Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бульдозер-қопсытқыш қолдану аясы

Автор:   •  Сентябрь 16, 2021  •  Реферат  •  4,661 Слов (19 Страниц)  •  331 Просмотры

Страница 1 из 19

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ……………………………………………………………...1-2

Бульдозер-қопсытқыш қолдану аясы………………………………3-6

Бульдозер-қопсытқыш Жұмыс істеу принципі……………………6-8

Бульдозер-қопсытқыштарды жөндеу, техникалық күтім…………8-12

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………….12-13

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………..14

 

                                                              КІРІСПЕ

         Отандық құрылыстық жəне жол машиналарын жасау тек өткен ғасырдың 20-шы жылдары басталды. Қазіргі уақытта біздің өнеркəсіп іс жүзінде құрылыстың барлық түрлеріне қажетті машина мен механизмдердің барлық негізгі типтерін құрастырды жəне шығарады.

Қазіргі уақытта шағын механикаландырудың 2000 көбірек машиналары мен құралдарының типтік өлшемдері шығарылады. Сонымен қатар бар машиналардың параметрлері айтарлықтай шамада өсті [1,3,4,5].  

Құрылыстық жəне жол машина жасауды дамыту саласында өнеркəсіптік, тұрғын, ауыл шаруашылық, гидротехникалық жəне жол құрылысының жұмыстарының кешенді механикаландыруды қамтамасыз ету үшін машиналар жүйесін жасау мен шығару қарастырылады.

Кешенді механикаландыру деп барлық негізгі жəне көмекші ауыр мен еңбекті көп қажет ететін операциялар мен процесстер техниканың дамуының алдыңғы деңгейіне жауап беретін механизмдердің, машиналар мен жабдықтардың көмегімен орындалатын жұмыстарды ұйымдастыру түрін атайды.  

Соңғы жылдары кейбір салаларда құрылыстың жеке түрлерінің кешенді механикаландыруы, əсіресе автомобиль жəне темір жолдары, электр беру желілері, магистралдық құбырлар жəне т.б. сияқты сызықтық құрылыстары қарқынды дамытылып жатыр.

Жиынтық құрамында бастаушы, көмекші жəне резервтік машиналарды ажыратады. Бастаушы машиналар құрылыстық процесстің технологиялық өзара байланысқан операцияларын орындайды; оларға экскаваторлар, бульдозерлер, скреперлер, автогрейдерлер жəне т.б. сияқты машиналар жатады. Көмекшілер бастаушы машиналармен негізгі функциялардың орындалуына жəне олардың өнімділігінің артуына мүмкіндк туғызады, олардың қатарына бұта қырыққыштар, қопарғыштар, қопсытқыштар жəне т.б. кіреді. Резервтіктер құрылыстық процесстер қызмет істеу сенімділігін қамтамасыз етуге арналған. Жинақтық құрамындағы бастаушы машиналар реттілікпен, параллель жəне қиыстырып байланыса алады. Машиналарды реттілік байланыстыру кезінде олардың бірінің бос тұруы барлық жиынтықтың бос тұруына əкеледі. Параллель байланыстыру кезінде жеке машиналар бір-бірінен тəуелсіз жұмыс істейді, ал барлық жиынтықтың бос тұруының шарты барлық машиналардың бір уақытта бос тұруы болып табылады.Көмекші машиналар негізгілерге қатынасы бойынша реттілікпен де, параллель де байланысы алады.

                                                           1

Құрылыстағы кешенді механикаландыру жұмыстарын қолдану тиімділігін көтеру үшін машиналар мен жабдықтарда əрдайым жетілдіру қажет. Құрылыс машиналардың сапасын жоғарылатудың маңызды бағыттарының бірі олардың құрылыс процесстерін ішінара жəне кешендік автоматтандыруға ауысуын қамтамасыз ететін атқарушы жұмыс механизмдеріне арналған гидро- жəне электр жетек құрастырылымдарында кең қолдану болып табылады.

Негізгі жəне көмекші процесстерді кешенді автоматтандыру кезінде манипулятор мен роботтарды қолдану тиіс.

Жұмыстардың жеке түрлерінің кешенді механикаландырудың жоғары деңгейіне қарамастан құрылыстың қол жеткізген тиімділігі толығымен тағы да жоспарланған деңгейден артта қалып жатыр.

Айтарлықтай шамада ол техниканың төзімділігі мен сенімділігінің жеткіліксіз құрылыстық ұйымдардарда машина жиынтықтығын дұрыс емес қалыптастырудың нəтижесі болып табылады.

Кейде негізгі техника қажетті беріктілікті топырақты əзірлеуге жағдайы жоқ кездері болады. Көбінесе бұл берік жəне көтеріңкі беріктілікті топырақтарда болады. Мұндай жағдайларда бульдозер-қопсытқыш агрегаттар сияқты көмекші техникаларды қолдану жөн.

...

Скачать:   txt (51.6 Kb)   pdf (408.3 Kb)   docx (384.9 Kb)  
Продолжить читать еще 18 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club