А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы
Автор: lanabakyt • Сентябрь 7, 2021 • Реферат • 298 Слов (2 Страниц) • 602 Просмотры
А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы (1861ж.) бойынша:
Органикалық қосылыстар молекуласындағы атомдар бір-бірімен белгілі бір тәртіппен, валенттілігіне тәуелді орналасқан. Атомдардың белгілі бір тәртіппен орналасуының бұзылуы, жаңа заттың түзілуіне алып келеді. Мысалы, С2НбО формуласына екі әртүрлі қосылыс сәйкес келеді: диэтилэфирі (СН3-О-СН3) және этил спирті (С2Н5ОН).
Заттардың қасиеттері молекула құрылысына, яғни атомдардың қосылу ретіне және байланыс сипатына тәуелді.
Органикалық молекулалардың құрылысы - оның құрамындағы атомдардың химиялық байланыстардың көмегімен белгілі бір ретпен байланысып орналасуы.
1930 ж. Ағ.ғалымдары Р.Робинсон, К. Ингольд электрондық араласу теориясын ұсынды. Бұл теорияның мәні екі электрондық эффектілер жайында:
Электртерістігі жоғары атомның ковалентті байланыстың сигма электрон жұбын өзіне қарай ығыстыру қабілеті индуктивті эффект деп аталады. Индуктивті эффект оң және теріс болады. Егер атом электрон жұбын өзінен кері ығыстыратын болса ол оң индуктивті эффект деп аталады. +J деп белгіленеді. Мұның нәтижесінде атом өзі ішінара оң зарядқа, ал көрші атом ішінара теріс зарядқа ие болады. Керісінше атом немесе радикал сигма электрон жұбын өзіне тартып, көрші атомның электрон тығыздығын төмендетсе, ол теріс индуктивті эффект деп аталады және -J деп белгіленеді. Мұның нәтижесінде атом ішінара теріс зарядқа, ал көрші атом ішінара он зарядқа ие болады. Оның біріншісін – индуктивті әсер арқылы таңбалайды және ол оң (+Ј) не теріс (-Ј) таңбалы болады. Индуктивті әсер (І-әсер)- орынбасарлардың электрондық әсерінің δ-байланыс бойында таралуы.
Егер
...