Николас Леонард Сади Карно
Автор: Ulzhan2 • Ноябрь 16, 2023 • Реферат • 2,729 Слов (11 Страниц) • 179 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
[pic 1]
СӨЖ
Пәні:Физика тарихы
Тақырыбы: Николас Леонард Сади Карно
Тексерген: Ақжолова Ә.Ә
Орындаған: Сейтжан Ұлжан
Сұлтан Бибінұр
Топ: Фек-207
Алматы-2023
Мазмұны
1.Кіріспе 1
2. Сади Карно өмірбаяны 2
3. С. Карноның зерттеулері 3
3.1 Термодинамика 4
3.2 Карно циклі5
4. Карно теоремасы 6
5. Қорытынды 7
6. Пайдаланылған әдебиеттер 8
Кіріспе
Егер ХVII ғасырда физикада (механиканы есептемегенде) эксперимент басым болса, ал ХІХ ғасырда жағдай өзгере бастады. Ампер электрдинамикасы аналог математикалық теорияны электрмагнетизм үшін де жасауға болатындығын мүмкіндік берді. Бірақ Фарадейдің ұлы ашылулары жағдайды түбегейлі өзгертті. Түпкілікті заңды іздестіру тоқтамағанымен, электрдинамикада Макксвелге дейін идеялық әрекет үстемдік етті.
Бәрінен бұрын, жылулық құбылыстарды теориялық өңдеу аса қиынға соқты. Мұнда эмпирикалық фактілердің жинақталуы орын алып, жылулық сипаттакмаларды: кеңею, жылуөткізгіштік, меншікті жылусыйымдылық коэффциенттерін анықтау әдістері жасалды. Бұл өзгерістер бір жағынан қрақынды дамыған жылутехникасы үшін де қажет болды. «Әмірші бу» фабрикалар мен зауыттарда, темір жолдарда, теңіз және өзен жолдарында жұмыс жасады. Бу машинасы қарқынды түрдн дамыған капиталисттік индустрияеың негізгі және жалғыз қозғалтқышы болды.
Эмпиризмнің жалпы жағдайында теориялық сипаттағы тек екі зерттеу ғана бөлініп алынды. Алғашқы зерттеу математикалық сипатқа ие болып, ол математикалық физика дамуына үлкен ықпалын тигізді. Оны француз математигі Жан Батист Жозеф Фурье жасады. Оның «Жылудың аналитикалық теориясы» атты жұмысы өзі 1807 жылдан бастап айналысқан жылуөткізгіштіктің математикалық теориясын қамтыды. Ол жылуөткізгіштіктің дифференциалдық теңдеуін енгізіп, кейбір жекелеген жағдайлар үшін оны интегралдау әдістерін жасады. Фурье өзінің математикалық теориясында функциялардың тригонометриялық қатарларға (Фурье қатарына) ыдырауын қолданды. Математикада осы жайында туындаған пікірталас жемісті болды. Математикалық физикаға Фурье қатарлары мен интегралы берік енді.
Фурье жылуды кейбір сұйықтық (жылутегі) ретінде қарастырды. Бұл теорияны тағы бір тамаша ғалым, әскери инженер Сади Карно бөлісті.
Өмірбаяны
[pic 2]Николас Леонард Сади Карно (1796 ж. 1 маусым-1832 ж. 24 тамыз), Сади Карно деген атпен белгілі — француз физигі және математигі, термодинамиканың негізін салушы.
Әйгілі революционер, әскери қолбасшы, инженер және математик Лазаре Карноның ұлы, саясаткер Ипполит Карноның және оның атымен аталған, 1887-1894 жылдары Франция президенті болған Сади Карноның ағасы.
Сади Карно үйде жақсы білім алды. 1812 жылы ол Ұлы Карл лицейін тамаша бітіріп, сол кездегі Франциядағы ең жақсы оқу орны Париждегі - Эколь политехникасына түсті, оның мұғалімдері Андре-Мари Ампер, Франсуа Араго, Джозеф Луи Гей-Люссак, Луи Жак Тенар және Симеон Денис Пуассон болды. Карноның сыныптастары Мишель Чалс пен Гаспард-Гюстав Кориолис болды. 1814 жылы ол Париж политехникалық институтын академиялық үлгерім бойынша алтыншы орында бітірді және Мец қаласындағы инженерлік училищеге жіберілді, содан кейін 1816 жылы инженерлік полкке тағайындалды, онда ол бірнеше жыл болды. Осы уақыт ішінде Наполеон Бонапарттың «Жүз күні» яғни қайтадан билік басына келген кезі, ол Садидың әкесі Лазаре Карноны Ішкі істер министрі етіп тағайындады; бірақ императордың түпкілікті жеңілісінен кейін және 1815 жылы Людовик XVIII монархиясы оралғаннан кейін Лазаре Карно елден кетуге мәжбүр болды.
...