Нематодтарға қарсы қолданылатын препараттар
Автор: aslan01022018 • Апрель 22, 2018 • Курсовая работа • 4,524 Слов (19 Страниц) • 1,252 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университеті
«Жұқпалы емес аурулар және морфология»
кафедрасы
«Фармакология» пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы:
«Нематодтарға қарсы қолданылатын препараттар»
Орындаған: ВМ 35 топ студенті
Жаннат Ә.М.
Тексерген: аға оқытушы,магистр
Ертлеуова Б.О.
Орал, 2017
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Нематодтардың таралуы
2.2. Гельминттерге қарсы қолданылатын заттар
2.3 Нематодтарға қарсы препараттар
2.4 Нематодтарға қарсы препараттарға сипаттама
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Бүгінгі күні жұқпалы аурулар эпидемиялогиясында паразитарлы ауруларға айрықша назар аударуға мәжбүр болып отырмыз. Ауыр паразитарлы ауруларға адамға тән емес жануарлар гельминттерінің
дернәсілдері тудыратын ларвальдық гельминтоздар жатады.
Елімізде адамдарды паразиттеуші 60-қа жуық гельминтоздар кездеседі. Жұмыр құрттар (нематодтар) туғызатын ең кең тараған гельминтоздарға аскаридоз, трихоцефалез, энтребиоз, анкилостомидоз, тениаринхоз, тениоз, мониозиоз, нематодироз, буностомоз, телязиоз т.б. жатады.
Гельминтоздың организмде дамуы құрттардың түріне, санына, организмнің иммундық қабілетіне тікелей байланысты. Гельминттер организмде аллергиялық тітіркендіру, зиянды заттармен улау, тінді жарақаттау және жұкпалы ауру микроорганизмдерін енгізу нәтижелерінде патологиялық өзгерістер жасап, ауру тудырады.
Курстық жұмысымның негізгі мақсаты – пән бойынша теориялық материалдарды толық меңгеруге көмектесетін ғылыми-зерттеу жұмыстарына негізделетін, студенттің, курстың теориялық деректерін өз бетінше талдай білуін анықтау болып табылады.
Сондай-ақ курстық жұмысымның негізгі міндеттеріне –нематодтарға қарсы препараттарға сипаттама беру, берілген топ препараттарының әсер ету механизмін, қолдану көрсеткіштерін, препараттардың жанама әсерлерін анықтау жатады.
Негізгі бөлім
2.1 Нематодтардың таралуы
Гельминттер түгелімен жер шарынын тропикалык және субтропикалық белдеулеріне таралған. Грузия, Азербайжан, Түркменстан, Өзбекстан және Қазақстанда анкилостомидоздар кездеседі. Тропикалык елдерде жұмыс кезеінде паразиттермен ластанған суда шомылғанда, антилостомалар жұмыртқасы тері арқылы енгенде тері анкилостомасы байқалады. Аскаридалар жұмыр құрттардың кең таралғаны. Кейбір елдердің тұрғындарының тұрмыстық жағдайына тікелей байланысты. Олар өте жиі кездеседі. Мысалы, Жапония тұрғындарының аскаридозбен 100% зақымданғаны белгілі, себебі сол елде адам нәжісі егіндікке тыңайтқыш ретінде пайдаланылады. Зоология ғылымының паразитті құрттарды зерттейтін саласы гельминтология деп аталады. Паразитті кұрттар аркылы адам, жануарлар мен өсімдіктер организмде пайда аурулар болатын ішқұрт немесе гельминтоз ауруы деп аталады.
...