Бөлек тұрған ғимараттың жылыту жүйесін есептеу
Автор: Нурбек Мустафиев • Апрель 30, 2020 • Реферат • 5,665 Слов (23 Страниц) • 496 Просмотры
Кіріспе
Тақырыбы «Бөлек тұрған ғимараттың жылыту жүйесін есептеу» курстық жұмыста ғимаратын жылыту жүйесін жобалау және жылу көзін таңдауы қарастырылған.
Жобаның мақсаты өндірістік ғимараттарды жылыту «Жылутехникасы», пәні курсы бойынша алған теориялық білімді талдап қорыту және СНиП пен МЕСТ сәйкес орнықты жобалаудың дағдысын алу.
Жобаны орындаудың негізгі мақсаты – бөлек тұрған өндірістік ғимаратын жылыту жүйесін жобалау, бұл жұмысшылардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді және жүйенің жұмысының сенімділігін, жұмыстық қабілеттілігін арттырады.
Ғимаратының санитарлық нормаларымен ұсынылған бөлме ішіндегі ауаның температурасына ерекше талаптар қойылады, себебі жылу тұтынушыларға жылыту маусымы кезінде тәулік бойы үздіксіз жылу берілуі қажет.
Тіпті қысқа уақыт ішінде жылу берудің үзілісі тұтынушылардың мүддесін бұзады, әрбір жұмысщыға жеке-дара бірқатар қолайсыздық енгізеді.
Қазандық, жылумен қамту жүйесіне жылу энергиясын өндіретін жылу көзі болады, ал жылуды тасымалдайтын, тарататын және пайдаланатын бірқатар инженерлік құрылысымен қондырғылар осы жылуды ғимарат ішіне жеткізеді.
1. Жылыту жүйесінің түрін таңдап алу
1.1 Жылыту жүйесін баяндау
1.1.1 Жылыту жүйесінің атқаратын қызметі
Сыртқы ауаның температурасының, бөлмедегі ауаның температурасының денгейін жасанды түрінде жоғарырақ ұстауын - жылыту деп атайды.
Құрылыстармен ғимараттардың бөлмелерін жылытуын іске асыруын, оларда белгіленген температуралар денгейін ұстау үшін, жылулық комфорт жағдайыменен немесе оларда өтетін технологиялық процестермен анықталады. Бөлмелерді жылыту конвективтік және сәулелі болу мүмкін.
Конвективтік жылыту деп, бөлмедегі ауаның температурасыtB, радиациялық температурасынан tR жоғары болғанда айтылады.
Радиациялық температурасыtR - адам бөлменің ортасында болғанда, оған қатысты есептелетін бөлмеге бағыталған беттердегі орташа температурасы.
Сәулелі жылыту деп, бөлмедегі ауаның температурасыtB радиациялық температурасынан tR төмен болғанда айтылады.
Ғимараттардың бөлмелерінде ауаның температурасын ұстап тұру үшін және конвективтік немесе сәулелі жылытуды іске асыратын жабдықтар және қондырғылар кешенін жылыту жүйесі дейді.
Әр бір жылыту жүйесі үш элементтен құрылады:
1. Жылу көзі
2. Жылытатын бөлмеге жылу беретін қыздырғыш аспаптары.
3. Коммуникация жүйесі (құбыр, ауа жүретін құбырлар және т.б.) олар арқылы жылу көзінен арнайы жылу тасығышпен қыздыру аспаптарына жылу беріледі[1,4,5,11,12,13].
1.1.2 Жылыту жүйелерінің жіктелуі
Жылыту жүйесінің негізгі элементтерінің өзара орналасуына қарай жылыту жүйелері жергілікті мен орталықтандырылған болу мүмкін.
Жылу көзі, жылу құбырлары және жылыту аспаптары конструктивтік бір қондырғыда біріктіріліп және жылытатын бөлмеде орналасқанда жергілікті жылыту жүйесі деп аталады. Осыған қатысты, пешті, газды және электрлік жылытуы. Жергілікті жылыту жүйесінің әрекет радиусы, бір- үш бөлмелермен шектеледі.
Орталықтандырылған жылыту жүйесінде жылу көзі жылытатын бөлмеден тыс орналасады, ал жылу көзінде қыздырылған жылутасығыш жылу құбырларымен бөлмеде орнатылған жылыту аспаптарына дейін тасымалданады. Орталықтандырылған жылыту жүйелердің әрекет радиусы үлкен болып, әдеттегідей бұл бүкіл ғимаратты жылумен қамтиды.
Қазіргі жылыту жүйесінің практикасында жылу энергиясын тасымалдау үшін келесі жылу тасығыштарды пайдаланады: су, су буы, ауа, отын жанғандағы шығатын өнімдер, ал пайдаланатын жылу тасығышқа байланысты жылыту жүйесі мына түрлерге бөлінеді.
1.Су
...