Өзен алабында жатқан қардағы су қорны есептеу
Автор: Нұрсұлтан Әбдірахман • Апрель 23, 2024 • Контрольная работа • 898 Слов (4 Страниц) • 103 Просмотры
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
[pic 1]
Факультеті «География және табиғатты пайдалану »
Кафедрасы «Метеорология және гидрология\»
Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Өзен алабында жатқан қардағы су қорны есептеу
Орындаған:Әбдірахман Нұрсұлтан
Қабылдаған аға оқытушы: Джусупбеков Д.К
Алматы, 2024 ж
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС № 5
Өзен алабында жатқан қардағы су қорны есептеу
- Жалпы ережелер
Қар жамылғысы – өзендер ағындысына едәуір әсерін тигізетін аумақтың метеорологиялық және гидрологиялық режимінің негізгі элементтерінің бірі. Су теңдестік зерттеулердің жүргізуі, сондай ақ гидрологиялық есептеулер және болжаулар кезәнде ағындының қалыптасу жағдайын сараптау үшін, әдетте қардағы су қоры жөніндегі деректерді, оның үстіне көбінесе олардың алап бойынша орташа мәндерін қолданады. Бұл шамалар ауылшаруашылығының және экономиканың басқа да мүдделі салаларының қажетті сұраныстарын өтеуге қажет. Қар жамылғысындағы су қоры дегеніміз осы сәттегі қар жамылғысының бойындағы қатты және сұйық күйдегі судың жалпы мөлшері.
Қардағы су қорын анықтау үшін ідетте жүйелі түрде қар өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Өлшеу жұмыстары кезінде қардың биіктігі мен тығыздығы, мұз қабатының қалоыңдығы және топырақтағы судың қабаты өлшенеді, қардың астындағы топырақ қабатының жәй – күйі (тоң немесе еріген) маршрутты қар және мұз қорқасының жауып жату дәрежесі белгіленеді. Маршруттағы қар жамылғысының биіктігі 1 см-ге дейінгі дәлдікпен тасымалданатын рейкамен өлшенеді. Қардың тығыздығы салмақтық қар өлшеушінің көмегімен анықталатын (салмақтар бөлігінің шамасы 5 г ) және келесі формула бойынша есептеледі.
(12.1)[pic 2]
m-қардағы судың массасы, грамм есебімен
v-тығыздық өлшеуіші цилиндірдің көмегімен алынған сынама қардың көлемі, см^2
Тығыздық өлшеуші цилиндрдің колденең қимасының ауданы 50 см³ болғандықтан (12.1) формуласын келесі түрге түрлендіреміз:
[pic 3]
мұндағы m` - тығыздық өлшеушінің салмақ сызғышы бойынша алынған есеп;
h - оның цилиндрінің шкаласы бойынша алынған есебі.
Маршруттың (алаптың) жекелеген нүктелерінде өлшенген карлың биіктігі мен тығыздығы бойынша осы нүктелердегі, сондай-ак илап бойынша орташа қар жамылғысындағы су қорын есептеуге, сонымен қатар қардағы су корының берілген қамтамасыздығы үшін, өзен алабының проценттік үлесін анықтауға болатын қардағы су қорының интегралдық үлестірім қисығын тұрғызуға болады. Осыған ұқсас кисыкты кардың биіктігі үшін де тұрғызуға болады.
2. Тапсырманың мазмұны
Берілгені: белгілі бір күн үшін өзен алабы бойынша маршруттык кар түсіру нәтижелері (12. 1-кесте). Кар түсірудің нәтижелерінде қар өлшеу маршрутында өлшенген кардың биіктігі мен тығыздығы жөне мұз қабыршағының қалыңдығы келтіріледі.
Қойылатын талап:
1. Алап бойынша орташа кардағы су қорын анықтау.
2. Кардағы су корының алап бойынша интегралдык үлестірім кисығын тұрғызу.
3. Жұмысты рәсімдеу және графиктік қосымшаны орындау.
3. Әдістемелік көрсеткіш
1. Алап бойынша орташа кардағы су қорын анықтау.
Кардың биіктігі мен тығыздығы жөніндегі деректердің негізінде кардагы су қоры келесі формула бойынша есептеледі:
S1 = 10dh MM, (12.3)
мұндағы h- кардың биіктігі, см;
d- кардың тығыздығы, г/см³;
10- сантиметрден миллиметрге көшу еселегіші.
Тығыздық өлшенген нүктелердің топырағында муз қабыршағы байкалган жағдайда, су қоры қар үшін бөлек, муз қабыршағы үшін белек есептеледі.
Мұз кабыршағындағы су қорын есептеу кезінде оның тығыздығы 0,8 г/см³ тен етіп алынады.
...