Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Әртүрлі геодезиялық жұмыстардың түрлерін кадастрда қолдану

Автор:   •  Февраль 25, 2021  •  Реферат  •  1,477 Слов (6 Страниц)  •  1,506 Просмотры

Страница 1 из 6

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

География және Табиғатты пайдалану факультеті

                                 [pic 1]

                                 

                              СӨЖ

                  Тақырыбы: Әртүрлі геодезиялық жұмыстардың түрлерін кадастрда қолдану

                                      Орындаған: Туленов Алмас Даулетович

                                                   Тексерген:  Алимсеитова Жанар Кенесхановна

                                                 

         Алматы 2021

МАЗМҰНЫ

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Геодезиялық жұмыстар
  2. Кадастрда қолданылатын геодезиялық жұмыстар
  1. Қорытынды

Пайдалынған әдебиеттер

I.Кіріспе

 Қазақстан Республикасының геодезия және картография туралы заңына сәйкес жер туралы, жер бетінің объектілері, табиғи, техногендік және қоғамдық үдерістер мен нақты дүниенің өзгерістерін, оларды графикалық сандық, электрондық және өзге де нысандарды жасауда, жаңартуда, жер кадастрлық жұмыстарда арнаулы немесе салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық қызмет көрсету жолдары туралы міндеттер қарастырылған. Сонымен қатар кадастр жасауда геодезиялық жұмыстардың маңызымен рөлі өте зор екендігі атап көрсетілген, яғни жер бетіндегі жылжымайтын мүліктермен жер телімдерінің орналасуы туралы мәліметтер қатаң түрде кеңістіктік өзара байланыста болуы тиіс. Топографиялық-геодезиялық зерттеу мен іздестірулер жүргізу жерге орналастыру іс әрекеттерінің бірі болып табылады. Ол басқа жерге орналастыру іс әрекеттерін карта және план түрінде топографиялық негізбен қамтамасыз етуге қолданылады: жаңа жер пайдалануының қалыптасуы және бұрыннан барларының жерлерінің орналасуындағы жолақтануды және басқа ыңғайсыздықтарын жою; аудандық пландау схемасының негізінде жер пайдаланулардың шекараларын дәлдеу және өзгерту;

II.Негізгі бөлім

1. Геодезиялық жұыстар .

Пландық-картографиялық материал жерге орналастыру объектісін жазықтық (горизонталь) және вертикаль (биіктіктік) жақтарынан сипаттайды және белгілі дәлдіктегі әртүрлі жобаларды, оларға техно-жұмыс сызбаларын құру үшін, арнайы зерттеулер (топырақтық, геоботаникалық, мелиоративтік геологиялық және басқа) жүргізуде, суландыру және құрғату жүйелерін жобалауда және ауыл шаруашылық қызмет көрсету объектілерінің орналастыру орнын анықтау үшін; сондай-ақ, жерді рекультивациялауды, жыралардың еңістігін көлбеулету және тегістеуді жобалауда және басқа жер бетін өзгерту және өндіріс қажеттілігіне келтіруге бағытталған жұмыстарда қолдануға жарамды болу тиіс.      

Бұл мәліметтерді алудың негізгі әдістері мен тәсілдері геодезия ғылымымен зерттелетін әртүрлі геодезиялық өлшеулерді жүргізу.

Геодезия – жер бетін өлшеу жайында ғылым, оның мақсаты жердің формасы мен көлемін зерттеу, пландар, карталар, профильдер құру және жергілікті жерлерде басқа да инженерлік мәселелерді шешу. Геодезия әдістері мен тәсілдерін жерге орналастырушылар, топырақ танушылар мен геоботаниктер, мелиораторлар мен құрылысшылар, агрономдар мен жеміс-көкөнісшілер, орманшылар мен гидротехниктер және басқа халықшаруашығы мамандары қолданады.

Геодезия инженерлік ғылым ретінде математика, астрономия, физикаға сүйенеді, география мен геология, топырақтану мен геоморфология, өсімдік тану мен геоботаника, жерге орналастыру мен жерді мелиорациялаумен және басқа салалық ғылымдармен және ғылыми пәндермен тығыз байланысы бар.

Жердің формасын және мөлшерін халық шаруашылығы қажеттіліктері үшін, әсіресе ауылшаруашылығы үшін геодезия арқылы зерттеу, келесі сұрақтардың шешілуін талап етеді: жер беті элементтерін, оның құрам бөліктерін арнайы геодезиялық аспаптар мен құралдар арқылы өлшеуді, өлшеу нәтижелерін өңдеу және оларды бір жүйеге келтіруді; өлшеу нәтижелерін рәсімдеу және оларды планға, картаға және басқа графикалық құжаттарға түсіруді.      

...

Скачать:   txt (19.7 Kb)   pdf (221.4 Kb)   docx (257.1 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club