Химиядан әртүрлі қиындығы жоғары есептерді шығарту
Автор: Ayazhan033 • Июнь 6, 2022 • Реферат • 2,656 Слов (11 Страниц) • 308 Просмотры
«Саяқ кенті жалпы білім беретін №6 орта мектебі» КММ
КЕЛІСІЛДІ ҚАРАЛДЫ БЕКІТЕМІН
Балқаш қаласы білім Балқаш қаласы білім, «№ 6 орта мектеп» КММ
бөлімінің басшысы бөлімінің әдістемелік директоры
Агдарбекова Г.Ж кабинеті меңгерушісі Жумашева М.Ж[pic 1][pic 2]
Хаттама № Бектурганова А.О « » 2020жыл [pic 3][pic 4][pic 5]
« » 2020жыл « » 2020жыл [pic 6][pic 7][pic 8][pic 9][pic 10][pic 11]
«Химиядан әртүрлі қиындығы жоғары есептерді шығарту»
Бағдарламасы
(10-сынып, 34 сағат)
2020-2021 жыл
Құрастырған:
Сұлтанғазиева Г.Т
Химия-биология пәнінің мұғалімі
Балқаш
Мазмұны
- Түсінік хат .......................................................................................................3 бет.
- Факультативтік курс бағдарламасы............................................................. 4 бет
- Факультативтік курс бағдарламасының мазмұны....................................5-6 бет
- Тақырыптық – күнтізбелік жоспар...........................................................7 -9 бет
- Әдебиеттер тізімі......................................................................................... 10 бет
№6 орта мектебінің оқу-әдістемелік кеңесінің 31.08.2020 оқу жылындағы № 1 қаулысымен бекітілген.
Құрастырған: Химия-биология пәнінің мұғалім Сұлтанғазиева Г.Т
Бұл бағдарлама жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану- математикалық бағыты бойынша 11 сыныпқа химия пәнінен «Химиядан әртүрлі қиындығы жоғары есептерді шығарту» тақырыбындағы қолданбалы курсты жүргізуге арналған.
Сараптамалық кеңестің 31.08.2020 жылдың № 1 кепілдемесі
Түсінік хат
Химия курсының теориялық материалын сәтті игертудің тиімді жолдарының біріне химиядағы типтік есептерді шығару дағдыларын қалыптастыру мен меңгерту жатады. Болашақта химия және биология мамандықтарына даярлайтын ЖОО-на түсем деушілерге, әртүрлі типтегі химиялық есептерді шығару әдістемесін игерудің пайдасы орасан. Тиісті мамандықтар бойынша ЖОО-на түсуге үміткер абитуриенттерге және студенттерге типтік есептерді көптеп шығарту қолға алынуда.
Есептер шығару – химия ғылымын өмірмен байланыстыра алатын тамаша әдіс. Есептер шығару арқылы адамның олау, есте сақтау, сөйлей алу қабілеттерін дамытуға болады, химиялық заңдар мен құбылыстарды түсінуге, дүниетанымдылыққа қалыптастырамыз. Бұл курс жаратылыстану-математика бағытының химия-биология бағдарының 10 сыныбына арналған. Оқу бағдарламасы бойынша жаратылыстану-математика бағытының 10 сыныбынын, әр бөліміне сәйкес қолданбалы курс мазмұны құрастырылып, алынып отыр. Бұл курс химияның теориялық тақырыптарын терең меңгеруде, оқушылардың әртүрлі тәсілдермен сандық есептер шығару дағдыларын жетілдіріп, дамытуда маңызды. Бағдарлама мазмұнын құруда оқушылардың 8-9 сыныпта алған негізгі тірек білімдері ескеріліп, сол алған білімдерін 10 сыныпта берілетін химиядағы түрлі тақырыптар бойынша тереңдетіп, кеңейту бағытындағы сандық есептер шығаруға арналды. Қарапайым есептерден күрделі есептер шығару арқылы, дағдылары қалыптасқаннан соң күрделі (олимпиадалық) есептер шығару бағытына қарай ауысып, білімдерін тереңдету мақсаты қойылып отыр.
...