Бөлек тұрған ғимараттың жылыту жүйесін есептеу
Автор: Kadirgaliev • Март 16, 2018 • Курсовая работа • 7,717 Слов (31 Страниц) • 1,709 Просмотры
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТІРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«АТ және МП» кафедрасының меңгерушісі
Бралиев М.К._____________
«Жылу техникасы» пәнінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Бөлек тұрған ғимараттың жылыту жүйесін есептеу»
5В071800 - «Электр энергетикасы» мамандығы бойынша
Орындаған: ЭЭ-23 топ студенті Тулегенов М.
Ғылыми жетекші: а.о. Сарсенов А.Е.
Орал 2017
МАЗМҰНЫ
Кіріспе | 3 |
1 Негізгі бөлім | |
1.1 Жылыту жүйесін іріктеп алу 1.2 Сыртқы қоршаулар арқылы жылу ысырабын анықтау 1.3 Жылыту жүйесінің қажетті қуатын есептеу 1.4 Жылыту аспаптарының түрін іріктеп алып олардың санын анықтау 1.5 Жылу жүйесінің қуатына сәйкес қазандарды іріктеп алу | 5 7 10 11 18 |
2 Экономикалық бөлімі | |
2.1 Келтірілген шығын есебі | 19 |
2.2 Капиталды төлем есебі 2.3 Экономикалық шығын минимумы есебі | 20 |
3 Қауіпсіздік және еңбек қорғау бөлімі | 21 |
3.1 Жылыту жүйесін құрастырудағы техника қауіпсіздігінің жалпы талаптары | 23 |
Қорытынды | 24 |
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі | 25 |
Кіріспе
Біздің мемлекетімізде өнеркәсіп пен ауыл шарушылығында қойылатын міндеттерді табысты жүзеге асыру көбінесе инженерлік мәселелерге, соның ішінде энергияны ұтымды пайдаланумен байланысты. Қалалық және ауылдық территориялардың жалпы энергетикалық балансында жылу энергиясы маңызды роль атқарады. Сондықтан жылумен қамту, жылутехникалық жабдықтарды тиімді пайдалану өнеркәсіп пен ауылшаруашылықты көтеретін маңызды шарттардың бірі болып табылады. Барлық тұтынатын энергия түрлерінің ішінде жылу энергиясын тұтыну басым болады. Жылу энергиясы технологиялық процестерге, жылытуға, желдетуге және ыстық сумен қамтуға жұмсалады. Химиялық, мұнай өңдейтін, целлюлоза-қағаз және тағам, былғары, жүн өңдеу - өнеркәсіптің жылусыйымды салалары болып саналады. Ауыл шаруашылығында жылудың біраз мөлшері жылыту мен желдетуге, мал шаруашылығы мен құс өсіру бөлмелерінде қажетті параметрлерді қамтамасыз етуге, қоймалар мен топырағы қорғалатын құрылыстарға, азық дайындауға, жасанды салқын алуға және т.б нысандарға жұмсалады. Жылу энергиясының басым бөлігі республикамыздағы қалалар мен ауылдарды жылытуға және оларды ыстық сумен қамтуға жұмсалады. Өнеркәсіптік нысандарды жылыту мен желдетуге кететін жылудың шығыны бөлмелердің көлеміне, ғимараттың климаттық орналасу аумағына, бөлмелердің атқаратын қызметіне, өндіріс түріне, шығаратын залалды заттардың болуына байланысты. Ыстық сумен қамтудағы жылу шығыны кәсіпорында жұмыс жасайтын адам санымен және, сонымен қатар, ыстық суды тұтынатын қондырғылар санымен анықталады. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда жылуды тасымалдаумен жылу масса алмасу бірге жүреді. Осы құбылыстар өзара байланысты. Өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерінің технологиялық процестерінде жылуды тасымалдау заңдарын ашып білу маманға белгіленген процестерді басқарудың үйлесімді әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Жылулық процестердің теориясын және энергияның ауысуының негізгі заңдылықтарын игермей жылуды ұтымды пайдалану мүмкін болмайды. Энергиялық ресурстарды үнемдеу бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеуге, өндірістің әртүрлі салаларында дәстүрлі емес энергия көздерін пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатаң талап қойылуына байланысты инженер- энергетиктің рөлі артты. «Бөлек тұрған өндірістік ғимаратын жылыту жүйесін есептеу» тақырыбы бойынша курстық жұмысты орындауға қажетті жылыту жүйесін есептеу және таңдау тәртібі, ғимараттың сыртқы қоршаулары арқылы жылу шығынын анықтау, қыздырғыш аспаптарды таңдап, олардың қыздыру аудандарын есептеу, сонымен қатар, сол өндіріс ғимаратына тиімді қазандықтарды таңдау әдісі келтірілген.
...