Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бұлшықеттердің және басқа қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Тітіркену заңдары. Қозғыштықтың өлшемдері

Автор:   •  Март 27, 2023  •  Реферат  •  656 Слов (3 Страниц)  •  287 Просмотры

Страница 1 из 3

Қарағанды медицина университеті

Морфология және физиология кафедрасы

[pic 1]

РЕФЕРАТ

Тақырып: Бұлшықеттердің және басқа қозғыш ұлпалардың физиологиясы. Тітіркену заңдары. Қозғыштықтың өлшемдері

Орындаған: Мұхамеджан Ерасыл Аманбекұлы

Тексерген: Сарсембаева Шолпан Шайменқызы

Топ: Жалпы медицина 1-017

Қарағанды қаласы

2022-2023жж.

Қозғыш тіндердің жалпы қасиеттері

    Тірі организмде тіндерді қозғыш және қозбайтын деп екіге бөледі. Қозғыш тіндерге жүйке, бұлшықеттер, сөл бөлетін бездерде болады, ал қызбайтын тіндер қатарына дәнекер тін, шеміршек, терінің беткей тіндер эпителийлері жатады.

    Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттерін зерттеу үшін көбіне жүйке-ет препараты қолданылады. Ол бақаның шонданай жүйкесімен байланысқан балтыр етінен зерттейді.

Қозу мен қозғыштық

    Тітіркендіру әсерінен қозғыш тінде қозу үрдісі туады. Ол өте күрделі құбылыс болып келеді. Ол көбіне физиологиялық, биохимиялық және марфологиялық құрылымдық өзгерістерімен сипатталып келеді. Тін қозғанда, оның физиологиялық қасиеті – қозғыштығы өзгереді, жалсушалардың мембраналық шамасы әрекет потенциалына айналады. Әрекет потенциалы қозудың ең көрнекті белгісі болып келеді. Яғни қозу үрдісінің туғанын әрекет потенциалының пайда болғанын білуге болады. Осыған орай жылу шығару деңгейі артып, қимыл әрекеттері туады. Мысалы, ет тіні қозу салдарынан ширығып жиырылады. Сондай-ақ қозған жасушаның протоплазмасы золь қалпынан гельге айналып, онын тұтқырлығы өседі, миофибрилдердегі актин протофибрилдері миозин протофибрилдерінің арасынан өтіп, ет талшықтары қысқарады, оның көлденең жолақтығы жоғалыды. Қозған тін өзінің қызыметін атқара бастайды: ет жиырылады, ширығады, жүйке қозу өткізеді, бездер сөл шығарады. Сонымен қозатын тіннің тітіркендіруге жауап беру қабілеті – қозғыштық, ал оның жауабы қозу үрдісі.

Қозғыштықтың кезеңдері

Тіннің қозғыштығы оны тітіркендіргеннен бастап-ақ өзгереді. Алдымен қозғыштық төмендейді, одан кейін біртіндеп әдеттегі қалпына келеді де, жоғарылап барып, қайта төмендеп, қозу үрдісі аяқталарда бұрыңғы тыныштық кезіңдегі қалпына келеді.

    Қозу үрдісі басталысымен тіннің қозғыштық қасиеті құлдырап төмендеп, қаншама әсерлі болса да, біразға дейін келесі тітіркендіргіш күшке жауап бермей қояды. Бұл мезгіл абсолюттік рефрактерлік кезең деп аталады. Қозғыш құрылымның абсолюттік рефрактерлік кезеңі қысқа болады. Бұл кезең аяқталысымен қозғыштық қасиет қайта пайда болып біртіндеп әдеттегі қалпына келеді. Былайша айтқанда тін қозғыштығы біраз уақыт әдеттегі қалпынан төмен болады. Осы қозғыштықтың төмен уақыты салыстырмалы рефрактерлік кезең деп аталады. Бұл кезеңде тітіркендірудің ең аз мөлшері қозу табалдырығына жауап бере алмайды. Жауап әсерленісі туу үшін тітркендіргіштің күші табалдырық  күшінен жоғары болу қажет. Бұл кезең аяқталғаннан кейін қозғыштық қасиет жоғарлайды, біраз уақыт әдеттегіден басымырақ болады. Қозу қасиеті осы күшею сәтін супернормалды кезең дейді.

...

Скачать:   txt (10 Kb)   pdf (207.8 Kb)   docx (325 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club