Радиотаратқыш. Радиотаратқыштың құрылымдық сұлбасы
Автор: guzi9595 • Февраль 4, 2018 • Курсовая работа • 6,116 Слов (25 Страниц) • 2,901 Просмотры
Мазмұны
Кіріспе | 3 | |
1 | Радиотаратқыш. Радиотаратқыштың құрылымдық сұлбасы | 4 |
1.1 | Теледидарлық радиотаратқыш. Құрылымдық сұлбасы | 6 |
1.2 | Радиобайланыстың шығу тарихы | 11 |
1.3 | Радиобайланысты ұйымдастырудың негізгі әдістері | 13 |
2 | Антенна | 15 |
2.1 | Антеннаның шығу тарихы. Антенна түрлеріне қарай ажыратылуы | 16 |
2.2 | Антеннаның жалпы сипаттамалары. Қазақстандағы антенналар | 16 |
2.3 | Антенна-фидер құрылымының жалпы принципі | 18 |
2.4 | Антенаның негізгі параметрлері мен мінездемесі | 21 |
3 | Радиотаратудың спутниктік байланыс жүйесі | 23 |
Қорытынды | 25 | |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 26 |
Кіріспе
Радиотарату Қазақстан Республикасың әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының президентінің «Қазақстан Республикасында цифрлық телетаратуды дамыту» мемлекеттік бағдарламасы жайлы жарлығында: «Қазіргі заманда әлемде телекөру мен радионың ролі жоғары. Мәдениеттің құраушыларының бірі бола отырып, олар тілді, салт – дәстүрді сақтауға, қоғамның рухани және материалдық құндылықтарын құрастыруға әсер етеді» деп баяндалған.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы ақпаратты таратудағы, өңдеудегі, түрлендірудегі, қорғаудағы және қолданудағы күрделі шапшаң өзгерістермен байланысты. Бұл өз кезегінде қоғамның жан-жақты өміріне айтарлықтай әсер етеді. Мұндай даму радиотехника, радиоэлектроника және байланыс теориясы сыяқты ғылым салаларының жетістіктері нәтижесінде мүмкін болды.
Жалпылама бұл курстық жұмыста радио тарихы, теледидарлық радиотаратқыш құрылымы, оның жұмыс істеу принциптері және ақпартты тарататын электромагниттік толқындар туралы ақпарат көрсетілген. Жұмыстың мақсаты радиотаратқыштың құрылысы және жұмысымен танысу.
Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің дамуы ақпаратты таратудағы, өңдеудегі, түрлендірудегі, қорғаудағы және қолданудағы күрделі шапшаң өзгерістермен байланысты. Бұл өз кезегінде қоғамның жан-жақты өміріне айтарлықтай әсер етеді. Мұндай даму радиотехника, радиоэлектроника және байланыс теориясы, радиобайланыстық жүйелер сияқты ғылымсалаларының жетістіктері нәтижесінде мүмкін болды. Берілетін хабарлардың сәйкес жоғары немесе ультра жоғары жиілікті және модуляция көмегімен және электромагниттік тербеліс арқылы радиотаратқыш арқылы тарату қазіргі уақытта негізгі болып табылады. Барлық сымсыз құрылғылар, сонымен қатар, антенна радиоқабылдағыштар мен түрлі қосалқы құрылғылардың құрамында радио бөлігі бар. Радиотолқындар шығарып, солардың көмегімен ақпартты тарататын құрылғы – радиотаратқыш деп аталады. Ондағы ақпарат информациялық сигналмен араластырылып күшейткіштен кейін антеннадан кеңістікке шығарылады.
Теориялық ізденістер мен практикалық зерттеулер ақпаратты алысқа жеткізуде (әсіресе оны сөз, ән-күй, кескін түрінде бейнелеуде) өшпейтін синусоидалық әлектромагниттік тербелістердің аса маңызды екенін көрсетті. Міне, сондықтан ақпаратты өте алысқа жіберерде, жиілігі үлкен қуатты радиотолқындар пайдаланылады. Әдетте, жиілігі 0,2 МГц-тен асатын радиотолқындар ұзын, 1 МГц-тен асатыны орта, 12 МГц аймағындағылар қысқа, ал одан үлкен жиіліктегілері ультрақысқа радиотолқындар деп аталады.
1 Радиотаратқыш. Радиотаратқыштың құрылымдық сұлбасы
...