Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Химиялық байланыс және зат құрылысы

Автор:   •  Октябрь 8, 2021  •  Лекция  •  1,198 Слов (5 Страниц)  •  626 Просмотры

Страница 1 из 5

ДӘРІС 4

Химиялық байланыс және зат құрылысы

Мақсат:

Химиялық байланыстардың түрлерімен танысып, заттар құрылысының, физикалық, химиялық қасиеттерінің молекула құрамындағы  химиялық байланыс түріне тәуелділігін терең түсіну.  

Жоспар:

1

Химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі алғашқы теориялар.  

2

Химиялық байланыстың түзілу себептері. Химиялық байланыстың қазіргі заманғы теориялары жөніндегі мәліметтер.  

3

Атомдық орбитальдардың гибридтелінуі, орбитальдардың қабысу түрлері және молекуланың кеңістіктегі формасы.

4

Химиялық байланыстардың түрлері: коваленттік, полярлық, иондық, металдық, координациялық, сутектік байланыстар және молекула аралық әрекеттесулер.

5

Кристалдық торлардың түрлері: атомдық, молекулярлық, иондық және металдық торлар. Қарапайым және күрделі заттардың қасиеттерінің химиялық байланыстың түрі мен кристалдық тордың типіне байланыстылығы.

 

         Химиялық байланыстың табиғаты жөніндегі алғашқы теориялар ХІХ ғасырдың басында пайда бола бастады. 1807 ж ағылшын ғалымы Дэви келесі идеяны  ұсынды: Молекулалар атомдардың электрстатикалық тартылысы нәтижесінде пайда болады.

1812 ж швед ғалымы Берцелиус Дэвидің идеясын әрі қарай дамытып келесі теорияны ұсынды: “Атомдардың барлығында да оң және теріс полюс болады, бір атомдарда - оң полюс , келесі атомдарда теріс полюс басым болады. Әртүрлі зарядталған полюстарымен бір-біріне тартылып атомдар молекулалар түзеді.”

1861 ж орыс ғалымы Бутлеров химиялық құрылыс теорисын ұсынды: “Молекулада атомдар  валенттіліктеріне сәйкес белгілі бір ретпен байланыс түзеді. Заттардың қасиеттері тек оның құрамына ғана емес, молекулада атомдардың қандай реттілікпен байланыс түзгеніне де байланысты.”

           1916 ж американ ғалымы Льюис келесі теорияны ұсынды:

“Химиялық байланыс атомдардың арасында ортақ  электрон жұптарының пайда болуы  нәтижесінде түзіледі.” Льюис – қазіргі заманғы коваленттік байланыс теорисының негізін салушы.

1916 ж неміс ғалымы Коссель келесі теорияны ұсынды:

“Әрекеттесу барысында бір атомдар электронын берін оң зарядталады, келесі атомдар электронды қосып алып теріс  зарядталады. Химиялық байланыс оң және теріс зарядталған атомдардың бір-біріне электростатикалық тартылысы  нәтижесінде түзіледі.”

Коссель – қазіргі заманғы  иондық байланыс теориясының негізін салушы.

     Химиялық байланыстың қазіргі заманғы  теориялары:

1.Валенттік байланыс теориясы. Бұл теория бойынша химиялық байланыс түзіледі тек валенттік электрондардың қабысуы нәтижесінде.

             2.Молекулярлық орбитальдар теориясы. Бұл теория бойынша химиялық байланыс түзіледі молекула құрамындағы атомдардың электрондарының   орбитальдарының барлық атомдарға ортақ молекулярлық орбитальдар түзуі нәтижесінде.

Сонымен химиялық байланыс – заттардағы атомдардың электростатикалық  тартылыс күштерінің  арқасында  бір-бірімен  байланысуы. Химиялық байланыстың түзілуі энергетикалық тиімді, себебі - химиялық байланыс түзілгенде жүйенің энергия қоры азаяды, яғни жүйе тұрақты жағдайға көшеді. Мысалы сутек атомдарынан сутек молекуласы түзілгенде 435 кдж/моль энергия бөлінеді. 435 кдж/моль – сутектің бір молі түзілгенде бөлінетін энергия (Етүзілу)  немесе сутектің бір молін ыдыратуға қажет энергия (Еыдырау).  Кез-келген химиялық байланыстың түзілу энергиясы мен ыдырау энергиясы бір-біріне тең:

...

Скачать:   txt (17.4 Kb)   pdf (121.2 Kb)   docx (13.9 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club