз жабылатын банкаларда сақталады.
Әртүрлі концентрациядағы ерітінділерде сыртқа қолданылады.
Пантоцид микрбқа қарсы және дезодорациялаушы әсерге ие. Микробқа қарсы және дезодорирлеуші құрал ретінде іріңді жараларды емдеу үшін, флегмондарда, 0,1—0,5% ерітіндіде абсцестерде қолданылады. Сол концентрациялы ерітінділерді акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде — вагинит, эндометрит кезінде қолданады. Антисептикалық әсер қолды және хирургиялық қолғаптарды өңдеу кезінде қолданылады (1-1,5% ерітіндісі). Суды дезинфекциялау үшін 0,5— 0,75 л 1-2 таблетка есебінен қолданылады.
Хлорамин Б (Cloraminum В).Ақ немесе сары түсті, хлор иісі әлсіз, суда және спиртте еритін, кристалды зат. Құрамында 25-29% белсенді хлор бар.
Ұнтақ түрінде жақсы жабылатын банкаларда шығарылады. Салқын және жарықтан қорғалған
...