Несеп қышқылының қышқылдық негіздік қасиеттері. Несеп қышқылының таутомериясы
Автор: Aselinaa • Февраль 22, 2018 • Реферат • 1,211 Слов (5 Страниц) • 2,182 Просмотры
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика
Академиясы
Фармакогнозия және химия кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Несеп қышқылының қышқылдық негіздік қасиеттері. Несеп қышқылының таутомериясы
Орындаған: Тұрдалы А.А
Тобы: 202 «Б» ФК
Қабылдаған:
Шымкент-2018 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Несеп қышқылының қышқылдық негіздік қасиеттері
2. Несеп қышқылының таутомериясы.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Пурин негіздері — табиғи кұрамдар тобы (аденин, гуанин және кіші пурин негіздері) пуриннің гетероциклді азот негіздерінің туындысы. Рибозамен, не дезоксирибозамен байланыскан Пурин негіздері нуклеозидтердің, сонымен бірге нуклеин қышкылдарының нуклеотидтерінің (нуклеозидтердің фосфорлы эфирі) кұрамына кіреді. ДНҚ-ғы пурин негіздері саны ондағы пиримидин негіздерінің санымен бірдей. Ал РНҚ- да бұлар көбірек.
- Пурин (имидазо[4,5-d]пиримидин) пиримидин және имидазол сақиналарынан тұратын конденсирленген гетероциклді жүйе.
- Алыну тәсілдері
- Пурин және оның туындыларын 4,5-диаминпиримидиндерді карбон қышқылымен конденсацияға ұшырату арқылы алады (Траубе әдісі)
- Физикалық қасиеттері
- Пурин - түссіз кристалды зат (балқу т. 217 °С), суда жақсы ериді, ацетонда, диэтил эфирінде, хлороформада нашар ериді.
- Пуриннің маңызды туындылары
- Пуриннің басты туындылары оксо- және аминпуриндер болып табылады.
- Оксопуриндер. Оксопуриндердің өкілдері зәр қышқылы, ксантин және гипоксантин болып табылады.
- Зәр қышқылы
- Түссіз кристалды зат (балқу т. 400 °С), суда, этанолда, диэтил эфирінде нашар ериді, сілтінің сұйытылған ерітінділерінде және глицеринде ериді. Зәр қышқылы ағзадағы пуринді қосылыстар алмасуының соңғы өнімі болып табылады, тәулікте 0,5-1г дейінн дейін адамның зәрімен бөлінеді.
- Зәр қышқылы екі негізді қышқыл болып табылады (pK=5.75; pK=10,5 ). Сілтінің сулы ерітінділерімен қышқыл және тұздар түзеді.
- Зәр қышқылының тұздарын ураттар деп атайды. Қышқылды ураттар, литий тұздарынан басқасы, суда нашар еритін қосылыстар. Кейбір аурулар кезінде, мысалы подаграда, олар буындарда жинақталады, бүйек-тас ауруларында бүйректе бүйрек тастары түрінде жинақталады.
- Зәр қышқылын азот қышқылымен қыздырып, сосын аммиакты біртіндеп қосатын болсаа мурексид деп аталатын күрең-қызыл-күлгін түсті пурпур қышқылының аммоний тұзы түзіледі.
- Гипоксантин және ксантин өсімдік және жануарлар әлемінде кең тараған. Фармацияда ксантиннің N-метилді туындылары- теофиллин, теобромин және кофеин үлкен маңызға ие.
Бұл табиғи қосылыстар алкалоидтар болып табылады. Теофиллин- шай жапырақтарының, теобромин- какао бұршақтарының, кофеин- шай жапырақтарының және кофе дәндерінің құрамында кездеседі.
- Аминпуриндер.
- Пуриннің маңызды аминтуындыларына, пуриндік негіздер ретінде нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін аденин және гуанин жатады. Гуанин екі таутамерлі- лактам және лактимді түрде кездеседі, соның ішінде тұрақтысы лактамды түрі болып табылады.
Аденин және гуанин түссіз кристалды заттар, суда қиын ериді, сілтілерді жақсы ериді. Олар нуклеин қышқылдарының гидролизі нәтижесінде түзіледі. Ағзада аденин және гуанин гипоксантин және ксантиге дейін дезаминденеді, сосын олар зәр қышқылына дейін тотығуға ұшырайды.
Медицина тәжірибесінде пурин туындылары дәрілік заттар ретінде кеңінен қолданылады.
...