Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы. Асқын өткізштік
Автор: perizaorda • Апрель 18, 2023 • Лекция • 480 Слов (2 Страниц) • 230 Просмотры
Әл-Фараби атындағы мамандандырылған лицей
Физика
Әртүрлі ортадағы электр тогы.
Металдардағы электр тогы. Асқын өткізштік
Физика пәні мұғалімі: Өмірбай Перизат
Алмалыбақ 2023
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Әртүрлі ортадағы электр тогы. Металдардағы электр тогы. Асқын өткізгіштік
Бөлім | Электр және магнетизм | |
Педагог | Өмірбай Перизат | |
Күні | 27.02.2023 | |
Сынып: 10 В сынып | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | Металдардағы электр тогы. Асқын өткізгіштік | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 10.4.3.1 – металдардағы электр тоғын сипаттау және кедергінің температуға тәуелділігін талдау; 10.4.3.2 – жоғары температурадағы асқын өткізгішті материалдарды алудың жолдарын талқылау; | |
Сабақтың мақсаты | Металдардағы электр тогын сипаттай аласыңдар және кедергінің температураға тәуелділігін сараптай аласыңдар, жоғары температурадағы асқынөткізгіш заттарды алу перспективаларын талқылай аласыңдар. |
Сабақтың барысы | ||||
Сабақтың кезеңі/ уақыты | Педагогтың әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 5 мин | Classroom Dojo платформасы арқылы оқушыларды түгендеу және 4 топқа бөлу. 1 топ – Металл, 2 топ – Электр, 3 топ – Ток, 4 топ – Өткізгіш. | Интерактивті тақтада көрсетілген оқушылармен бірге топтарға бірігеді. | Интерактивті тақта | |
Үй тапсырмасын тексеру Running and dictation әдісі 5 мин | Өткен бөлімді қайталау үшін оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. | Жұптық тапсырма барысында жүгіретін оқушылар мұғалім жасырған қағаздарды тауып, екінші оқушыға айту керек. | Таратпа қағаздар | |
Тақырыпты ашу. Learning Apps платформасынан фото-мозаика әдісі арқылы 5 мин | Педагог оқушылардың интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты сөздерді көрсетеді. | Оқушылар сөздерді құрастыру арқылы «МЕТАЛДАРДАҒЫ ЭЛЕКТР ТОГЫ» сөзін табады. | Тақырыпты тапқаны үшін әр оқушыға 1 баллдан беріледі. | Интерактивті тақта |
Сабақтың ортасы 7 мин | Оқушыларға интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты слайд көрсетіледі. | Оқушылар слайдтағы мәліметті дәптерлеріне түсіреді. | Слайд | |
Видео 5 мин Phet Colorado | Оқушылар жаңа тақырыпты меңгеруі үшін Phet Colorado-дан видео көрсетіледі. | Phet Colorado онлайн платформасынан тақырыпқа байланысты тәжірибе көрсетіледі | ||
Сабақты бекіту тапсырмасы Google әдісі арқылы 10 мин | Төрт топқа да өтілген тақырып бойынша постер жасалынады. Постерді жасап болғаннан кейін әр топ постерлерді басқа топтармен алмастырады. | Оқушылар топ болып постер жазады. Әр топ басшылары қарсы топтың постерін орын алмастырып дескриптор бойынша тексеріп қате кеткен тұсын және жинаған балын айтады. | Дескриптор арқылы 5 балл | Үлестірме материалдар, сурет қиындылары |
Сабақтың соңы 5 мин Қорытындылау Жеке жұмыс Google әдісі арқылы | Оқушыларға сұрақтар таратылып беріледі. | Топтағы оқушылар қағазға есімдерін жазып, парақта көрсетілген сұраққа жауап береді. | Слайдта сұрақтардың жауабы көрсетіледі. Әрбір дұрыс жауап берілген сұраққа оқушылар 1 (бір) балл белгілейді. 4 балл | |
Кері байланыс (Рефлексия) 3 мин «Стикер мен 3 сұрақ әдісі» қосымшасы арқылы | «Стикер мен 3 сұрақ» әдісі арқылы оқушылардан кері байланыс алынады. | Берілген 3 сұраққа жауап береді. 3 сұрақ: 1. Нені білдіңіз? 2. Не қызықты болды? 3. Нені түсінбедіңіз? | Стикер |
...