Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Радиобайланыс жүйесінің құрылымдық сызбасы

Автор:   •  Апрель 22, 2018  •  Реферат  •  2,518 Слов (11 Страниц)  •  1,405 Просмотры

Страница 1 из 11

Мазмұны :

  1. Дабылдар
  2. Радиобайланыс жүйесінің құрылымдық сызбасы 
  3. Дабылдар мен кедергілер классификациясы, негізгі анықтамалар
  4.  Радиотолқындар ауқымы

Электрбайланыстың бастапқы дабылы, спектр ұғымы

Электр дабылы – бұл хабарламаның материалдық тасымалдаушысы (таратушы). Электрбайланыс жүйесінде алыс қашықтықтарға хабарламаны тарату үшін айнымалы электр тогы (сымды желілерде), электромагниттік өріс (радиотолқындар), жарық толқыны (оптикалық-талшықты байланыс желісі) таратушы болып табылады.

Жоғарыда айтылған таратушылардың тарату жылдамдығы жарық жылдамдығына жуық, сондықтан бұл таратушылардың көмегімен зор өлшемді ақпаратты таратуға болады.

Кез келген электрбайланыс жүйесінде түрлендірулерді жүзеге асыратын құрылғылар болуы керек:

- таратуда: ақпарат - хабарлама - дабыл;

- қабылдауда: дабыл - хабарлама - ақпарат.

Байланыс жүйесінің құрылымдық сызбасы 1 суретте көрсетілген.

[pic 1]

Сурет 1 – Байланыс жүйесінің құрылымдық сызбасы

Ақпаратты жіберуші және алушы байланыс жүйесінде абоненттер болып табылады, сондықтан оларды абоненттік құрылғылар немесе терминалдар деп атайды.

Таратқышта бастапқы дабылдың байланыс желі бойынша таратуға қолайлы жоғарыжиіліктіге түрлендіруі жүреді.

Қабылдағышта қабылданған дабылдан бастапқы дабыл шығарылады, бірақ байланыс желісіндегі кедергілер үшін ол бастапқыдан біршама ажыратылады.

Байланыс арнасы – жіберушіден алушыға хабарламаны таратуды қамтамасыз ететін техникалық құралдар мен тарату ортасының жиынтығы. Арналарды хабарламаның түрі мен тарату ортасына байланысты ажыратады: телефондық, телеграфтық, деректерді табыстау, дыбыстық және теледидарлық хабар тарату, сымды және кабельді, радиобайланыс, сандық.

Әр жіберуші-тұтынушы жұбына жеке байланыс желісін пайдалану экономикалық тұрғыдан орынсыз, сондықтан байланыс техникасында хабарламаларды тарату үшін көпарналы жүйелер (арналарды тығыздау жүйелері) қолданылады.

Дабылдар мен кедергілер классификациясы, негізгі анықтамалар

Қарапайым (гармоникалық) дабылдың математикалық моделі – бұл уақыт функциясы:

u (t) = Um cos (2p f t + f),

мұндағы Um – амплитуда, f – жиілік, f - фаза.

Кез келген күрделі дабылды (периодтық және периодтық емес – соңғы уақыт бөлігінде импульстік) математикалық Фурье қатарымен ұсынуға болады.:

u (t) = Uo + Σ U mn cos (2πfn t + Φn),

мұндағы Umn – n–ші гармоника амплитудасы.

Хабарлама – бұл жиірек күрделі формалы кездейсоқ дабыл. Үздіксіз (аналогты), дискретті және сандық дабылдар деп ажыратылады.

Дабыл спектрі – бұл сомада күрделі электр дабылын құрайтын жиіліктер, амплитудалар және бастапқы фазалардың нақты мәндерімен гармоникалар (гармоникалық құраушылар) жиынтығы. Спектрдің қысқаша ұғымы – бұл байланыс арнасындағы дабылмен ауыстырылатын жиіліктер жолағы.

Дабылдағы гармоника амплитудасының графикалық кескіні дабылдың спектрлік диаграммасы деп аталады.

Гармоникалық дабыл ең қарапайым спектрге ие (сурет 2).

[pic 2]

Сурет 2 – Гармоникалық дабылдың спектрі

Электрбайланыстың бастапқы дабылдары:

- телефонды сөйлеу дабылы немесе үндестік жиілігі 300 Гц-тен 3400 Гц-ке дейінгі спектрге ие; бұл спектр байланыс арнасы бойынша сөзді тарату үшін және бұл дабылды қабылдағыш жақта бұрмалаусыз қабылдау үшін жеткілікті;

- видеодабыл 50Гц-тен 6,5 МГц-ге дейін (SECAM жүйесі) және 50 Гц-тен 5,5 МГц-ге дейін (PAL жүйесі) жиілік жолағын алады – бұл ең кең жолақты бастапқы дабыл;

- радиомен хабар беретін дабыл 20 Гц-тен 20 кГц-ге дейін жиілік жолағын алады;

Периодты импульстік дабылдар спектрі импульс қуыстылығына тәуелді.

Қуыстылық – дабыл кезеңінің импульс ұзақтығына қатынасы, қуыстылық көп болған сайын дабылдың спектрі кең болады:

Мысалы:

1) қуыстылық g=4 болғанда, спектр 1.3. суретте көрсетілген бейнеде болады

[pic 3]

Сурет 3 - қуыстылық g=4 болған кездегі кезеңдік дабыл спектрі

...

Скачать:   txt (39.5 Kb)   pdf (362.9 Kb)   docx (69.7 Kb)  
Продолжить читать еще 10 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club